Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз еңселі егемендігімізді нығайту



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата31.03.2017
өлшемі7,52 Mb.
#10732
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз - еңселі егемендігімізді нығайту. 

Бұл мақсатты орындаудың бірден-бір жолы - тарихи  санамызды қайта 

жаңғырту арқылы  тіліміз бен ділімізді өз тұғырына көтеру. 

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ



 №43 (1331) 26 қазан 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Ерте қамданған абзал

 

„

Тәуелсіздіктің таң нұрына айналған бүгінгі бүлдіршіндеріміз - мемлекеттің ертеңгі мұрагері. 



Оларға сапалы білім беріп қана қоймай, салауатты өмір сыйлап, жан-жақты жағдай жасау -  әрбір 

аға буын өкілінің  азаматтық һәм адами парызы. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен 

іргесі жалғасып, тұғыры тұстасқан Қала күні мерекесіне орай  «Жансая» мөлтек ауданында 

жаңадан бой көтерген спорттық ойын алаңшасы қала бүлдіршіндерін тағы бір қуантып тастады.     

 

„

Тараз қаласында тұңғыш 



рет сүт безінің қатерлі ісігіне 

имплантат қойылды.    

 

2-бет.

 

12-бет.

Оңай олжа жоқ!

 

„



Алаш баласына алғаш рет 

3D форматында көрсетілетін 

қазақи мультфильм біздің 

шаһарда түсіріліп жатыр.           

 

5-бет.

 

6-бет.

Көлеңкелі кәсіптің 

күрмеуі қысқа

 

„

Аймақта жалған кәсіппен 



айналысып, жалғанды 

жалпағынан басқандар 

құрықталды. 

Қазпошта


Ауыл тұрғындары үшін

Қала тұрғындары үшін

Тараз Пресс

Эврика Пресс

Ернұр Пресс

6 айға 1 жылға

1831,98


1720,26

1720


1700

1716


3663,96

3440,52


3440

3400


 

3432


1250

ын деушілерге

2500

-

Бала шаттығы 

Бәрінен жоғары

 

4-бет.



тараз қалалық мәслихаты 

депутаттарының назарына!

  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан 



Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару 

туралы» Заңының 10-бабының  3-тармағының негізінде, алтыншы 

шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы 

қала әкімі аппаратының мәжіліс залында 2016 жылдың 28 қазанында    сағат 

10:00-де болады деп, Сіздердің назарларыңызға хабарлаймын.

 

Кезекті сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:



1. Тараз қалалық мәслихаттың  2015 жылғы 23 желтоқсандағы №48-3 

«2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне 

өзгерістер енгізу туралы.

2. Әртүрлі.

Тұрақты комиссиялардың отырысы 2016 жылдың 28 қазанында сағат 

09:00-де өтеді.



Тараз калалық

мәслихатының хатшысы                                                          Б.НарБаев

ескерту: Бұл туралы хабарлама «Салық тәртібі» газетінің  2016 жылғы 

25 қазан күні шыққан  №99 (684)  санында жарияланған.

ҚАЛА-ҚАрбАЛАс

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //



 

„

«Мәңгілік ел» - халқымыздың болашаққа бағдар берер шамшырағы. Бұл 



шамшырақтың оттай жанып, жалындауына жастар белсене атсалысуда.

ынтымақты ту етті

Индира БаЙҚОНЫС

Ғасыр толып отырған ұлт тарихындағы айтулы 

күн ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен 

тұспа-тұс келіп отыр. Маңызы зор қос датаға орай, 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 

ұйымдастыруымен  «1916  жылғы    ұлт-азаттық 

көтеріліс: тарихи маңызы, тағылымы мен зерттеудің 

перспективалары» тақырыбында республикалық 

ғылыми-практикалық  конференция  өтті.  Оның 

жұмысына  облыс  әкімінің  орынбасары  Ерқанат 

Манжуов,  Астана қаласы мен Алматыдай алып 

шаһардан ат терлетіп келген тарланбоз тарихшы 

ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты. 

Келелі кеңесті жүргізген  ТарМПИ  ректоры, тарих 

ғылымдарының докторы Дария Қожамжарова бұл 

көтерілістің тарихына қысқаша тоқталып, көпшілік 

қауымды іс-шара жоспарымен таныстырып өтті.

Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Ерқанат 

Манжуов тұғыры биік тәуелсіздік жолында аян-

бай  күрес  жүргізген  баһадүр  бабаларымыздың 

ерлігін тілге тиек етіп, жас ұрпақты ел егемендігін 

көздерінің қарашығындай сақтауға шақырды.  Ал 

тарихшы ғалымдар әлі де ұлт тарихына қатысты тың 

деректерді тауып, халық мүддесіне жарататындары-

на зор сенім білдірді.  

-  Қазақ  елі  үшін  бүгінгі  азат,  бейбіт  күн 

оңайлықпен  туған  жоқ.  Тәуелсіздік  жолында 

халқымыз  талай  зұлмат  заманды  бастан  кешіп, 

бостандыққа ұмтылды. Соның бірі ретінде, 1916 

жылғы  патшаның  Маусым  жарлығынан  кейін 

Қазақстанның  түкпір-түкпірінде  белең  алған  

ұлт-азаттық  көтерілісін  айтуға  болады.    Ұлт 

тарихындағы аса ірі көтерілісте халық қамы үшін 

бастарын бәйгеге тіккен батырларымыз аз болмады. 

Олардың қатарында, Кейкі мен Амангелдінің, Ақкөз 

бен Бекболаттың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 

Міне, биыл ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл  то-

лып отыр. Қазақ хандығының 550 жылдығын кең 

көлемде тойлаған Ұлы Даланың ұрпағы бабалар 

рухына тағзым етіп, олардың теңдессіз ерліктерін 

ұдайы бағалауы тиіс, - деді Ерқанат Нұрбапаұлы.

Бұған  қоса,  облыс  әкімінің  орынбасары  жас 

ұрпақтың  санасына  төл  тарихымызды  мықтап 

сіңіру арқылы Отанымыздың нағыз патриоттарын 

тәрбиелей алатынымызды да тілге тиек етті.     

Әрі  қарай  конференцияның  пленарлық 

мәжілісінде тарихшы ғалымдардың 1916 жылғы 

ұлт-азаттық  көтерілісі  төңірегіндегі  тұщымды 

баяндамалары тыңдалды. Ортаға алғашқылардың 

бірі болып шыққан Абай атындағы ҚазҰПУ  «Ака-

демик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы» 

кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА-ның коррес-

пондент мүшесі, профессор Мәмбет Қойгелдиев 

өз баяндамасында бүгінгі ұрпақ өзінің төл тари-

хын жете білмейінше, құлдық санадан біржолата 

айырылмайтынын  және  бұл  мәселеге  келгенде, 

еліміздің Білім және ғылым министрлігі жоғары 

оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуды 

тек ХХ ғасырдан бастамай, тереңнен қаузап оқыту 

керектігін шегелеп айтты. 

- Өкінішке  орай, біздің төл тарихымыздың жа-

зылуы да, оқытылуы да бір жүйеге түспей отыр. 

Бұл мәселені Білім және ғылым министрлігі мен 

тарихшы ғалымдар бірлесе отырып шешетін болса, 

өткенімізді түгендеп, өскелең ұрпақтың ұлттық сана-

сын оятатын едік, - дейді тарихшы алаңдатушылық 

білдіріп.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих 

ғылымдарының  докторы  Талас  Омарбеков  бұл 

ұлт-азаттық  көтерілістің  әлі  де  толық  ашылмай 

отырғандығын, десе де, кейбір тарихи фактілерге 

иек арта отырып, бұл зобалаңның зардабын тартқан 

қандастарымыздың саны республика бойынша  500 

мың немесе 1,5 миллион адамға жуық болғанын 

атап өтті.  

Мемлекет  тарихы  институтының  директоры, 

тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған биыл 

100 жыл толып отырған ұлт-азаттық көтерілістің әлі 

зерттеліп, зерделене түсуі керектігін, бұл зобалаңда 

орыс  әскерінен  еш  сескенбей,  қасық  қандары 

қалғанша  күрескен  ұлтымыздың  батырларын 

мейлінше  ұлықтау мәселесіне кеңінен тоқталды. 

Хабарламашының  айтуынша,  азаттық  таңының 

арайлап атуына сүбелі үлестеріп қосып, өзгенің 

езгісіне төзбейтін, рухы биік халықтың өкілдері 

екенімізді дәлелдей білген баһадүрлеріміз туралы 

деректі  фильмдер  түсіріп,  танымдық  кітаптар 

жазу және олардың есімдеріне көше аттарын беру 

керектігін ұсыныс ретінде жеткізді.

Ал  «Қазақстан-Тараз»  телеарнасының  ди-

ректоры,  облыстық  мәслихаттың  депутаты                                                                        

Мейрамбек Төлепберген ұлт-азаттық көтерілісіне 

қатысушылардың ерлігі кейбір ақын-жазушылардың 

еңбектерінде көрсетілгенімен, ондағы кейіпкерлердің 

бірқатары ойдан шығарылғанын баса айтып, бұл рет-

те де әлі зерттеу жұмыстарын жүргізу керектігі жас 

ұрпақ үшін өте-мөте маңыздылығын нысанаға алды.   

Ұлт тарихының өткені мен бүгіні жан-жақты 

әңгіме арқауына айналған алқалы жиын барысында 

жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулет, облыстық 

мәслихаттың  депутаты  Дәулетбай  Есімбеков,                    

ТарМПИ жанынан ашылған «Түркістан» ғылыми-

зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымының 

кандидаты Ордалы Қоңыратбаев сөз алып, өз ойла-

рын ортаға салды. Бұдан соң тарих ғылымдарының 

докторы  Дария  Қожамжарованың  «Түркістан 

өлкесіндегі  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс 

туралы  (Сырдария  және  Жетісу  облыстарының 

материалдары бойынша)» атты монографиясының 

тұсауы  кесіліп,  төл  тарихымыз  тағы  бір  құнды 

дүниемен толықты. 

Бұл күні бірқатар азаматтар Мәмбет Қойгелдиев 

бастаған мәртебелі меймандардың қолынан Ұлт-

азаттық  көтерілісіне  100  жыл  толуына  орай 

шығарылған  төсбелгілермен  марапатталып, 

конференцияның қарары қабылданды.



Құралай  СеЙСеНБеКҚЫЗЫ

Жамбыл медициналық колледжінде 

« М ә ң г і л і к   Е л »   а т т ы   а к ц и я 

ұйымдастырылды. Акцияда Жамбыл 

облысы  ҚХА  Ақсақалдар  кеңесі 

төрағасының орынбасары, Өзбек этно-

мәдени бірлестігінің вице-президенті  

Абдурахман  Зайнутдинов  өз  ойын 

ортаға салды. Бір аспанның астында, 

көк  Туды  желбірете  көтерген  түрлі 

ұлт өкілдерінің бір мемлекетте тату-

тәтті ғұмыр кешуінің куәсі болғанын 

мақтаныш ететінін айтқан Абдурахман 

Юлдашұлы қазақ ұлтына ризалығын 

білдірді. 

-  Жастар  ұлттық  идеяны  жүзеге 

асыру үшін Отанын сүйетін ұлтжанды, 

патриот болулары керек. Патриотизм 

біздің  қазақстандық  жастар  үшін 

этностарды біріктіретін күш ретінде 

мойындалуы  тиіс.  Татулығы  мен  

ынтымағы жарасқан елдің болашағы 

табысты,  ертеңі  берекелі  болады,  - 

деді колледж оқытушысы Сандуғаш 

Шалданбаева.

Акция  ТарМУ  акт  залында 

«Тәуелсіздік  -  елімнің  ерлік  жолы» 

атты  облыстық  патриоттық  ән 

байқауымен жалғасын тапты. Отанға 

деген сүйіспеншілігін әнмен жеткізуге 

талпынған жастар арасында түрлі ұлт 

өкілдері  болды.    Үміткерлер  сайыс 

барысында екі ән салуға міндеттелді. 

Оның бірі Отан анаға қатысты болса, 

екіншісі еркін тақырыптағы ән айтуға 

тиісті еді. 

Әуелете  ән  салғандар  арасын-

да  орыс,  өзбек,  татар,  күрді  және 

тағы да басқа ұлт өкілдері өз өнерін 

ортаға салды. Алғашқы әндерін қазақ 

тілінде айтқан қатысушылар, екінші 

кезеңдегі еркін тақырыптағы әндерін 

барынша көңілді орындауға тырысып, 

көпшіліктің қошеметіне бөленді. 

Кеш  соңында  белгілі  болғандай, 

Абай  атындағы  гуманитарлық 

педагогикалық  коледжінің  студенті 

Сымбат  Төребекова  1-ші  орын 

биігінен  көрінді.  Ал  2-ші  орын-

д ы   Ж а м б ы л   м е д и ц и н а л ы қ 

колледжінен  Аяжан  Орынбасар 

мен    Абай  атындағы  гуманитарлық 

педагогикалық колледжінің студенті 

Мөлдір  Төлебекова  иемденді.    3-ші 

орын  Күрді  ЭМБ  Делихасан  оғлы                                         

Осман, Абай атындағы гуманитарлық 

педагогикалық  колледжінен  келген 

Қаһарман Ілияс пен Асыл Жомартовқа 

және «Арт-Man» дуэтіне бұйырды. 

ғасыр Бұрынғы Бастау

 

„

1916 жылы ұлт бостандығы мен теңдігі  жолында шыбын жанын аямаған қараша 



халық қылышынан қан тамған ресейдің отарлық жүйесіне жаппай қарсы шықты. ал 

төл тарихымызда алтын әріптермен жазылған ұлт-азаттық көтерілісіне биыл  100 жыл 

толып отыр.   

Нұржан СерІКХаНҰЛЫ

    Игі шараға  қала әкімінің орынбасары 

Кенжебек Олжабай мен ҚР халықаралық 

дәрежедегі  спорт  шебері,  Рио-де-

Жанейро  қаласында  өткен  XV  жазғы 

Паралимпиада ойындарының чемпионы, 

«Жыл  адамы-2016»  атағының  иегері 

Зульфия Габидуллина  арнайы қатысып, 

бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті. 

-  Бүгінгі  еліміздің  ұстанып  отырған 

саясаты  халық  арасында  бұқаралық 

спортты дамытуға бағытталып отыр. Оған 

мемлекет  тарапынан  үлкен  басымдық 

берілуде.  Соның  арасында  елінің 

белсенді азаматтары өз еріктерімен игі 

мақсатқа  салмақты  үлестерін  қосып 

келеді.  Қала  көлемінде  жыл  сайын 

мемлекеттің  қаражатынан  бөлек, 

демеуші азаматтардың көмегімен әрбір 

мөлтек  ауданда,  қаламыздың  түкпір-

түкпірінде  спорттық алаңшалар соғылып, 

жастарымыздың  игілігіне  берілуде.  

Спортпен шынығып өскен балаларымыз 

алдағы уақытта еліміздің атын шығарып, 

жеңісті  жетістіктеріміз  көбейе  берсін. 

Осы алаңшаның ашылуына атсалысқан, 

қолдаған азаматтардың барлығына мың 

алғыс!  Бүлдіршіндерімізге  Зульфия 

апайларының  жолын  берсін!  -  деді 

Кенжебек  Мамашбайұлы.  Бұдан  әрі 

көпшіліктің  дені  төрткүл  дүниеге 

Тараздың атын шығарған чемпионның 

айтарына құлақ түрді. 

-  Мен  көптеген  шет  елдерде  болған 

кезімде олардың спорттық алаңшаларына 

қатты қызығатынмын. Мәселен, дамыған 

елдердегі әрбір үйдің ауласында балаға 

да,  орта  жастағы  белсенді  азаматтар 

мен  қарияларға,  мүмкіндігі  шектеулі 

жандарға  да  арналған  алаңшалар 

орнатылған.  Бүгінде  осындай  игі  іс 

біздің елге, сүйікті шаһарымыз Таразға 

да жетіп отыр. Бұл - қуанышты жағдай. 

Біздің бала кезімізде мұндай алаңшалар 

түгіл,  әткеншектер  де  болған  емес. 

Қазір  балапандардың  мүмкіндігі  мол. 

Балаларымыздың  дендеріне  саулық 

тілеймін. Оқуда озат атанып, әрдайым 

спортты жанына серік еткенін қалаймын. 

Ата-аналар да бүлдіршіндерін спортқа 

баулыса,  еліміздің  ертеңі  шымыр  да 

салауатты ұрпаққа аманат болады,-дейді 

Зульфия Габидуллина. 

Ал бұл спорттық алаңшаны ел игілігіне 

беруге  талпынып,  демеушілер  іздеп, 

ақыры  ілкімді  істің  нәтижесіне  қол 

жеткізген  азамат сол №41 үйдің тұрғыны, 

зейнеткер Бертай Желеубаев екен. «Осы 

үйде  тұрып  жатқаныма  10  жылдың 

жүзі  болды.  Алғаш  келгенімде  үйдің 

ауласы қалың орман еді. Оны реттедім. 

Және тұрғындардың ұсынысы бойынша 

«43»  деп  аталатын  аялдама  орнатуға 

атсалыстым. Осы маңдағы балабақшадан 

бастап тұрғын үйлердің ауласына дейін 

асфальттың төселуіне де өз азаматтық 

үлесімді  қостым  деп  ойлаймын. 

Келешек бүлдіршіндеріміздің қолында 

ғой.  Мәселен,  менің  он  үш  немерем 

бар.  Біздің  аулада  балалардың  ойнап 

тұруына ешқандай мүмкіншілік жоқ еді. 

Сондықтан    мәселе  ретінде  мазалаған 

осы  ұсынысымызды  қабыл  алып, 

демеушілік көрсеткен облыс әкімдігінің 

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық басқармасының басшысы 

Ерік Көшербаевқа алғысымыз шексіз»-

дейді Бертай ақсақал.

Аталған  аумаққа  қарасты  №42  орта 

мектептің ұстаздар ұжымы мен бастауыш 

сынып оқушылары алаңшаның салтанатты 

ашылуына орай, ән мен биден жарыса 

өнер көрсетті. Тұсаукесер рәсімінен кейін 

Бертай  Желеубаев  құрметті  қонақтар 

мен тұрғындарға, іс-шараға атсалысқан 

бүлдіршіндерге  арнап  «Балтика» 

дәмханасында кең дастархан жайды. 

 

„

 «жансая» мөлтек 



ауданы, №41 тұрғын 

үйдің ауласында жаңадан 

спорттық ойын алаңшасы 

бой көтеріп, ондағы ойын 

балаларының игілігіне 

су жаңа әткеншектер 

берілді. 

Бала шаттығы

бәрінен жоғары

Тарихтан тағылым.   суреттерді түсірген а.рысмахан.



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //

ҚАЛА-ҚАрбАЛАс

3

оқушылар 

өз Мектептеріне оралды

 

„

тәуелсіз еліміздің іргесі күн 



санап бекіп, шаңырағы биіктеп 

келеді. ұлтымыздың ертеңі 

жасыл желектей жайқалған жас 

жеткіншектердің қолында екені 

айдан анық.

 

„

жәрмеңкеде ұсынылған баға тұрғындарға тиімді болды.



Біздің өнім сапалы

Шынболат СеЙДУаЛИев

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған 

ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Тараз қаласы мен Жамбыл, 

Талас, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының және «Тараз» 

ССК» АҚ-ның тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде 

тұрғындарға  жалпы  құны  21,2  млн.  теңгені  құрайтын 

116,8  тонна  ауыл  шаруашылығы  тауарлары  ұсынылды. 

Атап айтқанда, 16  тонна ет өнімдері, оның ішінде жылқы, 



Нұржан СерІКХаНҰЛЫ

Қалалық  мәслихаттың  хатшысы  Балабек 

Нарбаев  пен  депутат  Эльмира  Мырза-Ғали  ең 

алдымен іргесі XX ғасырда қаланған №37 мек-

теп ғимаратындағы  аяқталған жұмыстың куәсі 

болды. Мектепте сейсмокүшейту арқылы жалпы 

күрделі жөндеу жүргізіліп, оған ұстаздар ұжымы 

мен  ата-аналарды  алаңдатып  келген  бұрынғы 

кемшіліктердің барлығы реттеліпті. Мектеп адам 

танымастай  өзгерген.    Мердігері  «АрМаНұр» 

ЖШС жоспарға кірмеген жұмыстарды да өз тара-

пынан атқарып беріпті. 

-  Нысан    1989  жылы  орта  мектеп  болып 

құрылған еді. Сол уақыттан бері білім ғимаратына 

ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған 

болатын.  Жалпы  жобалық  қуаты  430  балаға 

арналған.  131  млн.  теңге  қаржы  бөлінген. 

Мердігер компания жөндеу жұмысын ойдағыдай 

аяқтап,  3  қазанда  біз  мектепке  кірдік.  Мен 

жұмысқа келгенде 219 бала оқитын еді. Қазіргі 

таңда  115  балаға  артып  отырмыз.  Күрделі 

жөндеудің  нәтижесінде  мектебіміз  жаңарып 

қалды. Бұрын қыс мезгілінде қатты суық бола-

тын. Күзде, көктемде шатырынан су ағатын. Ал 

су аққан соң, мектептегі жарықтың бәрі өшетін. 

Қазір шатыр толығымен жаңарды. Есік-терезелері 

ауысты.  Қабырғалары  да  қалыпқа  келтірілді,-

дейді мектеп директоры  Бөкейхан Дүйсенбаев.

Дегенмен  білім ошағы басшысының айтуынша, 

жылу берілгеннен кейін мектептегі қабырғалар 

аздап жарылған көрінеді. Бұл кемшілікті мердігер 

компанияның  мамандары  да  мойындап  отыр. 

Және олар балалардың алдағы бірінші демалы-

сында аз-кем орын алған кемшіліктерді жөндеп 

беруге уәде беріп отыр. Бұған қоса, мектептен 

шығатын  күнделікті  негізгі  қоқыс  айына  бір-

ақ  мәрте  тазартылады  екен.  Яғни  мектеппен 

келісім орнатқан «Таза қала» ЖК білім ошағына 

үлгерімі нашар оқушылар секілді айына бір-ақ 

айсана НҰрБаП

      Тараз  қаласына  соңғы  2-3  жылда 

жаумаған ақ ұлпа биыл ерекше қаһарына 

мініп, ерте келді. Қалың жауған омбы 

қар қала табиғатының тәжіне айналған 

қарағаштардың талайының тағдырына 

балта  шапты.  Салдарынан  құлаған 

ағаштар  қала  көшелеріндегі  электр 

сымдарын үзіп, күре жолдарды жауып, 

әулиеаталықтарды әбден әбігерге салып 

қойды.  Бағдаршамдар  істен  шығып, 

жол қозғалысы қиындады. Үйлер мен 

білім  нысандары  жарықсыз  қалды. 

Тіпті газ құбырлары да істен шықты. 

Дегенмен  тосыннан төнген табиғаттың 

мінезіне  тараздықтар  төзімділікпен 

қарады. Атқамінер азаматтардан бастап, 

қарапайым тұрғындар да, қариялар мен 

жастар да көшелерді сынған ағаштардан 

тазартып,  бір  үйдің  баласындай 

ұйымшылдық танытты. Бұл игі істен  

қалалық мәслихаттың депутаттары да 

шет қалған жоқ. Халық қалаулылары 

10  «КамАЗ»,  «HOVA»  көліктерін 

бөліп,  Байзақ  батыр  көшесіндегі 

құлаған  ағаштарды  жинауға  100-ге 

жуық  жұмыс  күші  жұмылдырылды.  

Балабек Жанбекұлының бастамасымен 

атқарылған  шаруаға  №4  округінен 

сайланған  Арын  Асқарбеков  пен 

№25  округінен  сайланған  Нариман 

Мауленов өздері қатысса, депутаттар 

Бағдат Майлыбаева (№9 с/о), Талғат 

Мананов  (№11  с/о)  және  Амина 

Қайназарова  (№24  с/о)  демеушілік 

көрсетті.  Ал  депутат  Берік  Акчалов 

(№2 с/о)  3 техника, Нариман Мауленов 

3 техникамен қамтамасыз етсе, Марат 

Мырзахметов  (№15  с/о),  Жұмабек 

Бөлекбаев (№16с/о), Айдар Джузанов 

(№20 с/о) пен Талғат Манановтар бір-

бір техника жұмылдырды. 



 

„

қалалық 



мәслихаттың хатшысы 

Балабек нарбаевтың 

бастамасымен 

табиғаттың тосын 

мінезінен зардап шегіп, 

шаһарда шашылған тал 

бұтақтарын тазалауға 

халық қалаулылары да 

белсенділік танытты.

Халық 

қалаулыларының 

бастамасы

Алтын ұяның ажары артты.   



 

„

күрделі жөндеу жұмыстары  биылғы оқу жылында уақытылы аяқталмаған 



мектептердің жайы қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында. нақты 

уақытта  №37 мен №32  мектептердегі жұмыстар толығымен аяқталып, оқушыларға 

есігін айқара ашып отыр. 

тәуелсіздік - 

ел бақыты

Мамандығым ұстаз болғандықтан, балғындардың 

санасына  Тәуелсіздіктің    туын  тік  көтеріп,  әрбір 

азаматтың жүрегіне Отан анаға деген махаббат дәнін 

еккім  келеді.  Осы  орайда  Өмірбек  Жолдасбеков 

атындағы орта мектептің 4 «Г» сынып оқушыларының 

сынып жетекшісі ретінде «Елімнің бақытын тербеткен 

Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие 

сағаты барысында мектеп табалдырығын кеше ғана 

аттаған оқушыларымның санасына біз, яғни  ұстаздар 

қауымы құйған жарық сәуленің зая кетпегенін ұқтым. 

Сыныбымдағы  әрбір  оқушы  тәуелсіздік  туралы 

шығарма жазып, тебірене жыр оқып, әуелете ән салды.

Ұлтымыздың ертеңі ұлағатты ұрпағымыздың туған 

жер, Отан ана, ұлттық құндылықтар туралы жастайы-

нан санасына түйіп өскені дұрыс деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет