Кодекс Куманикус сөздігіне тақырыптық-мазмұндық шолу жасау; -бұл еңбектердің тілін зерттеген ғалымдардың еңбегіне баға беру


«Кодекс Куманикус» қолжазба ескертішін зерттеген ғалымдар



бет3/4
Дата07.04.2023
өлшемі208,68 Kb.
#80174
түріКодекс
1   2   3   4
Байланысты:
Аубакир Дана Кодекс Куманикус

«Кодекс Куманикус» қолжазба ескертішін зерттеген ғалымдар

«Кодекс куманикус» жазба ескерткіші­нің жазылу тарихы, оның тілдік ерекше­ліктері жайында көптеген ғалымдар зерт­теп те, жазып та келеді. Олардың қатарынан 1828 жылы «Қыпшақтар кітабы» жайында алғаш ма­қала жазған Г.Клапротты, А.Гар­кавецті, Я.Дашкевичті, Ә.Құрыш­жановты, Н.Ке­лім­бетовті, М.Жолдас­бе­ковті, А.Кы­рау­­бае­ваны және басқа да ғалымдарды атап өту керек. Жақында осы ғалымдардың қа­тарына «Кодекс куманикус» – бабалар бол­мысының баяны» атты ғылыми кітабы­мен журналист-қаламгер Зәкім Жайлыбай қосылды.


«Алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей, автор 1964 жылы Қазақ мем­лекеттік университетін бітірерде жазған «Кодекс куманикус» ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру» (қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық) атты диплом жұмысын орта жолда тастамай, оны жаңа ой-пікірлерімен толықтырып, іргелі зерттеу жүргізіпті. Зерттеуші З.Жайлыбай ғылыми еңбегін «Кодекс куманикус» – бабалар болмы­сының баяны» деп өте орынды атаған. Себебі осы әдеби жәдігер арқылы кейінгі ұрпақ өздерінің бабаларының әлемді тітіреткен ұлы держава құрып, қыпшақ тілінің қазіргі ағылшын тілі сияқты халық­аралық қатынас тілі дәрежесіне жеткенін мақтаныш етеді. Автордың зерттеу ны­санына алған осынау жазба ескерткішті зерделеу барысында өзіндік соны пікір­лерін Тәуелсіз елдің азаматына сай тал­ғаммен ұштастыра отырып, ұлттық дүниетаным тұрғысында қазіргі қазақ тіл білімі саласында алар орны жоғары, маңызды да келелі мәселелерді қам­тығандығы байқалады.
«Кодекс куманикустің» бірінші бөлімін ең алғаш француз тіліне аударып бастырып шығарған көрнекті ориенталист, синолог, академик Генрих Юлий Клапрот (1783-1835) болды. Ол өзінің «Азия туралы зерттеулер» деген диссертациялык жұмысында қолжазбаны «Ф. Петрарка кітапханасынан
алынған латынша-парсыша-куманша сөздік» деген атпен жариялады (Париж, 1828 ж.) «Кодекс Куманикусті» екінші рет түгелдей (екі бөлімін де) латын тіліне аударып, 1880 ж. Г. Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Алғы сөз» бен үлкен «Кіріспе» бар. Кіріспеде кумандардың тарихы, олардың басқа түрлі халықтармен (хазарлармен, печенегтермен, массагеттермен,Туран ойпатынжайлаған тағы басқа тайпалармен,орыстармен)қарым-қатынасы, ру-тайпалық құрылысы, (аномастика мен топонимика бойынша) ерекшеліктері, діні, саяси-әлеуметтік құрылысы сияқты мәселелер сөз болады.
«Кодекс Куманикус» үшінші рет В.В.Радловтың аудармасымен Санкт-Петербургте басылып шықты (1887). Бірақ бұл толық аударма емес: Г.Кун баспасының әр жерінен бір үзінді алған да, оны орыс алфавитінің үлгісімен траяскрипциялап, неміс тіліне аударып берген.
Бұл басылымның мазмұны мынадай:
1)Алғысөз. Онда куман тілінде келтірілген 15 жұмбақ талданады.
2) Куманша-немісше сөздік (2217 сөз).
3) Жеке сөйлемдер мен сөз тіркестері.
4) Куман текстері мен олардың аудармалары:
5) Сөз тізімі (3024 сөз).
6) Түзетулер (33 сөз).
1936 ж. Дания ғалымы К.Гренбек қолжазбаның түпнұсқасын (факсимилесін) басып шығарды. Бұл «Кодекстің» 4-рет басылуы еді. Мұның өзі ескерткіштің кейінгі зерттеушілеріне тұпнұсқамен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызып, кейбір сөздің дұрыс-бұрыстығы туралы осыған дейін болып отырған айтыс-тартыстан құтқарды.
«Кодекс Куманикустың» соңғы, бесінші баспасы да К. Гренбектің қолынан жарық көрді. Ол куманша-немісше сөздік есебінде арнаулы алғы сөзімен қоса жарияланды (1942 ж., Копенгаген, 2728 сөз). Онда алғы сөзден басқа куман сөздерінің орфографиясы мен орфограммасы, куман тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, сөз жасау тәсілдері жайында бірқыдыру әңгіме болады. Мұндағы куман сөздері латын әріптерінің негізін де жасалған ғылми транскрипциялық жүйемен берілген. Әр сөздің түпнұсқасы қолжазба бойынша дәл көрсетіліп отырылды. Сөйтіп, К.Гренбек баспасының арқасында куман сөздерінің оқылу принциптері бір ізге түсіп, көп жеңілдік тапты. Соңғы іргелі зерттеулердің бірі А.Н.Гаркевицтің толық басылымын ерекше айту керек. Бұл басылымда «Кодекс куманикус» туралы мәліметтері мен ғылыми аудармалары толыққанды зерттеліп ұсынылған.
Қазақ ғылымында «Кодексті» бірінші болып белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбжан Құрышжанов зерттеп, көптеген еңбектер жазды. 1956 жылы ол «Кодекс Куманикус» тілінде септіктердің тұлғалары мен мағыналары» деген тақырыпта кандидаттық, 1968 жылы «ХІІ-ХІV ғасырлардағы ескі қыпшақ ескерткіштері» деген тақырыпта докторлық диссертациялар қорғады
1978 жылы Ә.Құрышжановтың А.Жұбанов, А.Белботаевтармен бірге «Куманша-қазақша жиілік сөздік» деген атпен дайындап шығарған «Кодекстің» қазақ тіліндегі тұңғыш басылымының маңызы зор болды. «Кодекстің»әдеби жағынан зерттелуіне әдебиеттанушы-ғалымдар Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, С.Қасқабасов өзіндік үлес қосты.Сонымен бірге ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы қыпшақ жазба ескерткіштерін қажымай зерттеп келе жатқан белгілі түркітанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Гаркавецтің де еңбегін ерекше атау керек. Ғалымның көп жылғы ізденістерінің нәтижесінде 2006 жылы Москвада «Кодекстегі» қыпшақ мәтіндері алғаш рет орыс тілінде басылып шықты. «Кодекстің бұл жаңа жарияланыимында түркі тілдес халықтарға ортақ 47 жұмбақ, түрлі діни мәтіндер мен өзіндік құманша уағыздар жарияланған. Зерттеу барысында «Кодекстің» Гаркавец жариялаған осы басылымының материалдары пайдаланылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет