Зеленов ауданы. Дариян ауылы «Жұлдыз-ай» бөбекжайы Ортаңғы «Балапан» тобы балаларының өмірін ұйымдастыру мен тәрбие шараларының циклограммасы. Күні: 11. 09. 2017. – 15. 09. 2017. ж Өтпелі тақырып: «Менің отбасым» Міндеттері: Балалардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды жақсы көруге, көмек беруге үйрету. Отбасы, ана, əке, əже, ата, аға, əпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің міндеттері туралы; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынасқа тəрбиелеу, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Күн тәртібі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Үстел үсті, саусақ және т.б. ойындар.
Өлең оқу
Сырбай Мәуленов
«Ата ақылы».
Құрылыс ойындары
«Менің үйім»,
«Қуыршақтарға үй құрастырамыз».