Күні: 21/11/2023 Тақырыбы: «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» Мақсаты



бет2/2
Дата29.12.2023
өлшемі28,41 Kb.
#145065
1   2
Байланысты:
үштік одақ тарбие сағаты

IV. «Байлаулы бала» (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

“Сөйлемді аяқта” әдістемесі. Үш топқа беріледі.


1-топ Оқушылар: — Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі… — Отбасы бұл… — Отбасым бақытты болу үшін… — Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі… — Мен қалар едім отбасымның…
2-топ: Ата-анлар: — Біз өз ұстазымызды жақсы көреміз, себебі… — Ұстаз деген … — Ұстазымыз бақытты болу үшін… — Мен қалар едім ұстазымның…
3-топ: Ұстаздар:
— Мен өз оқушыларымды жақсы көрем, себебі… — Оқушы деген … — Оқушыларым алғыр,білімді, тәртіпті болу үшін… — Мен қалар едім оқушыларымның…
Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Балаңыздың сынып жетекшісінің аты-жөнін толық білесіз бе??
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай??
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
9. Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып оқиды?
10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?
11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
12.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?
13.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?
14.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?
15.Балаңыз Сізбен сырласады ма?


  1. Мектепке барғанда ең ұнататын ісің

  2. Ертең сен мұғалім болатын болсаң, балаларды неге үйрететін едің?

  3. Бүгін қандай маман иесі болғаныңды қалайсың?

  4. Анаңмен, әкеңмен сырласасың ба?

  5. Сенің ұстазыңның ең қатал ережесі қандай?

  6. Мектепте тәртіп болып жүруге не кедергі?

  7. Мектептегі ең қызық кабинет?

  8. Бүгін өзіңе қандай пайдалы ақпарат алдың?

Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана , ұстаз арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.


«Стакандағы су» Стакандағы суда лай тамшы болады. Сол лай тамшыны алып тастауымыз керек. Стаканды баламыз деп есеатейік, ал су болса оның санасы, жан-жағы,қоршаған ортадан алған жаман қасиеттерін қалай алып тастаймыз?


Кері байланыс:
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық. Жас бала –жас бір шыбық, жас күнде қай күйде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қайтып алмақ дей келе бүгінгі «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» атты сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет