Байланысты: Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)
АВТОР ТУРАЛЫ Профессор
Клаус Шваб 1938 жылы Германияның Равенсбург қаласында дүниеге келді.
Бүкілəлемдік
экономикалық форумның жəне халықаралық жеке мемлекеттік
бірлестіктің
президенті əрі негізін қалаушы. Форум өз кезегінде əлемдік, аумақтық
жəне
салалық күн тəртібіндегі жұмыстарын жүйелеуге əрі жетілдіруге атсалысатын ірі
бизнес
өкілдерінің, саяси көшбасшылардың жəне қоғам қайраткерлерінің басын
біріктіреді
. Аталған форум 1971 жылы Женева (Швейцария) қаласындағы штаб-пəтері
коммерциялық
емес қор ретінде тіркелді. Бұл – жеке мүддені көздемейтін тəуелсіз
алаң
.
1998 жылы профессор Шваб жұбайы Хильда екеуі Scwаb Foundation for Social
Enterpreneuѕhір атты əлеуметтік кəсіп ҚОрының негізін қалады. Аталған қордың
міндеті
– əлеуметтің жеке кəсіптерін анықтау, кеңейту жəне оны кеңінен таратудан
бастап
, жалпы əлеуметтің жағдайын əлемдік деңгейде жақсартуға дейін қол жеткізу.
Қор
өз кезегінде əлем бойынша 350 əлеуметтік кəсіпкер ұжымға қолдау көрсетеді.
2004 жылы Дэн Дэвидтің сыйақы қорынан, Шваб Forum of Young Global Leaders атты
тағы
бір жас көшбасшылар форумының негізін қалады (Жетекшілері 40 жастан
аспаған
). Жеті жыл өткен соң, 2011 жылы Global Shapers Community атты жастар
қауымын
құрды (20 мен 30 жас аралығындағы келешегі бар көшбасшылар үшін).
Аталған
екі ұйымның міндеті болашақта жас буынның қоғам мəселелерін шешумен
айналысатын
жобаларға толыққанды қоғам өкілі ретінде атсалысып, өз үлестерін
қосуға
мүмкіндік жасап, жол ашу.
Форум
құрылымындағы 600-ге жуық қызметкер Женева штаб-пəтерімен қоса Нью-
Йорк
, Бейжің жəне Токио қалаларындағы қосымша кеңселерде жұмыс істейді.
Жоғары
білімі бойынша инженер жəне экономист профессор Клаус Шваб Фрайбурс
университетінде
экономика ғылымдары жəне техника ғылымдары бойынша
Швейцариялық
федералды институтының докторы атағын қорғады жəне Гарвард
университеті
, Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің мемлекеттік басқару
саласы
бойынша магистрі атанды. 1972 жылы Женева университетінің оқытушылар
құрамындағы
ең жас профессорлардың бірі болды. Профессор Шваб көптеген
халықаралық
наградалармен марапатталды.
Ғылыми
жəне ұстаздық қызметінен бөлек, профессор Клаус Шваб бизнес саласында да
үлкен
тəжірибеге ие жəне ол ірі компаниялардың басқарма алқасының мүшесі. Бұдан
бөлек
, профессор Шваб БҰҰ-ның қалыпты даму бойынша консультативтік кеңес беру
ұйымының
мүшесі болумен қатар, Дамуды жоспарлау комитетінің вице-төрағасы
қызметін
атқарды.
Профессор
Клаус Шваб Швейцарияның Женева қаласында тұрады, екі баласы бар.