Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Достық шеңбері» жылулық шеңбері
Балалар шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген балаға отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы шақырғаны жөн).Педагог «Күлгін көзілдірікті» киіп «күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады.Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,ортадағы баланы мадақтайды. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
1-топ «Бақыт жалаулары»
2-топ «Арман жалаулары»
3-топ «Қуаныш жалаулары»
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
Сабақтың ортасы
|
Ширату тапсырмасы.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
(С) Оқушыларға судың шуын тыңдауды ұсыныңыз (теңіздің толқуын, тамшының түсуін, өзендегі судың сылдыры, жаңбырдың шуы)
• Сіздер қандай дыбыстарды естідіңіздер?
• Сабақтың тақырыбын анықтай аласыздар ма?
• Судың шуы неге әр түрлі дыбыс шығарады?
(К) (С)Оқушыларға кәсіби суретшілердің түрлі ауа-райындағы су бетінің бейнелері жазылған туындылары мен реалистік фотосуреттерді көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз:
• Су қалай бейнеленген?
• Қандай мәнерлеу элементтері қолданылған?
• Көңіл-күй қалай берілген?
(Т) (Т) (Қ)Оқушылар түстер мен реңктерге назар аудара отырып, су бетінің түрлі қалыпын бейнелеу үшін әртүрлі көркемөнер материалдары мен техникалармен эксперимент жасайды:
• су бетінің тыныштық қалыпын бейнелеу үшін акварельмен ылғалды жазу техникасын ұсынуға болады;
• су бетінің шымырлануын бейнелеу үшін оқушылар араласа техника қолдануына болады: акварель, гуашь, ақ балауыз боры (қағаз бетіне ақ балауыз бормен доға тәрізді сызықтар салып, үстінен түрлі-түсті бояумен балауыз бордың ізі қалатындай етіп бояп шығу);
• су бетінің дауыл кезіндегі қалыпын, көбік пен су тамшыларын бейнелеу үшін гуашь пен қалың щетина қылқаламын қолдану ұсынылады.
Топтың эксперименті аяқтаған соң оқушылар зерттеу нәтижелерін салыстырып, сұрақтарды талқылайды:
• сіз су бетін қалай бейнеледіңіз?
• сіз қандай визуалды элементтер қолдандыңыз?
• сіз жұмысыңызда қандай көркемөнер материалдарын қолдандыңыз?
• сіздің жұмысыңызда қандай түстер мен реңктер кездеседі?
Мұғалім сабақты оқушылардың назарын орындаған зерттеу нәтижесіндегі дағдыларын келесі сабақта пайдаланатындығына аудара отырып, қортыныдылау қажет.
(Т) (Қ) Оқушыларға техника қауіпсіздігі ережелерін ұстануды ескерту.
Дескриптор:
Әр түрлі материалдармен жұмыс жасау, түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданып шығармашылық идеясын дамыта алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |