Күні: Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі:«Жапсыру» Тақырыбы: «Гүлдер» Мақсаты



Дата05.06.2023
өлшемі15,07 Kb.
#98664
Байланысты:
Жапсыру. Оқу іс-әрекетінің тақырыбы Гүлдер


«Балбөбек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:«Жапсыру»
Тақырыбы: «Гүлдер»
Мақсаты:8 – наурыз мерекесі туралы және гүлдер туралы білімдерін кеңейту; түстерді айыра білуге, эстетикалық тұрғыда қабылдай алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Өздерінің ойларын жеткізе білуге баулу. Жақындарына қуаныш сезімін сыйлау. Анасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:гүлдер,түрлі-түсті ашықхаттар суреттері,шыршаның қағазға желімдеген үлгі суреті,жасыл түсті қағаз,желім қайшы,қайшы,үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: ашықхат
Қостілдік құрам:гүл-цветы, ашық хат-конверт,сыйлық-подарки
Тәрбиеші:Есенаманова Н.Т.

Әрекет кезендері

Тәрбиешініңіс әрекеті

Балалардың іс- әрекеті.


Мотивациялық қозғаушы

Балалар бізге Қоян келіпті.Балалар қоянның көңілі жоқ екен?
Сұрап көрейік неге жабырқаулы екен?
Қоян анасына мейрамға қандай ашықхат жасайтынын білмей жүр.
Аналарыңды жақсы көресіңдерме?

Балалар қоянға назар аударады
Қандай сыйлық жасайтынын айтып береді.


Іздену ұйымдастырушы.

Балалар мейрамға ашықхат жасайық,оның түрлерін қарап көрейік.
Шын көңілден жасаған сый қымбат болады.
Суретке назар аударайық.
Гүлді қараңдаршы.
Гүлдің пішіні қандай?
Түсі қандай?
Сабақтары мен жапырақтары қандай?
Пластикалық жаттығу: «Гүлдің қауызы»
Гүлдің бейнесін қимылмен ұсыну.
Гүлдің жасалу әдіс-тәсілдерін түсіндіру
-алдымен дайындаған қағазымызды ортасынан төменге дейін біріктіріп,дәл ортасынан қайшымен қиямыз.
Енді бізге гүлдің сабағы керек.Жасыл түсті қағазды алып,гүлдің сабағын қиямыз.
Тіктөртбұрышты қағазды алып,одан жапырақтың жобасын жасаймыз.
Бұрыштарын абайлап кесеміз.
Құмыраға арналған қағазды алып ,бұны бүктеп,дәл ортасынан қиямыз.
Бірінші құмыраны ,одан кейін гүлдің сабағын,гүл бөлігі мен жапырақтарын орналастырамыз.
Енді желіммен жайлап жапсырамыз
гүл-цветы,ашықхат-конваерт,сыйлық-подарки
Сергіту сәті
1,2,3 – қолымызды созайық,
4,5,6- көбелекке ұқсайық.
7,8,9 – ұшып,ұшып алайық.
Қолымды сырғытып төменге,
Солға иіліп, түзелем,
Енді үш - төрт дегенде,
Оңға иіліп – түзелем.
Практикалық жұмыс
Балалар не жасаймыз?
Бірінші нелерін қиып аламыз?
Балаларды жұмыстануына бақылау жүргізу.


Балалар суретке қарап,гүлді сипаттайды


Қызыл,сары

Қолдарымен көрсетеді.

Гүлдің жасалу жолдарын түсініп меңгереді

Қайталайды


Қимылын жасайыды



Ашықхат жасаймыз
Гүлдерді,сабағын,ашықхатты қиямыз.


Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар Қоянның көңілі көтеріліп қалды.Балалар сендер аналарыңды өте қатты жақсы көреді екенсіңдер.Сүйіспеншілік пен құрметіміз,нәзіктік сезіледі.

Қуаныштарын білдіреді.



Күтілетін нәтиже
Біледі:Геометриялық пішіндерді қиып,гүлдерден ашықхат жасайды.
Меңгереді:еңбектену арқылы жақындарына қуаныш сезімін сыйлай алытындарын
Дағдылану:анаға сыйлық құрметтеуге тәрбиелеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет