Клиникаға кіріспе



бет8/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Байланысты:
КК-Методичка стом 2к прак-каз

Оның міндеттері:

  • тамақ сапасын анализдеу, дұрыс сақталуын бақылау

  • Дәрігер диетологтың басқаруымен күнделікті ас мәзірін тамақ картотекасына
    сәйкестігін қүрастыру.

  • Диеталардың химиялық кұрамын және энергетикалық құндылығьн санау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық тәртібі.

  1. Аурухананың тамақ блогы құрылысы, мазмұны, тамақ дайындауын қатаң кадағалау қажет.

2Тамақ блогында көзге көрінетін жерде «Санитарлық ереже« ілініп түрады. Тамақ блогы, үлестіру бөлмесі және буфеттердің жүмысшыларын инструкцияға қатысты медициналық қараудан өткізіледі.

  1. Тамақ блогы қызметкерлері тек қана санитарлық минимумнан сынақ тапсырғаннан кейін гана жіберіледі

  2. Тамақ блогы бөлімшесінде асхана ыдыстарын жууға катаң тыйым салынады.Бүны тек қана бөлімше буфеттерінде жуады.

  3. Тамақ блогы және буфет құрал-жабдықтары аурухана және емхана табельдері құрал-жабдықтарына сәйкес керек.

  4. Орталықтандырылған тамақ заттарын тасымалдау болмағанда және нақты әкелуге арнайы транспорт жылына бір рет паспортизациядан өтеді.

  5. Аурухана бөлімшелеріндегі буфеттер қамтамасыз етілуі тиіс:

  • суық жөне ыстық су

  • екі секциялы жуғыш ванналар, олар канализацияға қосылған, ыдыстарды шаятын және кептіретін сеткалар.

  • Тамақты қыздыратын электроплита

  • Ыдыстарды, тамақтарды сақтайтын шкафтар (нан,тұз,қант)

  • Бір науқасқа шаққанда ыдыс жиынтығы

  • Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар

  • Жинастыратын заттар (шелк, ветошь,щеткалар)

  • Таңбаланған «буфетка арналған«

  • Дайын болған тамақты екі сағат ішінде тасу керек.

  • Науқастарға тамақты буфетші немесе бөлімшенің кезекші медбикесі таратады

  • Бөлімшелердің барлық науқастары асханада тамақтанады. Науқастардың тамақтары (үйден келген шкафта, сөрелерде (құрғақ тамақтар) ал тез бұзылатын тоңазытқышта сақталады

  • Порционникті және порционник талаптарын құрастыру

  • Дәрігер науқасқа диетаны тағайындап немесе болдырмау жөне ауру тарихына стол нөмірі жазылады

  • Палата медбикесі тағайындау парағына диета туралы мәліметтерді таңдайды

  • Медбике порционникті 2 экземплярда жасайды

  • Онда стол туралы мәлімет және науқастар залы және оларды қабылдайтын.Бір экземплярды бөлімшенің аға медбикесіне тапсырады ол басқасын таратушыға берілген порционникте палата нөмірі, аты-жөні,наукастың тамақтанатын орнын көрсетеді, асхана, палата.

  • Порционникті аға медбике таңертең ұсынады. Науқастар саны, емдік столдар туралы мәліметтерді береді. Порционникті аға медбике және бөлімше меңгерушісі талаптар жазады. Таңертең қүжаттарды аурухананың диеталық мейіркешіне береді.

Науқастарға тамақ үлестіру

  • 1 Тамақты бөлімшеде буфетші және палата медбикесі таратады. Ыстық тамақ, температурасы 60С, ал суық тамақ 15С төмен болмау керек.

  • 2 Жалпы тәртіптегі науқастар асханада тамақтанады.

  • 3 Төсектегі науқастарға тамақты палатаға арнайы столдарда әкелінеді.

  • 4 Тамақты үлестірмес бұрын медбике таңбалаңған халат киіп, қольн жуады.

  • 5 Бөлімшелерді жинайтын санитаркалар тамақ үлестіруге жіберілмейді.

  • Қалған тамақ қалдықтарын және лас ыдыстарды науқастың жанына қалдырмау қажет.

  • Науқастарды тамақтандыру.

  • Белсенді, енжар және жасанды түрлері болып бөлінеді.

Егерде науқас өзі тамақтанатын болса жалпы тәртіп, бос қозғалатын, оған тамақ ішетін жерді көрсетіңіз. Егерде науқас өздігінен палатада тамақтанса (палаталық немесе төсектегі тәртіп) алып келген тамақтың, сырткы түріне, оның тем- сын бақылаймыз. Тамақты подносқа салып әкелген жөн. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды жинап, керует маңындағы стол немесе сөрелерді сүртеміз. Егерде науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса( қатаң төсек төртіп).
науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек, физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.
Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.
Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)
Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін .
Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.
Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.
Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру.
Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет