Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Энергетика және машина жасау институты
Жалпы физика кафедрасы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №8
Клеман-Дезорм әдісімен ауа үшін адиабат көрсеткішін анықтау
Зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Алматы
КЛЕМАН –ДЕЗОРМ ӘДІСІМЕН АУА ҮШІН АДИАБАТ КӨРСЕТКІШІН АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Клеман-Дезорм әдісімен жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау кезінде газдағы жүретін изопроцестерді зерттеу және ауа үшін қатынасын анықтау.
Керекті құрал-жабдықтар: шыны баллон, су манометрі, компрессор, секундомер.
1. ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ 1кг заттың температурасын 1К-ге қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері меншікті жылу мөлшері c деп аталады:
. Меншікті жылу сыйымдылықпен қоса молярлық жылу сыйымдылықты С қолданған ыңғайлы. 1 моль заттың температурасын 1К-ге қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері молярлық жылу сыйымдылық С деп аталады:
, (1)
мұндағы – зат мөлшері, М – молярлық масса.
Меншікті с және молярлық жылу сыйымдылықтардың С арасындағы байланыс:
,
орлардың өлшем бірліктері және .
Егер заттың көлемі V немесе қысымы Р тұрақты болған процесте тұрақты көлем кезіндегі ( және ) және тұрақты қысым кезіндегі ( және ) меншікті және молярлық жылу сыйымдылықтар болып ажыратылады.
және -ларды термодинамиканың бірінші бастамасынан анықтаймыз. Жүйеге берілген жылу мөлшері Q жүйенің (газдың) ішкі энергиясын өзгертуге ΔU және газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысына А жұмсалады:
немесе дифференциалдық түрде былай жазылады:
. (2)
Жұмыстың формуласын ескеріп:
(3)
және жылу мөлшерін (1) өрнектен 1 моль газ үшін термодинамиканың бірінші заңын мына түрде жазуға болады:
CdT=dUM+pdV . (4)
Изохоралық процесс кезінде ( ) газдың атқаратын жұмысы нөлге тең (А=0). Ал сырттан газға берілген жылу,газдың ішкі энергиясын арттыруға (өзгертуге) жұмсалады. Демек, массасы m газдың температурасын арттырған кезде оның ішкі энергиясы келесі шамаға артады:
. (5)
Осыдан, массасы m газдың температурасын арттырған кезде, оның ішкі энергиясы келесі шамаға артады:
. (6)
Егер газ изобаралық ( ) қызатын болса, онда (4) өрнекті мына түрде жазуға болады:
,
мұндағы процесс түріне тәуелді болмайды (идеал газдың ішкі энергиясы қысымға да Р көлемге де V тәуелді емес, тек температурамен анықталады) және ол әрқашан -ға тең. Тұрақты қысымда ( ) 1 моль газ теңдеуін дифференциалдасақ, онда универсал газ тұрақтысын аламыз, яғни:
.
Нәтижеде: . (7)
Бұл өрнек (7) Майер теңдеуі деп аталады. CP әрқашан да -дан универсал газ тұрақтысына R артық.
CP және жылу сыйымдылықтарын молекуланың дәрежелер саны і арқылы өрнектеуге болады (молекуланың кеңістіктегі орнын толық анықтайтын тәуелсіз шамалар саны). Оны молекуланың «еркіндік дәрежесі» деп те атайды.
1 моль идеал газдың ішкі энергиясы болса, онда:
, .
Термодинамикалық процесстерді қарастырған кезде әрбір газ үшін қатынасын арқылы белгілеу маңызды сипатқа ие:
. (8)
Молекулалардың еркіндік дәрежесі і деп, молекулалардың кеңістікте орынын анықтайтын тәуелсіз координаттар санын немесе молекулалардың кеңістікте қозғала алу мүмкіндіктер санын айтады: біратомды молекула үшін і=3; екіатомды молекула үшін і=5; үшатомды және көпатомды молекулалар үшін і=6.
Адиабаталық процесс теңдеуіне кіретін шамасы адиабаттық көрсеткіш деп аталады. Ол жүйе мен сыртқы орта арасында жылу алмасу болмайтындығымен ( ) сипатталады. Бірінші жуықтауда тез жүретін процестерді адиабаталық деп есептеуге болады.
Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың бірінші бастамасынан (2):
,
яғни сыртқы күштердің жасайтын жұмысы жүйенің ішкі энергиясының өзгеруі есебінен жүреді. Бұл теңдеуден (3) және (6) өрнектерін ескере отырып, мына өрнекті аламыз:
. (9)
Бұдан, газ көлемінің өзгеруі оның температурасының өзгеруімен қатар өзгеріп отырады. Минус таңбасы адиабаталық ұлғаю кезінде (dV>0) газдың салқындауын (dT<0), ал адиабаталық сығылу кезінде (dV<0) қызуын (dT>0)көрсетеді.
Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін дифференциалдап, мына теңдеуді аламыз: .
Алынған теңдеуді (9) өрнекке бөліп және (7) және (8) өрнектерді ескеріп келесі өрнекті аламыз: .
Бұл теңдеудің екі жағын P1-ден P2 дейін және V1-ден V2 дейін интегралдап төмендегі теңдеуге келеміз:
. (10)
1 және 2 еркін таңдап алынған күйлер, сондықтан жалпы жағдайдағы адиабаталық процесті мына түрде жазуға болады:
. (11)
Бұл теңдеуді (11) Пуассон теңдеуі деп атайды. Изотермиялық процесс теңдеуі:
PV = const.
(11) теңдеудегі адиабаталық көрсеткішті Клеман-Дезорм әдісімен тәжірибе жүзінде анықтауға болады.