Цитоплазма ішінде бір – бірімен тығыз байланысқан түтікшелердің, вакуольдердің, цистерналардың жиынтығынан тұратын күрделі жарғақшалар. Екі түрі бар: түйіршікті, тегіс бетті.
Қызметі: 1.Түйіршікті ЭТ рибосоманың болуына байланысты ақуыз синтезіне қатысып, жасушаның қажетті жеріне тасымалдайды.
2. Липидтердің, гликогеннің синтезіне қатысады.
Рибосома
Рибосома – жасушаның ақуыз биосинтезіне қатысады.
Рибосома рибонуклеин қышқылы мен ақуыздан тұрады (50 – 63%)
Қызметі: 1. Ақуыз синтезіне қатысады.
2. ЭТ жарғақшасындағы рибосомалармен бірігіп, полирибосома құрайды. Олар жасуша тіршілігіне қажетті ақуызды синтездейді.
3. Митохондрия мен хлоропласттағы рибосомалар олардың құрылыс қызметін атқарады.
4. Магний менкальций болуына байланысты зат айналым процесіне қатысады.