ЗӘРДЕ КЕТОН ДЕНЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ
Мақсат: зәрдің сынамасында кетонурияның сапалы анықтауына дағдыларды қалыптастыру
Зерттеу әдістері: химиялық, Ланга сынамасы.
Принципі: натрий нитропруссиды сілтілі ортада кетон денешіктермен байланысады қызыл-күлгін түс жинағын құруымен.
Материалдық ресурстар:
Центрифугалық сынауықтар
5,0 мл,1,0 мл.тамшуырлар
Құм сағаты 3 минутке
Сынауықтарға арналған тағандар
Реактивтер:
5% нитропруссид натрий ерітіндісі / зерттеу алдында дайындалады/
Қойылтылған сірке қышқылы.
25% су аммиак ерітіндісі
Басқа пайдаланатын материал:
Медициналық қолғаптар
Зарарсыздандыру ерітінділері
Қалдықтарға арналған ыдыс
Шыны бойынша қарындаш
Талдау бланктері
Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы
Іс-қимыл алгоритмі:
Центрифугалық сынауыққа зәрдің 3 мл.құйыңыз
Натрий нитропруссидтың 0,5 мл. және қойылтылған сірке қышқылдың 0,5 мл.құйыңыз
Араластырыңыз
Қабырға бойынша аммиак ерітіндінің 1,0 мл.қабаттаңыз
Нәтижені бағалаңыз: сынама оң, егер 3 минут ішінде аммиак шегінде қызыл күлгін түсті сақина пайда болса
Талдау бланкін жазып беріңіз
Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: сынама теріс
Зерттеуді түсіндіріңіз
Кетон денешіктердің арта түсуі ауыр қантты диабет, ұзақ ашығу , кахексия, қызба, көмірсуларсыз тамақ, гиперинсулинизм акромегалиясы, бүйрек глюкозуриясы, жұқпалы аурулар және уланулар, операциялардан кейін болатын жағдайларда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |