Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет40/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111
Байланысты:
стандарттар

ЛЕЙКОЦИТАРЛЫҚ ФОРМУЛАНЫ ЕСЕПТЕУ


Мақсат: лейкоциттердің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу, лейкоциттердің әр түрлі түрлерін дифференциялау дағдыларын қалыптастыру, есеп техникасын меңгеру
Зерттеу әдісі: микроскопиялық. Принципі: қанның құрғақ фиксацияланған және боялған сүртінділерін микроскопиялау лейкоциттердің әр түрлі нысандарын дифференциялаумен .
Материалдық ресурстар:

    1. Микроскоп

    2. Лейкоцитарлық формуланы есептеу үшін санауыш

Реактивтер:

    1. Иммерсионды май

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Зарасыздандыру ерітінділері

  2. Қалдықтарға арналған ыдыс

  3. Талдау бланктері

  4. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:
1.Кіші көбейту астында /окуляры 7,10,объективі 8,10 / қанның боялған сүртіндінің жиегін табыңыз
2. Иммерсионды майдың тамшысын құйыңыз және әйнекті тимей иммерсионды объективті /×90, ×100/ауыстырыңыз ол майдың тамшысына малсын, конденсор көтерілген
3.Шағын винт арқылы жасушалардың нақты көрілуін қамтамасыз етіңіз
4.Санауыш арқылы жасушаларды белгілеп, лейкоциттердің дифференциялауына кірісіңіз
5.100 жасушадан кем емес санаңыз, сүртіндінің бір жағында 50 жасуша және басқа жағында 50 жасуша, ережелерді сақтап, Миандра жолы-зигзаг бойынша шыныны жылжытып:
а) сүртіндінің жиегінен көрудің 2-3 аумағын жылжытыңыз;
в) сүртінді жиегіне бойы көрудің 2-3 аумағын санау керек;
с) кейін сүртінді ортасына қарай тік бұрышта көрудің 2-3 аумағы;
d) тағы сүртінді жиегіне қатар көрудің 2-3 аумағы;
е) кейін сүртінді жиегіне қарай тік бұрышта көрудің 2-3 аумағы
6. Талдау бланкін жазып беріңіз
7. Талдауды нормамен салыстырып,бағалаңыз
Қалыпты лейкоцитарлық формула:
Ересекте

  • эозинофильды гранулоциттер 1 – 4%

  • базофильды гранулоциттер 0 – 1%

  • таяқшаядролы нейтрофильді гранулоциттер 0 – 4%,

  • сегментядролы нейтрофильді гранулоциттер 47 – 72%

  • лимфоциттер 18 – 40%

  • моноциттер 2 – 9%

Балалардағы ерекшеліктер

  • туғанда нейтрофилдердің және лимфоциттердің арақатынасы ересектерде сияқты, нақтырақ орташа 65% нейтрофилдер және 25% лимфоциттер;

  • туғаннан кейін нейтрофилдердің пайызы азаяды, ал лимфоциттердің пайызы өседі, 5 күнге (өмірдің 3-7 күніне) екі сан теңеледі. Бұл «лейкоциттердің алғашқы түйісуі»;

  • лейкоциттердің алғашқы түйісуінен кейін лимфоциттер саны көбее жалғасады, ал нейтрофилдер саны азаяды өйткені бірінші жылдың соңына лимфоциттер максималды санға жетеді – 65%, ал нейтрофилдер минималды санға жетеді – 25%.

  • бір жыл өткен соң лимфоциттер саны тағы азаяды, ал нейтрофилдер саны арта түседі, 5 жылға (үшінші-бесінші жылға) «лейкоциттердің екінші түйісуіне» жетеді, нақтырақ мөлшерлердің жаңа теңестірілуіне.

  • Жыныстық жетілгендік кезеңіне орта, ересек үшін қалыпты мөлшерге жетеді.

8.Зерттеуді түсіндіріңіз
Лейкоцитарлық формуланың өзгеруі көптеген ауруларға тән және олар сирек емес спецификалы емес болып табылады. Осыған қарамастан зерттеудің диагностикалық маңызы кең, ол жағдайдың ауырдығы, терапияның тиімділігі туралы түсінік береді.
Гемабластаздар кезінде бласт жасушалардың табылуы жіті лейкоздың диагнозы үшін тірек болып табылады.
Жұқпалы аурулар кезінде лейкоцитарлық формуланың өзгеруі келесі сұлбамен өтеді:

  • Аурудың жіті кезеңінде нейтрофильді жасушалардың арта түсуі басталады және солға қарай жылжуы (нейтрофильды фаза);

  • Жіті құбылыстар бәсеңдесе нейтрофилдер және солға қарай жылжуы азаяды. Ал моноциттер арта түседі (моноцитарлық қорғаныс фаза);

  • Сауығу кезеңінде лимфоциттер және эозинофилдер арта түседі (лимфоцит-эозинофил фазасы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет