Жаңа туғандардағы физиологиялық сарғаюы бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен билирубин коньюгация механизмдердің транзитарлық жеткіліксіздігімен байланысты. Билирубинурия байқалады: ұлпалық сарғаюлар кезінде ( Боткин ауруы, бауыр циррозы, токсико-аллергиялық гепатиттер); өт ағып шығуының бұзылыстары (обтурациялық сарғаюлар).
Ескерту: Фуше сынамасы сезгіш және ерекшелігімен күмәнді жағдайларда бақылау үшін ұсынылады.
ЗӘРДЕ УРОБИЛИНДІ АНЫҚТАУ
Мақсат: зәрдің сынамасында уробилинурияны сапалы анықтау дағдыларын игеру
Зерттеу әдісі: химиялық, Богомолов сынамасы. Принципі : уробилин мыс сульфатымен қызғылттау түсті қоспаны жасайды .
Материалдық ресурстар: Химиялық сынауықтар