Күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету мақсатында күн коллекторын пайдалану. Осындай сужылытқышты душ және асханаға (ыдыс жууға) пайдалануға болады. 100 л суды қыздыру үшін ауданы 2-3м2 күн коллекторын орнату керек. Ал күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру мақсатында қуаты 2-3 кВт-тан тұратын кремнийлі фототүрлендіргіш гелийқондырғыны біз өзіміз жататын үйіміздің төбесіне құрастырып орнықтырсақ, ол 20-30 м2 ауданды қамтиды, ал жылына 2000 кВт сағат энергия береді, Ал 1 кВт/сағ электроэнергия алу үшін 0,7- 0,8 м3 биогаз қажет. Орта есеппен біз 1 айда 8000 кВт энергия жұмсаймыз. Біз орнататын желқондырғысы мен фотоэлектрлік жүйе, биогаз қондырғысы жеткілікті мөлшерде энергия өндіретіндіктен, қуатты үнемдейміз. Біз бұның тиімділігін айқын көріп отырмыз. Қорыта айтсақ, көмірсутегі қорларының таусылу кезеңінде бұл жел , күн, биогаз энергиялары – құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыйы десе де болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. М.Васильев «Энергия және адам».
2. Уделл «Күн энергиясы».
3. П.С. Непорожний, В.Н.Попков «Әлемнің энергетикалық қорлары». 1995ж.
4. Журнал «Жастар техникасы», 1990 №5
5. В.Володин, П. Хазановский «Энергия жиырма бірінші ғасыр».
6. В. С. Лаврус «Энергия көздері» , 1997 ж.
7. Интернеттен алынған материалдар.
8. Д.С. Стребков «Ауылшаруашылық энергетикалық жүйелері және экология», 1990 ж
9. Н. С. Лидоренко, В.М. Евдокимов «Фотоэлектрлік энергетиканың дамуы», 1988 ж.
10. Б.М. Берковский, В.А.Кузьминов «Қалпына келтіретін, дәстүрлі емес энергия көздерінің адамдарға қызметі», 1987 ж