Күні: Пән атауы: Тіл дамыту теориясы және әдістемесі Тақырыбы



бет1/2
Дата04.03.2023
өлшемі24,31 Kb.
#71488
  1   2
Байланысты:
№2 14.02.2023. Тіл дамыту теориясы және әдістемесі


Күні:
Пән атауы:Тіл дамыту теориясы және әдістемесі
Тақырыбы: Сөйлеудің дамушы ортасын құру .
Жоспары:
1.Сөйлеу ортасының даму потенциалы
2. Әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу дағдысының ауқымы
3. Бала тілінің қызметі. Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейімен байланыстылығы

1. Тіл еліктеу процесінде дамиды. Физиологтардың мәліметі бойынша, адамның еліктеуі – шартсыз рефлекс, инстинкт, яғни тыныс алу, ему, жұту және тағы басқа сияқты үйрету қажет етпейтін, туа біткен қасиет.


Бала алғашында өзімен сөйлескен адамның (анасы, тәрбиеші) бет-жүзінен көрген артикуляцияға, сөйлеу қозғалысына еліктейді.

  • У-у-у, біз қандаймыз! - дейді анасы бала кереуетіне еңкейіп. Анасының бет-жүзін көрген сәби инстинкт бойынша еркін созады:

  • У ..... у......у.....

  • А-а-а, - деп әндетеді анасы. Сәби де қайталайды:

  • А......а.......а.....

Сөйлеу қозғалысына бұл еліктеу әлі ойсыз, инстинктті ғана. Баланың сөздік қорында белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде онымен өмір құбылысының шындығын (адамды, тамақты, белгілі бір қимылды) байланыстыруды үйренгенде де ол әлі байланысты жасауға кім үйретсе, соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинктті бола бермек. Бала балалар бақшасында сөйлеу мәнерінде тәрбиешіге, мектепте мұғалімге, сонымен бірге бала сол маңда тұратын барлық адамның сөзіне еліктейтін болады, егер сол жердің тіліндегі жалпы ерекшеліктер болады, яғни бала ересек адам да бейім диалектіде сөйлейді.
Сөйлеуде еліктеуге ересек адам да бейім келеді: әдеби тілде сөйлейтін адам, диалектілік сөйлеу бар жерде бір-екі ай тұрғаннан кейін еркінен тыс, инстинкт бойынша сол жердің ерекшелігін қабылдайды. Әйтсе де ересек адам өз сөзін саналы түрде реттей алады. Ал бала еліктеу объектісін таңдай алмайды, өзін қоршаған адамдардың аузынан естіген сөздерді ойланбастан бойына сіңіреді. Ол тіпті сөйлеудегі кемшілікті де қабылдайды. Мәселен, ересектері кекештеніп сөйлейтін семьяда балалар да, балалар бақшасына немесе мектепке барып, онда олармен логопед айналысқанша, кекештеніп сөйлейді.
Бала тәрбиеленетін стихиялы қалыптасқан сөйлеу ортасы табиғи сөйлеу ортасы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасы сөйлеу үшін, демек жалпы психиканың дамуы үшін қолайлы (егер баламен дұрыс сөйлейтін адамдар қарым-қатынас жасаса, егер олар оның «тіліне» үнемі назар аударса, сәби шағында оның сөйлеуге талпынысын құптап, кейінірек сұрақтарына жауап берсе және тағы басқа) және қолайсыз (баламен қарым-қатынас тамақтандырумен ғана шектелсе, егер онымен сөйлеспесе, яғни оның «тіліне» назар аударылмаса, сондай-ақ баланың айналасындағы адамдар дұрыс сөйлемесе, дауыс ырғағы нашар, немесе кекештенетін, ысылдайтын кемшілігі болса және тағы басқа) орта болуы мүмкін.
Бала өсіп отырған сөйлеу ортасының даму мүмкіндігі сөйлеу ортасының даму потенциалы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасының даму потенциалы ішкі себептердің әсерінен қалыптасады, реттелмейді.
Балалар мекемелерінде – яслилерде, балалар бақшаларында, мектепте - әр жастағы балалар үшін даму потенциалын жоғары, қолайлы етіп сөйлеу ортасын арнайы ұйымдастырады. Даму потенциалы әдейі жоғарылатылған сөйлеу ортасы жасанды сөйлеу ортасы деп аталады.
Орыс методикасының дәстүрінде жасанды сөйлеу ортасы тек шет тілін үйреткенде міндетті түрде жасалады. Алайда ана тілін оқыту тәжірибесі өсіп келе жатқан адамның интеллектісі мен сезімталдық-еріктік сферасын дамыту үшін де жасанды сөйлеу ортасын ұйымдастыру қажет екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет