Көбіктер және олардың қасиеттері Орындаған: Юсупова Д

бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі138,37 Kb.
#50237
1   2

Басқа дисперстік жүйелер сияқты көбіктер үшін де тұрақтылық, агрегаттық және седиментациялық болып екіге бөлінеді. Көбіктер термодинамикалық тұрақсыз лиофобты дисперстік жүйелер болып табылады. Артық беттік энергия (2- формуланы қара) көпіршіктің шамасының өсуіне, көбіктің дисперстілігінің азаюына, бұзылуына әкеледі, сол себепті ол көбіктің агрегатты тұрақсыздығын анықтайды. Сұйық дисперсиялық болатын көбіктер барлық лиофобтық дисперстік жүйелердің ең тұрақсызы болып табылады. Көбіктердің агрегаттық тұрақтылығын сипаттайтын негізгі параметрі меншікті беттің (Vмб) немесе көбіктің көлем бірлігіндегі азаю жылдамдығы шамасының олардың іріленуінің (Vмб 1 ) нәтижесінде көпіршіктердің өсуі болады. Агрегатты тұрақтылық (АТ) деп меншікті беттің В1 кері шамасы 397 жылдамдығына немесе көпіршіктерінің орташа шамасының а өсуін айтады:

Ат=1/Vмб, (Vмб)=-dB1/dτ
Ат 1 =1/Vмб 1 ,(Vмб) 1 =-da/dτ
Әр түрлі көбіктердің агрегаттық тұрақтылығын Vεмб қарастырғанда меншікті бетті немесе көпіршік шамасын бірдей етіп алады:
V ε мб=(dB1/dτB)(V1 мб) ε =(da/dτB)∙a
Практикада көбіктің агрегаттық және седиментациялық тұрақтылықтың бағасын тұрақтылық коеффициенті Кт арқылы көрсетіледі.
Кт= τб\Vκ
мұндағы τб- бұзылу уақыты, Vк- көбіктің бастапқы колемі. Тұрақтылық константасын белгілі биіктіктегі (көбінесе 3 немесе 5см ) көбік бағанасының өмір сүру уақыты мен анықтайды.
Көбікті алу үшін және оған қажетті тұрақтылық беру үшін көбік түзушілер деп аталатын арнайы заттар қолданылады, көбік түзушінің екі түрі болады. Көбіктүзушілер бірінші түріне өмір сүру уақыты 10сек болатын тұрақтылығы аз көбіктер жатады. Оларға спирттер, май қышқылдарының төменгі мүшелері БАЗ-дың басқа түрлері жатады.
Көбіктүзушінің екінші түріне сабын және синтетикалық коллоидтық БАЗ жатады. Бұл түрге жоғары молекулалық қосылыстардың біраз қатарлары, ақуыз, желатин т.б. жатады. Ұқсас реагенттердің әсерінен өмір сүру уақыты минутқа, тіпті сағатқа созылады.
Суды шайқау арқылы алынатын көбіктер тез жойылады. Ұнның золі бірінші түрдегі көбіктүзушілер қатысында көбік түзеді. Құрамында екінші түрдегі көбіктүзушілер болатын көпіршіген қаймақ өте тұрақты жүйе болып табылады. Көбіктүзуші қабатында көбіктің тұрақтылығы бірге немесе бөлек әсер ететін кинетикалық құрылымды - механикалық және термодинамикалық факторлармен анықталады. БАЗ қолданылатын жағдайда бұл факторлар-молекулалардың көбік қабыршығының сұйық жұқа қабатына адсорбциялануы нәтижесінде орындалады.
Түзілген көбікті бұзу үшін әр түрлі механикалық, физикалық және химиялық әдістер қолданылады.
Түзілген көбікті бұзу үшін әр түрлі механикалық, физикалық және химиялық әдістер қолданылады.
Механикалық әдіс айналдыру (центрифуга, шайқағыш) және басқа қондырғылар көмегімен ауаның ағыны арқылы жүзеге асады. Физикалық әдістер электромагниттік сәуле және вибрацияны қолдану нәтижесіндегі термиялық әрекеттесуге (қыздыру, суыту) негізделген. Химиялық әдіс "көбіксөндіргіштер" деп аталатын арнайы зат қосыу арқылы көбіктүзушілермен күресуге арналған әдіс. Кең таралған көбіксөндіргіштерге майлар, қатты майлар, кейбір БАЗ, эфирлер, майлы қышқылдар және органикалық қосылыстар қатары жатады. Мысалы, қант өндірісінде түзілген көбік дайын өнімге жабысса, көбіксөндіргіштер ретінде күкірті бар органикалық қосылыстар қосады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет