ШЖК КМК «Атырау жоғары медициналық колледжі»
Клиникалық практика күнделігі
Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық
мейіргерлік күтім»
Мамандығы «Мейіргер ісі»
Біліктілігі «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
1 курс № 2 топ 2 топша
Клиникалық практика өткен медициналық ұйым атауы
____________________________________________________________
(медициналық ұйым атауы, бөлімше)
Блімі алушы Мнажатова Ділназ
(аты жөні)
Ментор _______________________________________________________
(аты жөні,лауазымы)
Оқытушы/ тьютор Успанова Н Ж
(аты жөні,лауазымы)
Атырау 2020
Күні
|
Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі
|
манипуляция тізбесі және олардың саны
|
Баға
|
Ментор қолы
|
25.11.21
|
1). Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру басшылықка алынатын бұйрықтар
Қабылдау бөлімі аурухананың өте маңызды бөлімшесі болып табылады.
Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері
1.Науқастарды қабылдау және тіркеу
2.Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;
3.Антропометрия жүргізу;
4.Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;
5.Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
6. Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау.
Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.
Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:
1. Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал –ф. №001/у.
2. ф. №003/у.3. ф. №066/у.
4. ф. №058/у.5. ф. №060/у.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 |у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.
2) Науқастарды зембілмен тасымалдау
Зембілмен тасымалдау кезіндегі ережелер:
1. Науқас болатын жағдайлардан хабардар болуы керек
2. Науқасты құлатып алмастай көлденең күйде ұстап тұрып носилканы абайлап көтеріп қою
3. Науқастың басын алдыға ұстап носилканы теңселтпей жүру керек
4. Артта келе жатқан адам науқастың жағдайын бақылап оның жай-күйі жайлы сұрастыруы керек
5. Сатымен көтерілгенде зембілді бас жағымен алға қарай,төмен жағын көтеріп шығарады
6. Сатымен түскенде аяғын төмен қаратып,зембілдің аяқ жағын көтере тасымалдау керек
7. Егер медперсоналар шаршаса бір-бірімен ауысып отыруы керек,себебі зембіл құлауы мүмкін.
3) Науқастарды каталкамен тасымалдау
-Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қойып, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болады.
-Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрып; біреуі науқастын басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстаймын.
-Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрыламын.
-Науқасты каталкаға жатқызып және оны жабамын.
-Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімшеге жіберілді деп хабар беремін.
-Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібердім.
4) Науқастарды отырғыш каталкамен тасымалдау
-Аяққа арналған тірегішті басып отырғыш - каталканы алға қарай енкейттім.
-Аяққа арналған тірегішке науқастын тұруын сұрап, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғыздым.
-Отырғыш-каталканы түпкі қалпына келтірдім.
-Тасымалдағанда қадағаладым. Науқастың қолы отырғыш- каталканың шынтақ сүйектін маңынан шыққан жоқ.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |