Күні Істелген жұмыс мазмұны Ескерту


Күні Істелген жұмыс мазмұны



бет11/22
Дата07.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#99447
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Мейірбике күнделік 2 курс

Күні

Істелген жұмыс мазмұны

Ескерту

27.06.14

Хирургия бөлімі
I.Дене қызуын өлшедім.
II.Артерия қысымын өлшедім.
III.Егу жұмыстарын жасадым.
IV.Жалпы жинауды тіркеу журналын толтырдым.
V.Зарарсыздандыру ерітіндісін дайындадым.
VI.Зарарсыздандыру ерітіндісін дайындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтадым.
VII.Құралдарды толық өңдеуден өткіздім.
VIII.Мұзды қабықты дайындадым.
IX.Халі ауыр науқасты тамақтандырдым.


I.Дене қызуын өлшедім.
Мақсатым: Ересек науқастың дене қызуын анықтау.
Дене қызуын өлшейтін жерім: Қолтық асты.
Дайындадым: Медициналық термометрді,лотокты,салфеткаларды, сағатты,қара түсті қлам сапты,қызуды тіркейтін журналды,қызу парағын,ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,таза термометрді сақтайтын орынды.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндірдім,оның келісімін алдым.
2.Гигиеналық деңгейде қолды тазарттым.
3.Науқасты жатқыздым.
4.Термометрді қолыма алып,оның бүтіндігін тексердім.Сынап бағанасын 35ºС-н төмен резервуарға түскенше сілкідім.
5.Қолтық астын тексердім.Науқастың қолтық астын салфеткамен құрғатып алдым.
6.Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салдым.
7.Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп алдым.
8.10 мин кейін термометрді алып,оның көрсеткішін анықтап алдым. Науқасқа алынған нәтижені хабарладым.
9.Термометрдің көрсеткішін дене қызуын тіркейтін журналға тіркедім.
10.Пайдаланған термометрді сілкіп сынап бағанасын түсірдім.
11. .Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым.
12.Ағынды судың астында зарасыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше жуып,салфеткамен құрғаттым.
13.Қолымды жуып, кептірдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет