Күні: 21/11/2023
Тақырыбы: «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы»
Мақсаты: Ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.
Көрнекігі: Интерактивті тақта, ресурстар мен стикерлер.
Әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, психологиялық жаттығулар, постер қорғау, талдау, салыстыру, ой жинақтау, кері байланыс.
Қатысушылар: Ата-аналар,оқушылар және мұғалімдер.
Жүрісі:
Салеметсіздер ме,құрметті қонақтар?! «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» тренинг сабағына қош келдіңіздер. Тренинг сабағымды « ә ә» әнмен бастағым келіп отыр.
Мұғалім әуен ырғағымен қатысушыларды көргеніне қуанышты екенін айтады.
Құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымызға қатысып отырған қонақтар, сабағымызды бастамас бұрын мен бір сұраққа жауап алғым келіп тұр. Жалпы баланың жеке тұлға болып қалыптасуын, оның жан-жақты тәрбиелі болып шығуы үшін кімдердің ықпалы қажет деп ойлайсыз?
Олай болса, дәл қазір өтетін сабағымызда осы тұрғыда болмақ.
Сіздерге ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға болатын тренинг көрсеткім келіп отыр. Барлығымыз ортаға шығып айнала шеңбер құрып тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға психологиялық дайындық мақсатында «Байланыс» тренингін өткіземіз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?
Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.
3 топқа бөлініп отырады.
Мұғалім
Ата-ана
Оқушы
https://www.youtube.com/watch?v=owcsyIK7NME тамашалап, өз ойларымен бөліседі. (ұстаздар мен ата-аналар)
1- оқушы “Бала көзімен”(ата-анамен мұғалімге деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).
2 – ата-ана “Ата-ана көзімен”(оқушы мен мұғалімге деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).
3 — ұстаз “Ұстаздар көзімен”(ата-анамен оқушыға деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).
II. Тренинг әңгіме: "Шегенің ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не болады?)
«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай ойлайды?)Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған:
«Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?
Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.
III. Ситуациялық сұрақтар.
Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
Сіз мектепте «жұлдыз» ауруына ұшыраған оқушыңыздың теріс қылықтарын көріп қайта-қайта ескерту жасадыңыз, ертеңіне оқушының анасы мектепке келіп үстіңізден прокуратураға шағымданатынын айтты. Сіздің әрекетіңіз?
Тоқсандық қорытынды бойынша сен бір сабақтан үшке шықтың делік. Сенің іс-әрекетің?
Достарыңызбен бөлісу: |