САБАҚҚА ҚАТЫСУ
Күні _______ Сыныбы __________ Оқушы саны __________________сабақ реті___
Мұғалімнің аты-жөні _______________________________
Пәні ______________________
Сабақтыңтақырыбы _________________________________________________
Мұғалімнің іс-әрекетіне қойылатын талаптар Бағалау Оқушының іс-әрекетіне қойылатын талаптар Бағалау жақсы қанағат Қан/сыз жақсы қанағат Қан/сыз
Сабақты бастауы
Білімін тексеру және
қайталауы
Тақырыптық ауызша
деңгейі
Ғылымилығы
Логикалығы
Жүйелілігі
Сәйкестігі
Жеткізілуі
Тақырыптың ашылуы
Материалды таңдауы
Оқушыларды
ұйымдастыра білуі
Сабақтың тәрбиелік жағы
Дидактикалық
материалдарды қолдануы
Жекелей сұрау
Эмоциялық тұрғыда
әңгімені аша білуі
Педагогикалық тактикасы
Сөйлеу мәнері
Уақытты үнемді
пайдалануы
Өзіндік жұмысты
ұйымдастыруы
Объективтілігі
Үй тапсырмасы
Ұсыныстар мен кеңестер
Мақсатына жете алмаған
мұғалімнің пікірі Оқушылардың сабаққа деген назары Басында Соңында Оқушылардың сабақты сұрау, қайталау және бекіту барысындағы белсенділігі Тақырыпқа деген қызығушылығы Білімнің тиянақтылығы Өздік талқылауы Мұғалімге қатынасы Еңбек мәдениеті Сөйлеу мәнері Мұғалімге сұрақтары Өзіндік бақылауы Тәртібі Сабаққа дайындығы Сабақ үстінде Өзіндік жұмыс кезінде Түсіндіру кезінде Үй тапсырмасын беру барысында Қоңырау соғылғанда
Қорытынды ұсыныстар: _______________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ өткен мұғалімнің аты-жөні ___________________________Таныстым ___________
Директордың ТЖЖ орынбасары _______________________________________
Қазіргі кездегі сабақтың талдауын жасау
Сабақты талдау үлгісі
Қазіргі сабақ қандай болуы қажет? Қалай бүгінгі сабақта дәстүрлі және жаңашыл әдістер ұштасады?
Сабақты абстрактно талдауға болмайды. Ең басты, әр сабақта бүкіл құралдар мен әдістер қолданылады деп күтуге болмайды.
Сабақ талдағанда қандай жағдайларды ескерту қажет?
а) тақырыптың ерекшелігі;
б) мектептің мүмкіндіктері, кабинеттің, техникалық құралдардың, көрнекі құралдардың бар болуы;
в) осы сыныптың құрамы, оқушылардың қабіліт және даму деңгейі;
г) мұғалімнің жеке даралығы, дайындық деңгейі, мінез ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, бұрынғы жұмыстар нәтижелері.
Сабақты талқылау формасы:
а) педагог өзі сабағы туралы әңгімелейді: не ойлағандай болды, не жүзеге аспады;
б) сабаққа қатысушы сабақтың позитивті жақтарын талдайды;
в) содан кейін жағымсыз жақтарын талдайды;
г) содан кейін ғана кемшіліктерден құтылуға көмектесетін ұсыныстар беріледі;
д) талдаудан кейін педагог қайта өзінің пікірін білдіреді, содан кейін ғана басқа қатысушылар проблеманың талдауына қосылады.
Сабақтың сипаттамасы:
1) Қазіргі заман сабағының жалпы педагогикалық сипаттамасы:
- сабақтың тұжырымдамалық ерекшеліктері, қазіргі тұрғыларды жіктеу және оларды сабақта дарыту;
- сабақтың жалпы педагогикалық ерекшеліктері – оқу-тәрбие үрдесінің ұйымдастыру формасы;
- сабақ типологиясы, олардың әр түрлі типтері мен түрлерінің құрылым сипаттамасы (оның кезеңдері, бөлімдері).
2) Сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуы және жабдықталуы, оның әдістемелік логикасы.
Сабақты талдау және өзін – өзі талдау формалары:
1) қысқа (бағалау) талдау;
2) құрылымдық (поэтапный) талдау;
3) жүйелік талдау;
4) толық талдау;
5) құрылымдық-уақыттық талдау;
6) аралас талдау;
7) психологиялық талдау;
9) аспектты талдау;
10) құрама (комплексті) талдау.
Қысқа (бағалау) талдау – ол сабақтың білім, біліктік және дағды мақсаттарын шешетін оқу-тәрбие функциясының жалпы бағасы.
Құрылымдық (поэтапный) талдау – сабақтың үстем құрымын (элементтерін) табу және бағалау, оқушылардың танырлық қабілеттерін дамытуға қамтамасыз ететін мақсатқа лайықтылығы.
Жүйелі талдау – негізгі дидактикалық мақсаттарды шешу және бір мезетте сабақтың даму мақсаттарын шешу көзқарастан сабаққа бірыңғай жүйеге ретінде қарау.
Толық талдау – сабақ мақсаттарын жүзеге асыруды бағалау, оқушының оқу қызметі түрлері мен мазмұнының сипаттамасы, ойлау қызметінің тәсілдері мен білімді қабылдау деңгейінің аспектті талдау жүйесі.
Құрылымдық-уақыттық талдау – сабақтың әр кезеңінде уақыт қолдануды бағалау.
Аралас талдау – бір мезгілде сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттары және құрылымдылық элементтерін бағалау.
Психологиялық талдау – сабаққа қойылған психологиялық талаптардың орындалуын (даму типті оқушылардың танырлығын қамтамасыз етуі) зерделеу.
Дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды (дидактика принциптерін жүзеге асыру; оқушыларды оқыту және білім беруде қолданатын әдістер мен тәсілдерді сұрыптау, сабаққа
қажетті оқу материалдарының дидактикалық ықпал ету, оқушылардың өзіндік танырлық қызметінің педагогикалық басшылығы және т.б.) талдау.
Аспектті талдау – сабақты жан-жақты, егжей-тегжейін тәптіштеп талқылау.
Сабақтың аспектті талдау түрлері :
педагогикалық талдау;
психологиялық талдау;
әдістемелік талдау;
гигиеналық талдау.
Сабақ талдауының педагогикалық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады :
осы сабақтың басқа сабақтардың жүйесіндегі орны;
сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
сабақты ұйымдастыру;
сабақ мазмұны;
сабақ өткізу әдістері;
сабақ үстіндегі байланыс;
оқушылардың сабақта жұмыс істеуі және тәртіптері.
Сабақ талдауының психологиялық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
оқушылардың назарын басқару;
Мнемоникалық ерекшеліктерді дамытуды басқару;
ойлауды дамыту және жүзеге асыру заңдылығын есепке алу.
Сабақ талдауының әдістеме аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
сабақтың негізгі білім беру мақсаты;
сабақтың әдістеме қисыны;
әр түрлі білім беру тәсілдерін қолдану;
әр түрлі әдістеме жолдарын қолдану;
білім беруді ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану.
Сабақ талдауының гигиеналық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
сынып оқушыларының мінездемесі;
оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
оқушылардың шаршауын және қажуын алдын-алу;
кәсіби қызметте мұғалім өзін-өзі басқару жолдарын қолдануы
Сабақты талдау мақсаттары:
Білім беру сапасын, оқушылардың білім, біліктік және дағды сапасын бақылау.
Оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын бақылау.
Педагогтарға нұсқау өткізу.
Жоғарғы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету.
Мұғалімнің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себебін анықтау, жұмыста кемшіліктерді жеңу.
Мұғалімнің жұмыс жүйесін анықтау.
Сабаққа қатысу жүйесі:
Осы сыныпта белгілеген тақырып бойынша бүкіл сабақтарға қатысу.
Бір күн ішінде осы мұғалімнің әр түрлі сыныптарда өтетін сабақтарына қатысу.
Бір күн ішінде бір белгіленген сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің сабақтарына қатысу.
Бір апта ішінде бір белгіленген сыныптың сабақтарына қатысу.
Әр түрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысу.
Сабақтарды бақылау бағдарламасы:
I тип. Үйрену (зерделеу) және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы бекіту сабағы.
Мақсаты:оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы есте сақтауларын ұйымдастыру.
II тип. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушының білімін және қызмет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету.
III тип. Білім мен қызмет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Мақсаты:оқушылар кешенді білімдері мен қызмет тәсілдерін өз беттерімен қолдануларына мазмұнды және ұйымдастырылған жағдай жасау.
IV тип. Білім мен қызмет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы.
Мақсат:оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін жинақтауды ұйымдастыру.
V тип. Білім мен қызмет тәсілдерін тексеру, бағалау, өңдеу сабағы.
Мақсаты:оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру; оқушыларды өз білім мен қызмет тәсілдерін өңдеуін ұйымдастыру;
Сабақтың жалпы педагогикалық талдауын жасау үлгісі
Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
Сабақты ұйымдастыру:
а) сабақтың типі;
ә) сабақтың құрымы, оның бөлек элементтері, оның жүйелігі және уақытты мөлшерлеу; сабақтың құрастырылуы оның мазмұны мен мақсатының сәйкестігі;
б) сынып оқушыларының сабаққа дайын болуы;
в) сабақ бойы оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру; сабақта жаппай, топтық, ұжымдық жұмыстарды үйлестіру;
г) сабақтың тығыздығы; уақытты ұтымды қолдану.
Сабақтың мазмұны:
а) материалдың ғылымилығы;
ә) оқушылардың әр түрлі әрекет түрлері мен сабақтың кезеңдерінде материалдарды дұрыс қолдану;
б) сабақ мазмұны мұғалім жұмыс істейтін бағдарлама талаптарына сәйкес болуы;
в) сабақтың тәрбие бағыттылығы;
г) теорияны тәжірибемен байланыстыру; мұғалім теорияның тәжірибелік қажеттілігін ашу; оқушыларды алған білімін практикада (тәжірибеде) қолдануды үйрету;
д) жаңа оқып жатқан материалды алдында өткенмен байланыстыру; өткенді қайталау жолдары;
е) пәнаралық байланыс;
ж) мұғалімнің тілі: сауаттылығы, сезімділігі, тіл байлығы;
з) оқушының білім, біліктілік және дағды сапасы;
и) оқушылар тілі.
Сабақ өткізу әдістемесі:
а) сабақ жабдықтары, сабақтың әр кезеңінде көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану;
ә) сабақтың әр кезеңінде мұғалім қолданатын әдістері мен жолдары;
б) сабақтың мазмұны мен мақсатарына, оқушылардың жасы мен деңгейіне әдістерднің сәйкес болуы; қолданған әдістердің тиімділігі;
в) оқушылар алдында сабақ мақсатын қою және қорытындысын шығару;
г) сабақта үлгермейтін және нашар үлгеретін оқушылармен атқарылған жұмыстар;
д) мұғалім белсенді оқыту әдістерін меңгеруі; осы әдістерді сабақта қолдануы мақсатқа лайықтылығы;
е) мұғалімнің оқушылар білім сапасын бағалау жүйесі; оның педагогикалық құндылығы.
5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
а) жеке оқушылардың және сыныптың белсенділігі;
б) оқушылардың сабаққа деген көзқарасы, сабақ материалына қызығушылығы;
в) оқушылардың мұғалімге көзқарасы;
г) оқушылардың тәртібі мен ұйымдасқандығы;
д) оқушылардың тілі; қойылған сұрақтары.
7.Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
Сабақтар модельдерінің суреті
Қызмет түрлері бойынша
Қызмет түрлері мен сабақ кезеңдері бойынша
Аспектілер мен көрсеткіштер бойынша
Сабақты өзі талдау жасау жаднамасы
Сабақты өткізу ой және жоспар алғашында қандай еді, неге?
Сабақтың осындай таңдау жасауға не негіз болды?
Ол алдындағы сабақтармен қалай байланысты, нені тірек етеді?
Осы сабақ қалай келесі сабақтарға, тақырыптарға, тарауларға ықпал етеді?
Қалай сабақ дайындағанда бағдарлама талаптары, білім беру стандарты, осы мектептің даму стратегиясы есептелді?
Осы сабақтың ерекшелігі, бірегейлігі неде?
Қалай және неге осы сабақ формасы таңдалған?
Сабақ дайындалғанда сыныптың, оқушылардың ерекшеліктері есепке алынды?
Сабақтың негізгі мақсаттары.
Сабақтың құрамы мен жылдамдығының таңдалуы неге негізделеді?
Сабақтың нақты барысы, мұғалім мен оқушының байланыс сипаттамасы неге негізделеді? Не себепте осындай мазмұн, әдістер, тәсілдер, формалар қолданылды?
Сабақ өткізу үшін қандай жағдайлар жасалған (әлеуметтік-психологиялық, оқу-материалдық, гигиеналық, эстетикалық, темпоритмикалық)?