Нәтиже бағасы: Несептегі кетон денелерін жолақтың шкаладағы түске ең сәйкес келген түспен анықтайды.
Клиникалық мағынасы:
Кетонурия қантты диабетінде, ашқарында, көмірсусыз диетада анықталады.
Су минералдар алмасуы
КАЛИДІ АНЫҚТАУ
Мақсаты: Қан сарысуында калий денгейін анықтау
Көрсеткіші: дәрігер жолдамасы
Ресурстар. №1 Реагент монореагент – тетрафенилборат, NaOН, детергенттер, стабилизаторлар, Калибратор; прибор КФК, лабораториялық ыдыстар, химиялық пробиркалар, пипеткалар, өлшем колбалары, дистилденеген су.
Әдістің принципі: Реакциондық қоспаға қосылған кали иондары тұрақты суспензияны пайда етеді. Суспензияның лайлануы калий иондар концентрациясына пропорционалды болып келеді.
Іс-қимыл - алгоритмі:
Ингредиенттер Сынама Эталон Бақылау
Қан сарыссуы 0,05 – -
Бидистилденген су - - 0,05
Калибратор - 0,05 -
Монореагент 2,0 2,0 2,0
Араластырады және 18-25 оС-та 5 минут инкубациялайды. Қайтадан араластырады және сынама мен эталонның оптикалық тығыздығын бақылауға қарсы өлшейді. Толқын ұзындығы 590 нм, қызыл светофильтрда.
Нәтиже бағасы: С=Есын/Екал*5(ммоль/л).
НАТРИДІ АНЫҚТАУ
Мақсаты: қан сарысуында натри денгейін анықтау
Көрсеткіші: дәрігердің жодамасы.
Ресурстар: №1 Реагент Буфер – Трис, криптанд, активаторлар, хелаторлар, №2 Реагент Стандартный реагент – ONPG, №3 Реагент Лиофилизат – В-галактозидаза, №4Реагент стоп реагент – гуанидин гидрохлорид, Калибратор;
КФК приборы, лабораторялық ыдыстар, химиялық пробиркалар, пипеткалар, өлшем колбалары, дистилденген су.
Әдіс принципі: натрий иондары Na-тәуелді В-галактозидазаларды белсендіреді. Белсенді фермент ONPG галактозаға дейін және боялған о-нитрофенолға дейін ыдыратады. Инкубацияланганнан кейінгі бояу қанықтығы фермент белсенділігіне пропорционалды және сондайақ зерттелетін үлгінің натрий концентрациясына да. ONPG ыдырауының жылдамдығы сынамадағы натрий концентрациясына пропорционалды болып келеді, ол толқын ұзындығы 420 нм-да оптикалық тығыздықты ұлғайтуда жалғанкинетикалық екінүктелі әдіспен өлшеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |