IV. Циль-Нильсен әдісі бойынша сүртінділерді бояңыз Препараттарды бояу техникасы Фиксацияланған сүртінділері бар заттық әйнектерді олардың нөмірлері бойынша тіреуішке сүртінді әйнектің үстінгі жағында, ал нөмірі зертханашыға бұрылып тұрсын деп орнатыңыз. Заттық әйнектер бір біріне тимеуге тиіс, бір бірінен 1 см. қашықтықта орналасады.
Циля карбол фуксинның жұмыс ерітіндісімен әйнекті жабатын сүзгі қағаздың үстін жабыңыз. Сүзгі қағаздың жолашағы бояу жасайтын ерітіндіні ұстайды және сүртіндіде фуксин кристалдардың бөлініп шығуының алдын алады
Сүртінділері бар әйнектерді спиртовка отында немесе спиртке малынған мақта тампонқа баяу жылытыңыз (буындардың пайда болуына дейін). Бояу ерітіндіні қайнатуға дейін немесе заттық әйнекте кебуін жібермеу керек.
Қышқашпен сүзгі қағазды алып тастаңыз және оны қалдықтарға арналған ыдысқа лақтырыңыз
Ақырын шыныларды сумен шайыңыз олардан артық карбол фуксинды алып тастау үшін
Заттық әйнектерден артық суды, оларды шайғаннан кейін құйып тастаңыз. Сүртінді қызыл түске боялуға тиіс
Өңсіздендіру Сүртінділері бар заттық әйнектерді 25% сірке қышқыл ерітіндісімен немесе қышқыл-спирт ерітіндісімен жағыңыз және 3 минутке қалдырыңыз одан кейін қызыл түс толық кетуге тиіс
Ақырын сумен сірке қышқылын немесе қышқыл спиртын жуыңыз