Климаттың өзгеруі қазіргі таңда ғаламдық проблемаға айналып отыр. Климат Жердің геологиялық тарихында күшті өзгерістерге түскен. Оған Күннің қарқынды сәуле шашуы, геомагниттік өріс әсерінің күшеюі, атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ғасырлық өзгерістер, соңғы ғасырлардағы адам әрекетінің ерекше қарқын алуы және т.б. себепші болуда. Климат өзгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа температураның жоғарылауынан (0,5С – 1 С), “жылыжай эффектісінің” белең алуынан, кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерінің күрт артуынан немесе керісінше күрт азаюынан, кейбір мұхит ағыстарының бағыты мен қасиетінің өзгеруінен айқын көрінеді.