Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық


II. Химиялық зерттеулерді өткізіңіз



бет58/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111
II. Химиялық зерттеулерді өткізіңіз
Сульфосалицил қышқылмен ақуызды анықтаңыз
Принципі: ақуыз сульфосалицил қышқылмен араласқанда бұлыңғырлануды береді, оның қарқындылығы ақуыздың концентрациясына пропорционалды.

  1. 1500/айн айналым кезінде 5 минут ми-жұлын сарысуды центрифугалаңыз

  2. Химиялық сынауыққа центрифугаланған ми-жұлын сарысудың 1,25 мл. құйыңыз

  3. 3% сульфосалицил қышқыл ерітіндінің 3,75 мл. қосыңыз

  4. Араластырыңыз. Экспозициясы 5 минут

  5. Толқынның 590 – 670 нм. ұзындығы кезінде колориметрлеңіз (қызғылт сары немесе қызыл жарық сүзгі) бақылауға қарсы. Бақылау: 0,9% хлорид натрийдың ерітіндісі

  6. Нәтижені калибрлеу кесте немесе таблица бойынша қараңыз



III. Нонне-Апельт реакциясымен глобулиндерді анықтаңыз
Принципі: белгілі концентрацияда тұздардың қасиеттеріне негізделген, тек қана глобулиндерді шөғу.

  1. Центрифугалық сынауыққа ликвордың 0,5 мл. құйыңыз

  2. Аммоний сульфаттың қаныққан ерітіндісінің 0,5 мл. құйыңыз. Араластырыңыз.

  3. Нәтижені бақылауға қарсы бағалаңыз– тазартылған сумен. Реакция плюстарда көрсетіледі

Маңызды бұлыңғырлану – 4+
шамалап бұлыңғырлану – 3+
көрінетін опалесценция – 2+
әлсіз опалесценция – 1+


IV.Панди реакциясымен глобулиндерді анықтаңыз
Принципі: реакция карбол қышқылдың қаныққан ерітіндісімен глобулиндерді шөктіруге негізделген.

  1. Сағат әйнекті қара қағазға салыңыз

  2. Панди реактивтің 0,5 мл. құйыңыз

  3. Жиегінен ликвордың 1-2 тамшысын қабаттаңыз

  4. Реакция нәтижесін 4 плюс жүйесінде бағалаңыз



V.Цитозды анықтаңыз
Принципі: эритроцитердің ыдырауынан ликворда микроскоп және есеп камерасы арқылы лейкоциттерді санаңыз.

  1. Жақсылап ми-жұлын сарысуды араластырыңыз

  2. Центрифугалық сынауыққа ми-жұлын сарысудың 9 тамшысын құйыңыз

  3. Самсон реактивтің 1 тамшысын қосыңыз

  4. Шайқап, 10-15 минутке жасушалық элементтерді бояу үшін қалдырыңыз

  5. Фукс-Розенталь есеп камерасын толтырыңыз

  6. Микроскоптың окулярларын ×7, объективін ×40 көбейту кезінде барлық тор бойынша жасушаларды санаңыз

  7. 1 мкл-да жасушалар санын келесі формула бойынша есептеңіз:

, онда
а – есеп камерада саналған формалық элементтер саны
3 – Фукс-Розенталь камераның көлемі.

  1. Талдау бланкін жазып беріңіз

  2. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Қалыпты көлемдер:
ересекте 1 мкл-да 0 – 4 жасуша
3 айға дейінгі балаларда 1 мкл-да 20 – 23 жасуша
1 жылға 1 мкл-да 14 – 15 жасуша
10 жылға 1 мкл-да 4 – 5 жасуша

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Арта түскен цитоз (плеоцитоз) ми қабықшалардың қабыну зақымданулары және ми тіннің органикалық зақымданулары кезінде байқалады.
Нонне-Апельт реакциясы ликворда глобулинның қалыпты және патологиялық құрамы туралы түсінік береді. Панди реакциясы Нонне-Апельт реакциясында тұнумаған ақуыз фракцияларды тұнуды.
Ескерту: сынамаларды тасымалдау үшін жабық сынауықтарды пайдаланады. Тасымалдауды тез жүргізу керек өйткені бұл жасушалардың тұрақтылығына емес байланысты. Зәрді зерттеу үшін дайындалған калибрлеу кестені немесе таблицаны пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет