Зеленов ауданы. Дариян ауылы «Жұлдыз-ай» бөбекжайы Ортаңғы «Балапан» тобы балаларының өмірін ұйымдастыру мен тәрбие шараларының циклограммасы. Күні: 25. 09. 2017. – 29. 09. 2017. Өтпелі тақырып: «Жомарт күз» Міндеттері: Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту; балаларды күз сыйы көкөністермен, жемістермен таныстыру; ойлау қабілеттерін дамыту; айналаны қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Күн тәртібі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: туралы әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Үстел үсті, саусақ және т.б. ойындар.
Өлең оқу
«Күзгі табиғат».
Құрылыс ойындары
«Күзгі көрініс»,
«Қуыршақтарға үй құрастырамыз».
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл-ған оқу қызметі
1 Сурет салу Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. саусақ қимыл қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімділігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: күз мезгілінің суреттері, түрлі түсті қарындаштар, сурет дәптері. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын. Қостілдік компонент: Алтын күз – золотой осень.
2. Дене шынықтыру Тақырыбы: «Қыздар мен ұлдарға арналған ойындар» Мақсаты: Балаларды топта физиологиялық ерекшеліктеріне қарай ойнауға үйрету;
Баланы көздеген мақсатына жету үшін қалай әрекет етуге үйрету;
Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейту және тереңдету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығулар ретін көрсету.
Құрал - жабдықтары: әрбір балаға доп, ұзын резеңке, қуыршағы бар бесік, арқан, үлкен шығыршық, 10 кегель, 4 гимнастикалық таяқшалар.
Технология:«Денсаулық сақтау технологиясы», «Ойын технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным» «Әлеумет»,
1. «Ойнаймыз, ойлаймыз, сөйлейміз» ағылшын тіліне ойын арқылы үйрету. Тақырыбы: Пән жетекшісінің жоспары бойынша.
2. Аппликация Тақырыбы: «Піскен алмалар» Мақсаты: Қоршаған орта және күзде пісетін жемістер туралы білімдерін кеңейту, балларды дәстүрден тыс аппликация – жырту тәсілімен таныстыру, желіммен жұмыс істеген кезде тиянақты болуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Шығармашылық ойын дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.