Байланысты: «Кодекс Куманикусты », « ор ыт Ата кітабыны » Дрезден мен
Докторлық диссертацияға - ғылыми-зерттеу жұмыс түрі ретінде ерекшеліктеріне пікір білдіріңіз.
Теоретикалық ережелер өңделген докторанттардың дербес зерттеу нәтижелерін жинақтауды білдіретінғылыми жұмыс,оның құндылығы жаңа ғылыми жетістік немесе ғылыми әлеуметтік – мәдени, экономикалық маңызы бар мәселені шешу немесе ғылыми негізделген техникалық, экономикалық және технологиялық шешімдер айқындалған, оның ішінде ел экономикасының дамуына үлес қосатын енгізулер квалификациялауға жатады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – экономикалық құбылыстарды ғылыми тану әдістемесін меңгеретін және заманауи экономикалық мәселелерге зерттеу жүргізген кезде ғылыми әдістерді қолдана алатын докторантты дайындау докторлық диссертация жазу және ойдағыдай қорғау оның негізгі нәтижесі болып саналады
Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері: – заманауи формацияға сай жоғары сапалы мамандарды даярлау, кеңейтілген білімді бекітіп меңгеретін; – Сын көзімен талдау және теоретикалық концепцияларды экономика және басқару аясында тәжірибелік тұрғысында жүзеге асыру мақсатында және халықаралық деңгейде мақұлдауды меңгеру үшін докторанттардың қабілеті мен талабын жетілдіру; – Өзіндік және мамандық жолында өсу, жаңа білімдерді өзіндік шығармашылық меңгеру және белсенді өмір мансабында докторанттың қабілетін қалыптастыру; – Докторанттарға экономика және басқарудың заманауи бағыттарын білімнің жеке траекториясы бойынша таңдау мүмкіндігін беру.
1
2
4
Зерттеу жұмысының әдістерін таңдауын тұжырымдаңыз.
Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б.
- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:
• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
• интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
• модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
• ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:
- декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;
- агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.