Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: философиялық талдау



Дата14.09.2023
өлшемі20,91 Kb.
#107376
Байланысты:
щшщгпнекв


Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: философиялық талдау

Адам болмысының категориясы (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.Адам, оның өлімі және өлместігі.


Өмірдің мағынасы – бұл санамен қабылданған құндылық (құндылықтар), оған адам өз өмірін бағындырады, сол үшін өмірлік мақсаттар қойып, ол жүзеге асырады. Онда қызметтік-құндылықтық сипат бар, ол кімде-кім «жай ғана өмір сүрмей», қандай да бір нәрсе үшін өмір сүру керектігін ойлайтын, сезінетін болса, сонда ғана пайда болады. Мағына – адамның рухани өмірінің құндылықтық –уәжделген саласының элементі.
Негізгі философиялық мәселелердің өмір мен өлім мәселелерімен байланысы: метафизика және моральдық философия. Мағынаны сипаттау ретінде аяқ-қолды білу. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт әлеміндегі өлместік мәселесі. Өмірдің мәні. Мағынасын іздеу өмір.
Адамның өзін-өзі өлтіру қүбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жасөтарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі — бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі — қоғам әділетсіздігінің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялылық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді. Бірінші дүниежүзілік немесе азамат соғыстары жылдарында тұтқында болған, фашистік жөне коммунистік тоталитарлық режімдердің концентрациялық лагерьлерінде болғандардың адам төзгісіз ауыр жағдайлары туралы көркем әдебиеттерден оқып, кинофильмдерден көріп жүрміз. Олардың басым көпшілігі соңғы демі үзілгенше жарық дүние үшін күресті. Өмірге деген құлшыныс, тіршілікті сүю ауыр минуттарда олардың санасына сәуле, бойына қуат берді. Олардың бірқатары жеңіс күніне де жетіп, содан кейін де бұл жарық дүниенің дәмін татты, қызық көрді, бала тәрбиелеп, немерелер сүйіп, қуанышқа кенелді. Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек. Өмірге құштарлығымен бірнеше ұрпақтың назарын аудара білген орыс жазушысы Николай Островский: "Төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек" деп жазған еді. Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. Философиялық ойтолғаныс тек сыртқы дүниеге ғана емес, сол дүниені субъектісі болып отырған, жер планетасының белсенді «лидері» ретінде танымалданған, өзін табиғатқа үстемдік етуші деп жариялаған адам мәселесіне де тоқталады. Себебі, философияның объектісінің жалпылама нұсқасы - адам мен дүние болып табылады. Бірақ адам сол өзі өмір сүріп тұрған әлемнен оқшау қарастырылмайды, оның мәнінің ашылуы, жұмбақтығының сыры да табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын тіршілік иесі болуымен айқандалады.
VIII – IX ғасыр Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді ол кітаби Қорқыт эпостық жырының атасы қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көз қарастары тағдырға жазылған деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгә өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті ол өмірдің қиындықтарына мойын сүнбай үнемі күресе білуге шақырды әр істің ізгілікпен жақсылыққа негізделіп жүзе асуын уағыздады бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады қазіргі уақытта 22 – ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ “Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ”. Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Кітаби Қорқыт 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі ннұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрездн (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған. Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт – сана табиғат және қоғамға деген көз қарасы көрініп тұр.
Мәселе философиялық ой тарихындағы өмірді араластырды: фатализм, гедонизм, еріктілік, функционализм. Өмірдің мәні қазақстандық философияның негізгі категориясы ретінде. Махаббат адамзат қоғамының мәні ретінде. Қожа Ахмет Яссауидің фальсаф дәстүріндегі мистикалық дүниетанымы. Махаббат Абай философиясындағы мағыналы бастама ретінде. "Махаббатпен жаратқан адамзатты...»
Фатализм, бастапқыда адам өмірінің барлық барысын және оның іс-әрекетін алдын ала анықталады деп есептейді. Фатализмді мифология мен наным-сенім тұрғысында-тағдырға сену деуге болады. Христиан діні мен ислам діні тұрғысында- Құдайдың еркі, қалауы деп түсіндіріледі, немесе Жаңа дәуір философиясының өкілдері: Гоббс, Спиноза, Лаплас көзқарастары бойынша, әрбір келесі оқиға алдыңғы оқиғамен қатты байланысты деп санайтын жабық жүйенің детерминизімі деп қабылдауға болады. Мұнда шын мәнінде, еркін таңдау болмайды, тек сену қажет болып табылабылады.
Гедонизм. Бұл бағыт бойынша, адам болмысының жоғары мәні рахаттану болып саналады. Гедонизм формуласы: «өмір сүру-рахаттану». Үнді гедонизмінде Рахаттың 500-ден астам түрі бар және олардың басым көпшілігі жоғары руханилықпен байланысты -музыка, поэзия, философиямен айналысу болып табылады.
Сократ гедонизмдегі рахаттың маңыздылығын мойындай отырып, оны жақсылық жасаумен байланыстырады. Софистермен полемикада Сократ рахаттануды — жаман және жақсы, шынайы және жалған деп бөліп қарастыруды талап етті. Платон өз шығармаларында: өмір рахатқа толы болғаны үшін жақсы болмайды. Өмірде жақсылықтар көп болса, жақсы болатындығын дәлелдегісі келді. Ал, Аристотель рахаттану игілік емес, әрі оған ұмтылудың қажеті жоқ деп есептеді.Гедонизм идеясы Эпикурдың эвдемонизмында дамыды, ол дененің емес, жанның шынайы рахаты маңызды деп ойлады. Яғни, атараксия күйіне жету, «тәндік қайғы-қасіретінен және жан үрейлерінен азат болу».
Қожа Ахмет Ясауи ортағасырлардың танымал,әсіресе түркі тілдес халықтардың арасында, жазушы, ақын, пәлсапашы және ұлы ойшыл. Түркістандық ғұламаның 90 мыңдай шәкірттері болған және ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Алайда тарихта үлкен із қалдырған тұлғалардың барлығы тек қана еселі еңбектерін емес, жұмбақ өмір сүрген ғұмырларында қалдырады десек болады. Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын жете түсіну үшін көптеген зерттеулер мен іздестіру жұмыстары жүрген болатын. Шынында да бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткердің дүниетанымы өз алдына танылмаған ғарыш секілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет