VIII.Зерттеуге Зимницкий әдісімен зәрді жинауда қатыстым. Мақсаты: Диагностикалық; бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу.
Дайындады:Қақпағы бар 1 рет қолданылатын 8 контейнерді,әрбір контейнерге жолдама жазып жапсырды (бөлімше,палата,зерттеу мақсаты,порцияның мақсаты,жинау уақыты,айы-күні,мейірбикенің қолы).
Іс-ірекеті:
1.Зәрді жинау туралы тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізді.
-зерттеуі жүргізер алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдауды тоқтатуын айтты;
-1 тәулігіне 1,5 л дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді,өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;
-зәрді жинау кезінде 1 тәулікте ішілген сұйықтықтыңесепке алынбайды;
2.Таңертең –да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.
3.Жеке нөмірленген контейнерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинау;
№1 -6-9 дейін №5 – 18-21 дейін
№2 – 9-12 дейін №6 – 21-24 дейін
№3 – 12-15 дейін №7 – 00-03 дейін
№4 – 15-18 дейін №8 – 03-06 дейін
4.24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыратынын айтты.
5.Келесі күні барлық 8 порцияны лобороторияға апаратынын айтты.
IX. Халі ауыр науқасты тамақтандырдым. Мақсатым: Науқасты тамақтандыру.
Дайындадым: Сүлгіні,салфетканы,су беретін ыдысты,тарелканы,жылы тамақты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұрадым.
2.Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып бердім.
3.Қолымды гигиеналық тазартудан өткіздім.
4.Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен жаптым.
5.Тумбочкеге жылы даярланған тамақты қойдым.
6.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасадым.
7.Науқасты қасықпен аз мөлшерде кішкентай жұтыммен тамақтандырдым.
8.Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп,сүлгінің құрғақ шетімен сүртіп алдым.
9.Науқастың кеудесіне жапқан салфетканы, ыдыстарды алдым.Төсек орнындағы қоқымды қағып,оны ыңғайлы жағдайда жатқыздым.
10.Қолымды жуып, кептірдім.
Қорытынды 26.06.14 күні хирургия бөлімінде болдым. Науқастармен таң ертең аралап,жағдайларын сұрадым. Таң ертеңгі астарын таратып, ауыр халде жатқан пациенті тамақтандырдым. Пациентке ыңғайлы қалып жасадым.Науқасқа гигиеналық душт қабылдауға көмектестім. Артерия қысымы мен дене қызуын температура парағына практика жүзінде толтырдым. Теориядан өткенімді практикада жасадым.