Ко-42 тобы. Жанкур Мадина 7 соөЖ тақырыбы



бет1/3
Дата23.10.2022
өлшемі28,27 Kb.
#45043
түріОқулық
  1   2   3

КО-42 тобы. Жанкур Мадина


7 СОӨЖ тақырыбы:
1930 жылдардағы қазақ әдебиеті сынының дамуы.


Сұрақтар:
1. Маркстік лениндік әдіснама және сын.
30 жылдардың бас кезінде жарық көрген оқу құралдары мен оқулық-хрестоматиялар тек әдебиет тарихын зерттеу мен дәуірге бөлуде ғана емес, жалпы әдеби-теориялық, әдеби-тарихи, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің өсу, кемелдену, дәуір талабына сай маркстік-лениндік әдіснаманы игере отырып тереңдеу жолын да көрсетеді. Бірақ, бұл процесс ешбір кідіріссіз алға баса берген жоқ. Оған басты себептердің бірі «тұрпайы социологизмнің» қатты өріс алуы еді. Осы кемшіліктер 1934 жылы М.Жолдыбаев, М.Қаратаев, Ә.Қоңыратбаевтар бірігіп құрастырған «Әдебиет хрестоматиясынан» айқын көрінді. Онда ұлттық әдебиет тарихы дәуірге бөлінбегенмен, ақын-жазушылар өмір сүрген кезеңіне байланысты хронологиялық тәртіппен берілген. Әрқайсысының өмірбаяны келтіріліп, әдебиет тарихында алатын орны бағаланған. Авторлар «Ертегілер» және «Шаруашылық өлеңдер» деген алғашқы бөлімдерде бұл өлең- жырлар еңбекшілердің ой-арманын, ал негізінен таптық мүддені көрсететінін ерекше айта келіп, төңкеріске дейінгі әдебиеттен Ыбырай, Абай, М.Ж.Көпеев, С.Торайғыров шығармаларына кең орын береді. Олардың өмірбаянын сөз қылғанда ата-тегіне көңіл аударған. Сол себептен Ы.Алтынсаринді «Қазақ феодалдарының патша үкіметіне берілген, туып келе жатқан капитализмді мойындаған мәдениетшіл жігінің ақыны» деп, ал Абайды «қазақ феодалдар табының ақыны, құдайшыл ақын» деп таныстырады. М.Ж.Көпеев пен С.Торайғыровта молда-билерді, бай-болыстарды сынап-мінеу, әшкерелеу айқын көрінетінін атап көрсете отырса да, «Мәшһүр пролетариат ақыны болған емес. Ол негізінде буржуазияшыл-төңкерісшіл ақын, буржуазиялық ұлт қозғалысының солшыл ақыны» болып бағаланады да, С.Торайғыровтың ағартушы-демократтық бағытынан көрі алашорданы жақтағанына баса тоқталынып: «Алашорда жеңілгеннен кейін сары уайымға, торығуға түскен, тап тартысынан қашықтап, қысыр қиялға берілген, буржуазияшыл- ұлтшыл ақындардың бұқарашыл сол қанатының мәдениетшіл ақыны» екені ерекше көрсетіледі. Авторлар бұл ақындардың шығармаларын маркстік-лениндік сыншыл көзқараста ғана оқып,пайдалану керектігін ескертуді де ұмытпаған. Хрестоматияда бұлардан соң Сәкен, Бейімбет, Ілияс, С.Мұқанов, О.Бековтердің шығармашылығына орын беріп, өмірі, жазушылық жолы, қазақ пролетариат жазушылары екенін атап өтіп отырған. Орыс жазушыларынан Чехов пен Горький кіргізілген.
Маркстік эстетиканы дамыту жолында біршама үлес қосқанмен Г.Плехановтың методологиялық теорияларының бір жақтылығы, әсіресе, Толстойдың суретшілдігі мен ойшылдығын бір-біріне метафизикалық тұрғыда қарама-қайсы қоюын, Е.Онегин туралы «жұмысшы адам бұл романның ішкі мазмұнын мүлде түсінбейді» деген секілді пікірлерін, В.Г.Белинскийдің ғылыми мұрасы туралы біржақты көзқарасын маркстік-лениндік әдіснама көп ұзамай қатты сынап, «Плеханов ортодокциясы үшін» ұраны заман талабынан шығып қалды. Алайда осы ұранға сай жазылған мақалалардағы әдеби-теориялық ой-пікірдің ізденісін түбегейлі қате деп табу дұрыс емес. Заман талабына сай үстемдік құруға қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан маркстік-лениндік әдіснаманың қағида-қисындарына икемделу жолындағы ұмтылыстары болатын. Өйткені, бұқарашыл ақын-жазушылар, яғни Алаш арыстары «ұлтшыл және тап жауы» ретінде жойылғаннан кейін, ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді дамытушы төңкерісшілер ғана болды да, алға ұстар жалғыз-ақ бағыт қалды. Ол - маркстік-лениндік әдіснама еді.
Бұл белгілі бағытта ізденістер сипатын танытқанымен, 1930 жылдардың бас кезіндегі сыншылдық және әдеби-теориялық ой-пікірдің тұрпайы социологизм ықпалында қалуына басты себеп болды да, қазақ әдебиетін теориялық тұрғыда зерттеудің негізгі мәселелері назардан тыс қалды. Тұрпайы социологизм ықпалындағы солақай сыншылдыққа сол кездегі өлкелік партия комитетінің саяси басшылығының да әсері аз болмады. Негізінен тұрпайы социологизм - маркстік-лениндік ілімнің туын көтеріп шыққан теория еді. Бірақ кемшілігі тапшылдықты тым дөрекілендіріп жіберді. Мысалы, тұрпайы социологизмнің 1930 жылдардың басында қатты өріс алуына Сталиннің «Большевизм тарихының кейбір мәселелері туралы» атты хаты қатерлі мән атқарды. Бұл хат бойынша өлкелік партия комитеті мен марксизм-ленинизм институтының «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстандағы күрес міндеттері туралы» қаулысы жарияланды. Онда «алашордашылардың ықпалынан шыға алмай келе жатқан қазақ әдебиеті мен сынының мәселелеріне ерекше назар аударылуы қажеттігі» атап көрсетілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет