Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады. Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты да, біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналаса, бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.
Мысалдары:
1. Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ. Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
2. Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бірінші тиянақсыз сыңары
бағыныңқы, екінші сыңары басыңқы деп аталады. Бағыныңқы
сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада айтылады. Ол көбіне
етістік баяндауыштары, яғни есімше, көсемше, шартты рай және
қимыл есімдері арқылы және оларға түрлі шылаулардың
түйдектелуі арқылы және есімдерге түйдектелген көмекші етістік,
модаль сөздердің қатысы арқылы жасалып, олар басыңқыға
бағынышты келеді. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарының
баяндауышы қызметінде көсемшенің -ып/-іп/-п жұрнағы мол
қатысса,
-ғалы/-гелі түрі
сиректеу
қатысады.
Мысалы:
Қауменовтің інісі қашқын болып кеткелі, жылдан асты (М.Әуезов). Базарәлі елге келгелі, бір айдай уақыт өтті (М.Әуезов).
Етістіктерге көсемшенің жұрнағы тікелей жалғануы арқылы
бағыныңқы сыңар жасалса, кейде негізгі етістікке түйдектелген
көмекші етістіктер көсемше тұлғасында да келеді: Манадан мыжыңдаган, құлағын қажытып келе жатқан урядник осымен тоқтатар ма екен деп, тік жауап қайырды (Ғ.Мұстафин). Сол
сияқты –ғанша, -ғандай тұлғалы сөздерді де көсемшелі бағыныңқыға
жатқызу орын ала бастады: Ерлік іс болмайынша, ол жайында жазу да болмайды (Б.Момышұлы).
Шартты рай. Шартты райлы бағыныңқы сөйлем -са/-се жұрнағы арқылы жасалады. Оның өзі жаққа қатысты айтылып, I, II,
ІІІ жақта келеді. Сол сияқты бұл жұрнақты баяндауышқа да, де шылауы тіркесіп күшейту мағынасын береді: Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап (Абай). Қысты қамсыз қарсы алсаң, оның қапысы да болады. Шартты райдың жұрнағы көсемшенің
жұрнағы тәрізді негізгі етістікке немесе негізгі етістікке түйдектелген
көсемшелі етістікке жалғану арқылы бағыныңқы сөйлем жасайды:
Егер де бұл жоспар орындалмайтын болса, организм қиын ауруга ұшырайды («Жас алаш»).
Есімше. Егер көсемше, шартты райлы етістіктер бағыныңқы
сөйлемнің баяңдауышы ретінде сол қалпында немесе тек жақтық
көрсеткіш арқылы көрінсе, есімшенің байланыстыру қызметінде
өзіндік ерекшеліктер бар.
Қабыса
байланысқан
сабақтас
құрмалас
сөйлемнің
баяндауыштары -ған/-ген тұлғалы есімшенің атау септігін керек
ететін сайын, себепті, кезде т.б. шылаулар арқылы жасалады.
Мысалы: Мақсат ортақ болған сайын, оларға да көмектесу парыз («Жұлдыз»), Үш күннен бері жаттығу жасамаган себепті, денеміз
баяндауыштың қызметін атқарады. Мұндайда ол есімдігінен болатын
бастауыш арнайы айтылмайды. Түсіндірмелі сабақтастың бұл жолын
алғашқының (І) қысқыртылған түрі деп те қарауға болады.
Жақындаған шапқыншыға жұрт көзін тіксе – Байжан! Демін әрең алған Айбарша көзін төңкере ашып қараса – Дәулет!... ... . Түсіндірмелі сабақтас сөйлем сонша, сондай мөлшер үстеулерінің қатынасуымен де жасалады. Аталған үстеу сөздер
бағыныңқының
құрамында
қолданылып,
сөйлемдер
арасын
жымдастыра байланыстыруда дәнекерлік қызмет атқарады. Сонша, сондай сөздерімен аяқталған алғашқы компонент мазмұн желісінің
ашылуы кейінгі бөлшекке қалдырылады. Сөйлемнің басыңқы қанаты
хабарланған ойды тиянақтап, оның мазмұнын түсіндіріп тұрады.
Сондықтан да мұндағы синтаксистік компоненттер бір-бірінен
тәуелді келеді. Осындай сөйлемдердің алғашқы компоненті
мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да тиянақсыз келіп,
басыңқы компонентке иек артып тұрады. Бұл заңдылық оның
сабақтас сөйлем екендігін айқындай түседі. Оның қалжырағаны сондай - иығындағы зілдей күрекпен теңселіп, тербеліп келеді (З.Шашкин). Қуанғаны сонша - сәлем беруді де ұмытып кетіпті. .