Қарақалпақ әдебиеті. Фольклоры. Қарақалпақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия кезеңі. Бердақ шайыр. Кейінгі дәуір әдебиеті. Жолмырза Аймырзаев, Төлепберген Қайыпбергенов шығармашылығы



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі23,87 Kb.
#117111
  1   2   3

Қарақалпақ әдебиеті. Фольклоры. Қарақалпақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия кезеңі. Бердақ шайыр. Кейінгі дәуір әдебиеті. Жолмырза Аймырзаев, Төлепберген Қайыпбергенов шығармашылығы.
Сұрақтар:

  1. Бердақ шайыр шығармаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, жанрлық түрлері қандай?

  2. Жолмырза Аймырзаев мұрасының қарақалпақ әдебиетін дамытудағы рөлі қандай болды?

  3. Төлепберген Қайыпбергенов туындыларының танымдық-тәрбиелік мәні неде?

Қарақалпақтардың мәдениеті. Қарақалпақтардың фольклорлық шығармалары - «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадияр», т.б. батырлық, лиро-эпостық дастандары ерте ғасырларда дүниеге келген. Жазба әдебиеті 19 ғасырдан басталады. Осы кезде Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ), Күнқожа Ибрайұлы (1799-1880), Әжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қарғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүгірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-1927), Садық Шаир (1857-1917) сияқты ақындардың өлең-жырлары ел ішіне кең тарады. Туыстас қазақ және қарақалпақ халықтарының ауыз әдебиетінде ортақ үлгілер көп. Солардың бірі «Қырық қыз» дастаны. Ұлт әдебиеті Кеңес үкіметі жылдарында сапалы - кәсіби шығарма деңгейіне көтерілді. Проза-драматургия жанрында жаңа туындылар жазылып, әдеби сын дамыды.Ұлттық әдебиеттану ілімі қалыптасты. ХХ ғасырдың 50-жылдары жазылған А.Бегімовтың «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Әмудария жағасында» (1958) романдары сондай-ақ, Т.Қайыпбергеновтың «Қарақалпақ қызы» (1963-65) атты кітаптары қарақалпақ прозасын биікке көтерді. Осы жылдары жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгул-абат», «Бердақ», А.Бегімовтың «Боз отау», «Ашық Ғаріп», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», С.Хожаниязовтың «Сүймегенге сүрінбе», «Жас жүректер» пьесалары республика театрларының репертуарларын байыта түсті.
Қарақалпақстанда ұлттық қолөнер зергерлік машық дәстүрлерін дамытқан қол өнер шеберлері - мүсіншілер: Ж.Құттымұратов, Д.Төренияов, кескіндемешілер: Ж.Беканов, Б.Серекеев, А.Құрбанбаев, Қ.Бердімұратов, Қ.Нәжімов, т.б.
Қарақалпақтардың музыкалық мәдениеті 20 ғасырдың бас кезінде халық шығармаларының түрлері дамыған. Музыкалық аспаптары: дутар, қобыз, ғыржах, баламан, най, сырнай, дәп, шаңқобыз. ХХ-ғасырдың 50-жылдарынан бастап симфониялық оркестрге арналған шығармалар, хорлар, спектакльдерге арнап музыкалар жазылды.1959 жылы Қарақалпақ әндерінің жинағы баспадан шықты. Республикада музыкалық-драма театры, ұлттық филармония, музыкалық-хореография сияқты бірнеше мектептер жұмыс істеді. Осы ұжымдар қабырғасында А.Шамұратов, С.Әуезова, О.Дәулетов, З.Зарипов, Ю.Мамұтов, Р.Сейітов, Г.Шеразиева, Х.Сапаров, т.б. өнер шеберлері тәрбиеленіп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет