Белоктар химиясы Белоктар алмасуы
БАҚЫЛАУ ЕРТІНДІЛЕРІН ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
1. 3% сульфасалицил қышқылы
2. зәр белогінің бақылау ертіндісі
3. 0,9% натрии хлор ертіндісі
4. пробиркалар
5. сүзгі қағаздар
6. белок ертіндісі бар флакондар
7. ФЭК аппараты, кюветалар
Іс-қимыл алгоритмі:
1. Зерттеу үшін қолданады 3% сульфасалицил қышқылының ертіндсі, оны көк түсті сызығы бар сүзгі қағаздан сүзеді.
2. Зерттеуді 20-25◦С та жүргізеді. Алдын ала сульфасалицил қышқылын 20-25◦С ұстау қажет.
3. Қолданар алдын белок ертінділерін қолмен араластырады ол үшін флаконды 5-6 рет аударып-төнкеріп араластырады.
4. Химиялық пробиркаларға 1,0 мл зәр белогінің бақылау ертіндісін құяды және 3% сульфасалицил қышқылының 3,0 мл қосады.
5. Кейін пробирканы деру сілкіп араластырады. Соңынан сынаманы араластыруға болмайды.
6. 15 минуттан кейін сынаманы араластырмай 5 мм фотокалориметр кюветасына құядыда толқын ұзындығы 590-650 нм оптикалық тығыздығын өлшейді.
7. Салыстыру ертіндісі: 12,0 мл 0,9% натрий хлор ертіндісі және 3,0 мл 3% сульфасалицил қышқыл ертіндісі.
БЕЛОКТАРДЫ АНЫҚТАУ
Мақсаты:
- белоктарды анықтау (биурет реакциясы, ксантопротеин, нингидрин
реакцияларын)реакцияларымен танысып анықтау әдістерін үйрену;
- белоктардың химиялық құрамын зерттеу;
- белоктардың аминқышқыл құрамын зерттеу;
- белоктар химиясын зерттеу әдістерінің мағынасымен танысу
Көрсетпелер:
- белоктар химиясының білімін тереңдету, бекіту
Белоктар химиясы. Белоктар химиясының құрамын зерттеу және оларды табуда екі реакция тобы бар олар: түрлі-түсті және тұндыру реакциялары.
Түрлі-түсті реакциялар. Түрлі-түсті реакциялар заттың белоктық құрамын зерттеу, белоктарды идинтификациялау және әртүрлі биологиялық сұйықтықтарда олардың аминқышқыл құрамын анықтау үшін қолданылады. Клиникалық лабораториялық практикада бұл әдістер қан плазмасында белок мөлшерін, несепте және қан құрамында аминқышқылдарын анықтауда, жаңа туған нәрестеде зат алмасудың тұқымқуалаушылық және арттырылған бұзылыстарын анықтау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |