Клиникаға кіріспе


Науқастың іш киімдерін ауыстыру



бет4/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
КК-Методичка стом 2к прак-каз

Науқастың іш киімдерін ауыстыру.
Ауыр науқастың іш киімін ауыстыруды мейіркеш қолдарын сырқаттың сегіз көзі астынан көйлектің етегін қамқыра үстап оны жайлап басына қарап ысырады. Осыдан кейін оның қолдарын босатады. Сырқатты осы әдіске керісінше тәртіппен киіндіреді, алдымен көйлектің жеңін кигізеді, содан кейін оны басынан өткізіп, түзетіп кигізеді.
Тері күтімі.
Сырқатты, әсіресе ауыр науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен түтастығы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жүмсақтығы мен серпінділігін сақтау үшін май жөне тері бездері функциясының маңызы зор. Алайда май мен терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен, термен бірге теріге шаң, микро организмдер де жиналады. Тері кірлеуінен ол қышиды, одан сызылған, қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің түтастығы бүзылады. Бүл, өз кезегінде, терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына көмектеседі. Осыған байланысты мейіркеш сырқаттың жеке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және оларға теріні таза сақтау жөніндегі қажетті әрекеттерді орындауға көмектеседі.
Мейіркеш өз аяғымен жүрген сырқаттың төсек-орнын, жапқыштары мен іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу графигін жасап орындауы тиіс. Науқас аптасына бір рет гигиеналық ванна, душ қабылдауы тиіс. Төсек тартып жатқан сырқаттарды 0,1% сірке қышқылы, ерітіндімен дезинфекциялап күнделікті сүрту қажет, ерітіндіні қолдану алдында қыздыру керек. Ерітіндісі бар ыдысты ағып жатқан ыстық судың немесе орталық жылу беру батареясына қояды. Егер бөлімшеде мүндай ерітінді болмаса, оны өздері жасауына болады. 0,5л жылы суға 1-2 ас қасық сірке суын, иіс су немесе спирт қосады. Егер бөлмеде бүл да табылмаса, теріні жылы сумен сүртуге де болады.
Сырқаттың терісін сүрту үшін сүлгінің бір шетін дезинфекциялайтын ерітіндіге малып, жайлап қысады да онымен мойнын, қүлағының сыртын, арқасын, көкірек клеткасының алдыңғы жағын және қолтық астын сүрте бастайды. Әсіресе емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше назар аударған жөн, себебі толық және өте терлегіш әйелдердің сол жерлері иістенуі мүмкін. Содан кейін теріні осы тәртіппен қүрғата түседі.
Ойық жара дегеніміз үстіңгі, ал кейде, терендеп жайыла түсетін беткі тканьнің жансыздануы. Ойылған жерлер әдетте сегіз көздің, жауырынының, үлкен үршықтық, шынашақтың түсына, жүйкеде, тізеде пайда болады. Ойықтың үлкеюінің негізі-сырқаттың қиын жағдайда жатып, қан айналымының бүзылуы.
Ойықтың бірінші белгісі-терінің бозарып, содан кейінгі қызаруы, ісінуі мен эпидермистің сьщырылуы, одан әрі терінің үлбіреуі мен шіруі. Ауыр жағдайларда тек жүмсақ ткань ғанат емес, шеміршек пен суйек те жансызданады. Оған инфекцияның енуі сепсиске алып келеді де, өлуіне себеп болады.
Ойықтарды болдырмау үшін оның профилактикасын дүрыс жасау қажет, оның негізгі элементтері мыналар:
1. егер сырқат жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту.
2. қиқым-сиқым болмауы үшін оның төсегін күніне бірнеше рет сілкіп салу.
3. Төсек жапқыш пен ішкі киімдері бүктеліп қалмау.
4. Көп уақыт шалқасынан жатқан ауыр науқас астына жастық тысына кигізілген үрленген резеңке дөңгелекті кигізіп, сырқаттың сегіз көзіне дөңгелектің тесігі турасынан келетіндей етіп салу.
5. Терісін күнделікті мына дезинфекциялайтын ерітінділердің біреуімен сүрту, камфора қоспасы, камфора спирті, этил спиртінің 40", 0,5"нашатыр спирті ерітіндісі, иіс су,сірке су ерітіндісі, салицил спирті,ал олар табылмаса, жылы сумен жуып, одан кейін қүрғата сүртеді.
6. Терінің гиперемиясы болған кезде белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні қүрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау,
7. Терінің қызарған жерін күніне 1-2 рет 5 немесе 10" калий перманганат жағу.
Ойық жараның емдеуі. Күлдіреген жерлерге 5-10" йод, 1" калий перманганат, бриллиант көгінің спирттегі 1" ерітіндісін жағады, содан кейін қүрғақ таңғыш салады. Шіріген жер шектелгенде өлі тканді алып тастап, жараны 1" салфеткамен жабады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет