Жер бетінің бірден жылынып кетуінің алдын алу үшін, СО2 концентрациясының көлемін индустриалды кезеңге дейінгі көлеміне дейін азайту керек —350 бөлік миллионға (0,035 %) (қазір — 385 бөлік миллионға, сарқылатын жанармайларды жағудан және орманды кесуден жылына 0,0002 % артып отырады).
Климаттың өзгеруі адамның денсаулығына, экономикаға, орман, су ресурстарына, биоалуантүрлілікке, ауыл шаруашылығына және т.б. әсер етеді
Цемент өнеркәсібі
СО2 көп мөлшерде бөлінуінің басты себептерінің бірі цемент өнеркәсібі болып табылады. Цемент құрамындағы кальций оксидін (СаО) алу үшін кальций карбонатын (CaCO3) қыздырғанда көмірқышқыл газы пайда болады. Цемент өндіру СО2 бөлінуінің шамамен 5 % құрайды.