Күн Тақырыбы Сағат


Қан кетуді уақытша тоқтату



бет7/10
Дата02.06.2023
өлшемі53,11 Kb.
#98196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 хрург

Қан кетуді уақытша тоқтату

Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау. Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.


Көрсеткіштері:аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.Қыл бұрау салудың ережелері:Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге
салу керек.Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу
керек.Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және
оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату
керек.
Қыл бұраудың дұрыс салынғандығының белгілері.
• Қан кетудің тоқтауы;
• Шеткі пульсацияның жойылуы;
• Аяқ-қолдың бозарып мұздауы.
Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал қолда 1,5 сағаттанартық ұстауға болмайды. Булай болмаған жағдайда аяқ-қолда ишемия салдарынан өлі еттену процестері дамуы мүмкін. Жаралыадамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әрсағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет. Қыл бұрауды босатқанда қан тоқтатудың басқа уақытша әдісін қолдану керек
(саусақпен басу).
Артерияны саусақпен басу.
• Артерияны саусақпен басу.
Мейлінше қарапайым және қосымша құралсайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістіңартықшылығы - тез арада қолдануға болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұраусалуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс.
• Аяқ-қолды мейлінше бүгу.
Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұләдіс аяқ-қол сегменттерініңірі буындардан төмен орналасқанжерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буыны сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы менбалтырдан, иық буынын - қол басы мен білектен қан кеткенде мейлінше бүгу керек.
Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан
қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.
• Жараны тығындау (тампонада).Қуысты жараның ұсақ тамырларынан, капиллярлардан, көктамырдан қан кеткенде, әсіресе операция кезінде жиі қолданылатын шара.
• Қанап тұрған тамырға қысқыш салу.Негізінен операция кезінде қолданылатын әдіс. Бұл
әдіс сенімді, қарапайым, нәтижелі, сондықтан кеңтаралған. Бірақ қысқышты ұқыпты және көзбенбақылап отырып салу керек. Өйткені, қысқыш езулерінің арасына магистралды қан тамыры немесенерв түсіп кетуі мүмкін.
• Қысып таңу.
Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабатсалынған таңғышты (асептикалық) немесе
бірнеше қабат оралған бинтпен байлауқажет.Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағынатағы да бірнеше қабат таңғыш салып,алақанмен басу қажет.Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның(зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салукерек. Жгут салып болған соң оны созу керек.Бірінші орауды байлаудың алдында, қан
тамырларының соғуын, қанның тоқтағанынтоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағытерініңағарғанын көру керек.
Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек,орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп,алдыңғы орамды басып орау керек.Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты менкүнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгуттытаңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге«жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет