Күн Тақырыбы Сағат


Жалпы және жергілікті анестезияның түрлері



бет4/10
Дата02.06.2023
өлшемі53,11 Kb.
#98196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жалпы және жергілікті анестезияның түрлері
Жергілікті жансыздандыру.Жергілікті жансыздандыру деп науқастың есін жоғалтпай тек операция жасайтын жерді ғана ауырсыну сезімін болдырмауын айтады.
1.Жағу, шаю, шашу, тамызу арқылы терминальды немесе шектеулі анестезия.2.Сіңіру (инфильтрациялық) анестезия.3.Қорабтық (футлярдық) анестезия.4.Өткізгіштік (регионарды)анестезия.5.Көк және қызыл тамыр арқылы жергілікті жансыздандыру.6. Сүйекке жасалынатын анестезия.7.Мұздату арқылы.8.Жұлынның қабығының сыртына (перидуральды) анестезия.9.Жұлындық анестезия.Жергілікті жансыздандыру хирургияда кен қолданылады.
Жергілікті үшін келесі препараттар қолданылады: новокаин ерітіндңсі 0,25%, 0,5%, 2%, 5%; лидокаин 3% ерітіндісі; тримекаин, совкаин, дикаин т.б. – олардың бәрін жергілікті анестетиктер деп атайды.Жергілікті жансыздандыру үшін шприцтер 2мл, 5мл, 10мл, 20мл, инелер 3см, 6см, 8см, 11см, Туохи инесі мандренімен.
1.Жағу, шаю, шашу, тамызу арқылы терминальды немесе шектеулі анестезия. Офтальмология, урология, ЛОР, стоматологияда қолданылады.1-10%новокаин, 1-3% дикаин, 0,1% совкаин еріндісіне малынған тампонмен сүртеді, немесе тамызады, жағады , шаяды.
2.Сіңіру (инфильтрациялық) анестезия.Бұл жансыздандыру кезінде оперция аймағындағы ұлпалардың сыртынан төменге қарай қабат қабатына анестетик жіберіледі. Жансыздандырудың бұл түрін бірінші болып А.В. Вишневский ойлап тауып, тексеріп, пайдалануға ұсынды. «Жылжымалы инфильтрат» тәсілі.
3.Қорабтық (футлярдық) анестезия.
Авторы Вишневский. Аяқ-қолға істелетін оерацияларда қолданылады. Операция аймағынан жоғары тартпа салынады, одан төмен 2-3 жерден 0,25% новокаин ер-сі (500-800мл) қалақ сіңірі астына тереңірекке жіберіледі, анестетик шандыр құыстарын толтырады да жансыздандыру жағдайына жеткізеді. Мысалы: ампутация кезінде кең пайдаланады. Асқынуы: новокаинмен улану.
4.Өткізгіштік (регионарды) анестезия. Бұл анестетикті тікелей жүйкеге немесе жүйке бағанына жіберу. Өткізгіштік анестезия үшін 1-2 %, лидокаин ерітінділері қолданылады.
5.Көк және қызыл тамыр арқылы жергілікті жансыздандыру. Қол аяқ жансыздырылған соң созылмалы бинтпен оларды байлайды, үстінен тартпа салады. Қолға 60-80 мл, аяққа 100-200 мл 0,25-0,5% новокаин ер-сі жіберіледі.
6. Сүйекке жасалынатын анестезия. Анестетик сүйек ішіне енгізіледі.
7.Мұздату арқылы. Хлорэтил көмегімен іске асырылады.
8.Жұлынның қабығының сыртына (перидуральды) анестезия. Бұған көбінесе 1% лидокаин, 5% новокаин ер-рі 20-30 мл дейін қолданылады, жансыздандыру 4-5 сағатқа созылады, ішектердің операциядан кейінгі салдануы болмайды.
9.Жұлындық анестезия. Анестетик жұлының қатты қабығының ішіне жіберіледі, 5% новокаин 1-2 мл, 2% лидокаин 1-2 мл. Анестезия 1,5-2 сағатқа дейін созылады.
Перидуральды және жұлындық анестезия көмегімен құрсақ құысының төменгі бөлігінде орналасқан мүшелерге, кіші жамбас ағзаларына және аяққа әр түрлі операция істеуге болады. Асқынулары: Жүйке түбірлерінің зақымдануы, коллапс, қан қысымының төмендеуі, салдану.
Жалпы жансыздандыру. Наркоз.
Жалпы жансыздандыру дегеніміз –орталық жүйке жүйесінің терең қабаттарына әсер ету. Бұл жағдайда дәрі-дәрмектің әсерінен науқас біртіндеп есінен танып, сезімін жоғалтады, бұлшық еттері босансып, рефлекстері әлсірейді, қарашығы кішірейіп, жарықты сезбейді.
Наркоз түрлері: наркоздық заттарды жіберу жолына қарап ингаляциялық және ингаляциялық емес жалпы жансыздандыру болып екіге бөлінеді. Ингаляциялық наркоз тыныс жолдары арқылы, ал ингаляциялық емес жалпы жансыздандыру – к/т, б/е, т/і, т/а жіберіледі. Таза мононаркоз, комбинациялық наркоз түрлері бар. Ингаляциялық наркоз кезінде сүйік наркоздық заттар: эфир, хлороформ, хлорэтил, фторотан, пентран, трихлорэтилен, буландырғыш арқылы газдық жағдайға айналып тыныс жолына жіберіледі. Газ тәрізді наркоздық заттар. Оттегі, азот қос тотығы, циклопропан қолданылады.
Наркоздың сатылары және дәрежелері:
І саты- ауырсынбау сатысы 3-4 минут өтеді –науқас есінен танып, ауырсыну сезімі жоғала бастайды.
ІІ саты – қозу, абыржу сатысы- науқас қол аяғын ербендетіп, күліп, айқайлау мүмкін (қәзіргі таңда жана наркоздық заттарды қолданғанда бұл саты байқалмайды).
ІІІ саты хирургиялық саты. Саты 4 дәрежеге бөлінеді:
1дәреже –науқастың есі толық жоғалады. Ауырсыну және қозғалу сезімі болмайды, көз қарашығы кішірейген, бірақ рефлекстермен бұлшық еттің тонусы сақталады.
2дәреже –Көз қарашығы одан сайын кішірейіп, рефлекстер жоғалады. Бұлшық еттербосаңсып бастайды. Тіл көмейге түсіп кетуі мүмкін, тамыр соғысы сирейді, ҚҚ төмендеп, өзімдік дем алу нашарлайды.
3дәреже –брадикардия, бұлшық еттер толық босаңсып, өзімдік тыныс тоқтайды – осы дәрежеде, интубациядан кейін хируриялық операциялар орындалады.
4дәреже көз қарашығы ұлғайып кетеді, тахикардия, ҚҚ күрт төмендейді адам өлуі мүмкін. Наркоздың бұл дәрежесіне жеткізуге болмайды.
Интубация – бұл ингаляциялық наркоз өткізу үшін кеңірдекке түтік енгізу, оны миорелаксанттар көмегімен орындайды.(листенон, ардуан)
ІV саты. Ояну сатысы.
Жалпы жансыздандыруға керекті құрал-жабдықтар.
Шимельбуш бет жапқышы, интубациялық түтікшелер, көмей айнасы –ларингоскоп, наркоз аппараттары: наркон, полинаркон, РО-6, фаза-5 т.б..
Наркоз аппаратының құрылымы: газ баллондар +дозиметр +бұландырғыш +тыныс кескіні.
Тыныс кескінінің түрлері: ашық, жабық, жартылай ашық, жартылай жабық.
Ингаляциялық емес наркоз.
Нейролептоанальгезия – фентанил, таламонал, дроперидол.
Атаральгезия –реланиум, диазепам, дроперидол
Электронаркоз. Гипотермия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет