КмқК №21 «Алтын кілт» бөбекжай-бақшасы эссе тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым» Психолог: Жолдыбаева Айгерім Мировна Атырау қаласы, 2022 оқу жылы Тақырыбы



Дата12.05.2023
өлшемі92,41 Kb.
#92010
Байланысты:
эссе мамандығым мақтанышым


КМҚК №21 «Алтын кілт» бөбекжай-бақшасы




ЭССЕ
Тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым»
Психолог: Жолдыбаева Айгерім Мировна

Атырау қаласы, 2022 оқу жылы


Тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым»
«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу – үлкен өнер»
З.Фрейд.

Дүниеде өмірден қымбат не болуы мүмкін? Денсаулықтан қымбат не болуы мүмкін? Денсаулық, бақыт пен сүйіспеншілік сыйлау, өмірдің толықтығын және болу қуанышын сезінуге мүмкіндік береді. Психологтар психикалық денсаулықты «күзетеді» - ғажайып мамандық иелері.


«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.
Бұл қандай мамандық? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем – психология әлемі – жан туралы ғылым.
Қазіргі заманда адамның тұтыну құралдарының дамуы артқанымен, адам бойындағы асыл қасиеттердің құндылығы азайып келе жатыр. Күн ұзағына пенделік қым-қуат тірлікпен арпалысқан адам бір сәт жабырқау тартқан жанына рухани қуат іздейді. Сол сәтте оның жағдайын түсініп, көмек қолын созатын адам психолог қана.
Мен психологпын. Бұл дегеніміз – адамның жан дүниесінің психикалық жай-күйіне, оның оқуға, еңбекке деген эмоционалды бейімділігіне жауаптымын, адамның өз күшіне, мүмкіндіктеріне, өзіне деген сенімін нығайтамын.
Психологпен сөйлескеннен кейін науқас өзін жақсы сезінбесе, бұл психолог емес деген пікір бар. Расында да, психологтың күші – жүрегінде, жылы лебізінде, адамға деген шынайы сөзінде. Психолог – ғылымның қажетті курсын аяқтаған адам емес, адам алдындағы борышын – Сенім, Үміт, Махаббатты ояту екенін сезінетін адам. Бұл оның жаны шақырады.
Психолог- өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан.
Психолог – өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан-дүниесін түсініуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші.
Психология әлемі, психолог мамандығы мені несімен қызықтырады? Психолог - ол дәрігер емес, ол жанның емшісі дегендей, менде адам жанының емшісі дегендей, менде адам жанының емшісі болғым келді. Қазіргі қоғамда ата-анасыз қалған балаларға жүрегімдегі жылу мен махаббатты сыйлағым келетін. Әрине ата-анасының махаббатымен салыстыруға келмейтінін білемін, бірақ та осы бір жан жылыуына зәру қара көзді қазақ балаларға жылы мейірім сыйлағым келеді. Сол арманмен жүріп психолог мамандығын таңдадым.
Психолог – өз өмірін тәжірбие ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын адам.
Психолог- өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоционалды, жоғарыда айтқандай бірақ өзі бұдан зардап шекпейтін жан. Бала өскен сайын іс-әрекеттің түрлерін меңгере бастайды. Бірақ іс-әрекеттің түрлерін дамуға ықпал етеді. Әр жас кезеңінде жүзеге асатын, баланың психикалық қасиеттері мен тұлғасының қалыптасуындағы басты өзгерістер жетекші іс-әрекетпен байланысты болады. Л.С. Выготскийдің шәкірті мен ізбасары А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің үш белгісін бөліп көрсеткен.
Біріншіден, жетекші іс-әрекет нысанында іс-әрекеттің элементтері пайда болады. Екіншіден, бұл іс-әрекетте жекелеген психикалық қасиеттер қалыптасып, қайта құрылады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, тұлғаның осы уақытта байқалатын өзгерістері соған байланысты болады. Дәл сол ойында мектепке дейінгі жастағы бала өзі солардың өзара қатынастарын ойын жағдайында қайталайтын ересек адамдардың мінез-құлқын нормаларын меңгереді.
Бала көп уақыт бөлетін кез келген іс-әрекет жетекші іс-әрекет бола алмайды. Әйтсе де, әрбір іс-әрекеттің психикалық дамуға өз үлесін қосатындығы сөзсіз. Баланың өмір сүру шарттары әрбір жас кезеңінде ол іс-әрекеттің белгілі бір түрінде неғұрлым қарқындырақ дамуға мүмкіндік алатындай болып құрылған: нәрестелік кезеңде – анасымен тікелей эмоцио-налдық қарым-қатынаста, ерте балалық шақта – заттарды қолдана отырып, мектепке дейінгі балалық шақта — құрбы-құрдастарымен ойнай отырып, бастауыш мектеп жасында – оқу іс-әрекетінде, жасөспірімдік шақта — құрбы-құрдастарымен жеке сырластық қарым-қатынаста, жоғары мектеп жасында дайындық үстінде. Мен жұмыс барысында көптеген көркем әдебиетен оқып танысып, халқымыздың ұлағатты тәлім-тәрбиесі негізінде қазіргі замандағы психологтар қоғамға қажет екендігінде көз жеткіздім.
Шығыстың аристотелі атанған ұлы біздің бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп көрсеткен.
Біздің мемлекетімізде бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті қажет етеді. Себебі ұстаз саналы тәрбие мен сапалы білім, дұрыс бағыт бағдар беріп отырса, әрбір шәкірттің жан-дүниесіне жол тауып өмірде өз орнын тапса бұл ұстазбен ата-ананың жемісі.
Бүгінгі таңда психолог адамның жеке және әлеуметтік өмірінің барлық салаларында (отбасы, ішкі әлем, спорт, медицина, саясат, білім) сұранысқа ие. Жақында жаңа мамандықтар пайда болды, мысалы, экстремалды жағдайлар психологы.
Ал, мен балабақша психологімін. Мен бұл мамандықты ең маңызды және маңызды деп санаймын, менің алдымда бала жаны. Бұл таза парақ. Оған не жазсаң, не ойласаң, не салсаң, соны аласың. Балабақша кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, балалардың тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар – біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.
Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет.
Мен психологпын. Бұл дегеніміз – мен үнемі тәрбиешілермен, ата-аналармен, балабақша әкімшілігімен жұмыс істеймін.Маған адамдар кәсіби маман ретінде келеді, адамдар маған қандай көмек керек екені туралы есеп беруге міндетті емес, бірақ менің қасиетті міндетім осыны анықтау. Сондықтан сіз адамды өзіне бағындыруға және оның жан сырын ашуға көмектесетін «жалғыз сөзді» іздейсіз. Біз не туралы айтатынымызды анықтау өте маңызды. Мені үнемі сұрақтар мазалайды: «Адам нені қалайды? Ол не істей алады? Ол қандай? Ол не сезінеді?» Иә, өте аз сияқты. Бар болғаны төрт сұрақ бар, бірақ оның артында мүдделері, мұраты, көзқарастары, сенімдері, қабілеттері, сезімдері мен эмоциялары бар.
Маған мұны ұғындырған да, бүгінгі күнде сол сиқырлы таяқшаны
қолыма ұстатқан да менің мамандығым. Ал мен бұл ғажайыпты, игі істер
жолында қолданып, өзге адамдардың өздерін-өздері түсіне білу, және
қиындықты жеңу жолдарында серік боламын. Өйткені, бұл - менің
таңдауым. Себебі бұл -психология, себебі бұл - Мен.
Ал мен өзімнің сүйікті мамандығым бойынша қолымнан келгеннің бәрін жасап, үнемі үздік болуға ұмтыламын деп сенемін.


Бұл менің мамандығымның болашағы!

Мен психолог мамандығын құрметтеймін. Менің ойымша, жоғары білікті маман болу үшін жоғары білім мен біліктілікке ие болу жеткіліксіз, сіз үнемі өз-өзіңізді жетілдіріп отыруыңыз керек, бұрынғы жұмыс тәжірибесіне ілінбей, әр түрлі инновацияларды қолдана отырып, алға жылжуыңыз керек. Сіздің жұмысыңыздағы технологиялар.


Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог болу үшін бар ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет