Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет6/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
дневник бакалавра кл практики (1)

10







02.12.21

Ойылу және алдын алу
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.
4. Резеңке шеңберлер қолдану.
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.





20







02.12.21

Емшара бөлмесін күнделікті,қорытынды жинастыру
Бөлмені күнделікті жинастыру
1.Косынканы байлап, халатты, алжапқышты резенке қолғабын киемін.
2.Ертінділердің біреуін дайындаймын.
3.Бөлмелерді бір реттік ветощпен стол,терезе алды, кушетка т.б жерлерді дымқыл жиыстыруды жасаймын.
4.Сабынды ертіндімен сол ретпен жуамын
5.Таза сумен бәрін шайып шығамын.
6.Залалсыздандырылған ветошпен жақсылап құрғатып сүртемін.
7.Таза халат, киіп жихаздар мен құрал жбдықтарды орнына қоямын.
8.30 минутка бактероциттік лампаны қосу қоямын.
9.Бөлменің ауасы тазаруы керек.
10.Жинастыру инвентарларын зарарсыздандыру тряпка мен ветошты дез ертіндіге 1 сағ бөлек ыдысқа салып қойып, сонан соң шайып кептіремін..
Бөлмелерді қорытынды жинастыру.
1. Косынканы байлап, халатты, алжапқышты резенке қолғабын киемін.
2.Ертінділердің біреуін дайындаймын.
3.Бөлмелерді даярлау жардан жихаздар мен құрал жабдықтарды ысырамын.
4.Зарарсыздандыру ертіндісінің бірімен суланған ветошты заттарды құрал жабдықтарды сүртемін. Жарларға төбені, еденді зарарсыздандыру ертінділерін шашып 1 сағ тастймын.
5. Сабынды ертіндімен сол ретпен жуамын.
6. Таза сумен бәрін шайып шығамын.
7. Залалсыздандырылған ветошпен жақсылап құрғатып сүртемін.
8. Таза халат, киіп жихаздар мен құрал жбдықтарды орнына қоямын.
9. 2 сағатқа бактероциттік лампаны қосамын.
10. Бөлменің ауасы тазаруы керек.
11 Жинастыру инвентарларын зарарсыздандыру тряпка мен ветошты дез ертіндіге 1 сағ бөлек ыдысқа салып қойып, сонан соң шайып кептіремін.
№111 бұйрыққа сәйкес қолды өңдеу
1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешемін.
2. Қол терісінің бүтіндігін тексеремін.
3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораймын.
4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-40С) реттеймін Ол шүмекте орналасқан микроорганизм-дермен қолдың жанасуын қорғайды.
5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуамын:
- алақанды алақанмен;
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; - алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;
- оң қолдың саусақтарының сыртқы
беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеймін;
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.
Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.
6. Қолымды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шаямын.
7. Шүмекті қолымме оң немесе сол шынтағымен жабамын.
8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатамын. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабамын.
Стерильды қолғапты кию
1. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартып, тері антисептикпен қолымды өңдеймін.
2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазамын.
3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен аламын. Саусақтар қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгіземін.
5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киемін.
6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргіземін, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.
7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаймын.
8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгіземін.
9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киемін.
10. Сол қолғаптың қайырмасын жазамын, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартамын.
Қолғапты шешу
1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаймын.
2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаймын.
3. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешемін
4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаймын
5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаймын.
6. Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешемін.
7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет