Эритроцитте гемоглобинның орташа құрамын есептеу Мақсат: перифериялық қанның эритроциттерінде (СГЭ) гемоглобинның орташа құрамын есептеу
Зерттеу әдісі: есеп. Көрсеткіш пикограммдарда (пг.) бір эритроцитте гемоглобинның абсолюттық құрамын көрсетеді.
Материалдық ресурстар: Калькулятор
Эритроциттер саны және гемоглобинның концентрациясы бар талдау бланкі
Іс-қимыл алгоритмі: г/л-да қандағы гемоглобин концентрациясын бланктен жазып алыңыз.
Формула бойынша СГЭ есептеңіз, н.р гемоглобин 120г/л, эритроциттер 4,0∙1012л:
Нормасы: 24 – 33 пг.
Қанның түс көрсеткішін есептеу Мақсат: түс көрсеткішін есептеу (ҚТК).
Зерттеу әдісі: есеп. Көрсеткіш бір эритроцитте гемоглобинның салыстырмалы құрамын көрсетеді.
Материалдық ресурстар: Калькулятор
Эритроциттер саны және гемоглобинның концентрациясы бар талдау бланкі
Зерттеу барысы: г/л-да қандағы гемоглобин концентрациясын бланктен жазып алыңыз.
Миллионда қандағы эритроциттер санын бланктен жазып алыңыз
ҚТК келесі формула бойынша есептеңіз Н.р.: Hb – 120г/л., эритроциттер – 4,01012л.
Нормасы: 0,85 – 1,05
4.Зерттеуді түсіндіріңіз
СГЭ және ҚТК көрсеткіштерінің төмендеуі гипохромияны көрсетеді және теміртапшылықты анемиялар кезінде байқалады.
Арта түсуі макроциттік анемия және ерекшелігімен мегалоцитарлық анемиялар кезінде байқалады.
ҚАН СҮРТІНДІЛЕРІН ДАЙЫНДАУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсат: қан сүртінділерін дайындау дағдыларын қалыптастыру