Книга представляет читателю статьи, очерки, эссе, воспоминания народной артистки ссср, композитора Газизы



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі2,49 Mb.
#10634
түріКнига

 

 

Газиза Жубанова.  



 «Мир мой - Музыка». 

 

    Книга представляет читателю статьи, 

очерки, эссе, воспоминания народной 

артистки СССР, композитора Газизы 

Жубановой.  Сочинениям автора 

присущи значительность охвата 

актуальных проблем современного 

мира, философская обобщенность и 

драматическое действенное начало, 

цельность, логичность формы и 

субъективная лиичность высказывания, 

уходящие глубокими корнями в 

традиционную национальную 

музыкальную  культуру.  

 

 



 

 

 



 

 

Асанов Жұбаназар. 

Едіге: аңыздар мен жырлар. 

 

  Монографияда әлемдік фольклордың 

алтын қорына кіретін, түркі 

халықтарына ортақ  «Едіге» және Едіге 

ұрпақтарына қатысты «Орақ-Мамай», 

«Қарасай-Қази» жырларының ұлттық 

версияларына салыстырмалы сараптау 

жасалған. Бұл жырлардың осы уақытқа 

дейінгі зерттелуі мен теориялық 

негіздері қарастырылып, генезисі, 

типологиясы, поэтикасы тексерілген. 

Монография ғылыми қызметкерлерге

оқытушылар мен студенттерге, 

магистранттарға, сондай—ақ жалпы 

оқырманға арналған. 

 

 

 



 

 


 

Қазақ  мақал-мәтелдерінің 

Алтын кітабы. 

 

  Бұл кітапта қазақтың 8675 мақал-

мәтелі жинақталған.  Басқа 

жинақтардан ерекшелігі – халық ауыз 

әдебиетінде ертеден келе  жатқан, бірақ 

бұрын-соңды қолданысқатүспеген тың 

мақал-мәтелдер топтастырылған.  

Оқырман қауым өздерінің сөздік қорын 

жаңа дүниелермен толықтыра отырып, 

жақсы өсиет, мол тәлім-тәрбие алары 

сөзсіз. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. 

 

   Кітап қазақ, орыс, ағылшын 

тілдерінде. 

   Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, 

философ, композитор және көрнекті 

қоғам қайраткері. Абайдың әдеби 

мұрасына енген өлеңдері, поэмалары, 

аудармалары және ерекше стильде 

жазылған философиялық «Қарасөзі» 

ақынның терең ой толғаныстары мен 

жан дүниесінің көп жылғы жемісі. 

Ақынның асыл мұрасы әдебиет  

тарихында қазақ халқының  рухани 

мәдениетінің шыңы болып табылады. 

Ұлы ақынның халқына аманат қылып 

қалдырған филосиялық еңбегі 

данышпан ойшылдың рухани 

кәмілдігінің дәлелі. 

 


 

Махамбет. Жорық жырлары. 

 

  Қасыретті ғұмыр кешкен ақын, 

«жауырыннан өтін алса да, жамандарға 

жалынбас» деген қағидамен өмір кешті. 

 Асыл мұрат. Жайықтың бойында 

сөзінің құдыреті ойнаған отты  жырлар 

жарқылдады. Жаужүрек сарбаздардың 

намысы тасыды, қуатқа қуат қосылды. 

Сөз құдыретін дәл Махамбетше 

есілткен ақын бұл қазақта кемде кем.  

Қорғасындай салмақты, алтындай саф 

таза асыл сөз Нарынның құмынан 

әуелей көтеріліп, бүкіл қазақ даласына 

тарады. Ердің намысын қайрады. Ездің 

үрейін ұшырды. Қайран Махамбеттің 

жырлары! 

 

 



 

 

Жақсыдан – үйрен, жаманнан-жирен. 

 

   Сіз балаңыздың мінез-құлқына, 

тәрбиесіне қаншалықты мән бересіз? 

Балаңызды достық, қайырымдылық, 

табандылық, әділдік, құрмет, 

адамгершілік, жауапкершілік сияқты 

ізгі қасиеттерге қалай үйретіп жүрсіз?  

«Жақсыдан-үйрен, жаманнан-жирен» 

атты кітап осы мәселелер туралы сөз 

етеді. Адамдардың жағымды қасиеттері 

қызықты оқиғаларға мысал келтіріле 

отырып сипатталады. 

   Әрбір оқиғаның соңында психолог 

ата-анаға салиқалы кеңестер беріп, 

кітаптың маңызын арттыра түседі. 

 

 

 



 

 

«Негеш» балалар энциклопедиясы. 

Дитрих А., Юрмин Г., 

Кошурникова Р. 

 

   Қазақ тіліне авторлар ұжымы 



аударған.  «Негеш» осынау 

бүлдіршіндердің сан алуан «негесіне» 

жауап беретін анықтама кітап.  Әр 

жауапты ертегі тілмен жеңіл баяндай 

отырып, баланы қызықтыру арқылы 

бірте-бірте күрделірек ұғымдарды 

игеруге жетелейтін таным әліппесі. 

Кітап бүлдіршіндерге үлкендердің оқып 

беруіне арналған.  

 

 



 

 

 



 

 

Домбыра. 

Тұрдығұлов Ж.А., Рабилова З.Ж. 

 

  Бұл оқу құралында қазақ халқының 

дәстүрлі домбыра жасау технологиясы 

бойынша ерекше дизайн мен қосымша 

бағалы материалдарды пайдалана 

отырып жасаған музыкалық 

аспаптарының жасалу сатысы 

барысында түсірілген құнды 

иллюстрациялық фотосуреттері 

берілген. Сонымен қатар автордың  көп 

жылдық тәжірибесінде зерттеген 

домбыраның түрлері, сызбалары және 

жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері 

енгізілген. Иллюстрациялық 

материалдар жас шеберлердің автордың 

технологиясы бойынша өздігімен 

домбыра жасауына көрнекті құрал бола 

алады.  


 

Қазақ тазысы. Тоқтабай Ахмет. 

 

    Кітап қазақ, орыс, ағылшын 

тілдерінде. 

    Ит жүгірту-қазақтың ат баптау, құс 

салу сияқты  көне замандардан келе 

жатқан дәстүрлі өнері.  Аңшы иттердің 

ішінде қазақ тазысы өзіндік орны бар 

айтулы тұқым.  Еліміз егемендік алғалы 

әр аймақта тазы асырап, аң аулау үрдісі 

жаңғырып келеді. Кітапта қазақтың ит 

ұстау мәдениеті, оның ішінде тазы 

асырау тәжірибесі тарихи деректер мен 

нақты мәліметтер негізінде баяндалады. 

 

 

 



 

 

 



 

ХҮІІІ ғасырдағы қазақ-башқұрт ара 

қатынастарындағы  саяси және 

этникалық үрдістер. Избасарова Г.Б. 

 

Монографияда кең ауқымды деректер 

негізінде ХҮІІІ ғасырдағы Еділ-Жайық 

аймағында және Қазақстанның 

солтүстік-батыс бөлігінде орын алған 

тарихи оқиғалар сипатталған.  Қазақтар 

мен башқұрттардың ру-тайпалық 

құрамына, аты аталған халықтардың 

қалыптасуы кезеңдеріне және екі түркі 

халқының  өзара байланысының тарихи 

тамырларына ерекше мән берген.  

Қазақтардың ХҮІІІ ғасырдағы башқұрт 

көтерілістеріне  қатысу мәселесі 

ашылған. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет