САНАНЫ ТАЗАЛАУ ҚЫЛМЫСКЕРДІ
ЖАЗАЛАУДАН ДА МАҢЫЗДЫ
Ақпарат
Бүгінгінің бас тақырыбы
АҢДАТПА
13-бет
3-бет
(Соңы 3-бетте)
№101/1 (2879/1) 15 қыркүйек 2016
www.zanmedia.kz
Қоғамдық-саяси, құқықтық газет
zangazet@mail.ru
ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН
КҮРЕСТЕГІ ТИІМДІ ТӘСІЛДІҢ БІРІ
КОДЕКС ОРЫНДАЛУЫМЕН
ҚҰНДЫ
ЕЛБАСЫ ҚР ҚОРҒАНЫС
МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ
ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен
Жасұзақовтың Қорғаныс министрі лауазымына
тағайындалғаны туралы айтып, қазіргі сын-қатер-
лердің алдын алу және оны жою ісіндегі әскердің
айрықша рөлін атап өтті. «Келесі жылы Қазақстан
Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толады,
бұл еліміздің тарихындағы маңызды белес болып
саналады. Әскер – егемендіктің басты кепілі. Өңірде
және әлемде қалыптасқан қазіргідей күрделі кезеңде
Қарулы Күштердің рөлі артып келеді. Халықаралық
терроризмнің қауіп-қатерлері, гибридті соғыстар,
белең алып келе жатқан қарулану бәсекесі ұлттық
қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөлуге мәжбүр-
леп отыр, – деді Қазақстан Президенті. Елбасы ай-
рықша назар аударуды қажет ететін бірқатар басым
бағытты атап өтті. «Әскери тәртіпті жетілдіру, әскери
қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру және
Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлығын жоғары
деңгейде ұстау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
қажет. Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен
және техникамен жарақтандыра отырып, әскери
дайындық мәселелерін одан да сапалы деңгейге жет-
кізу керек. Ол үшін барлық қажетті қаражат бөлінетін
болады. Біз өзіміздің дамыған әскери-техникалық
өнеркәсібімізді қалыптастыруға тиіспіз. Осыған бай-
ланысты, тиісті құрылымды арнайы корпорацияға
немесе әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі минис-
трлікке айналдыру мәселесі қарастырылатын бола-
ды, – деді Мемлекет басшысы.
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
САЙТТАРҒА БАҚЫЛАУДЫ
КҮШЕЙТПЕК
ҚР ІІМ сайттардағы құқыққа қайшы әрекеттерді
кеңінен анықтау мақсатында кибержасақ құру мәсе-
лесін талқылауда. Бұл туралы кеше Астанада өткен
баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қар-
сы күрес департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов
мәлім етті. Министрлік мәліметіне қарағанда, Есірткі
бизнесіне қарсы күрес департаменті интернет-ре-
сурстарын қолдану арқылы есірткі өткізу фактілерін
анықтау және жолын кесу бойынша күн сайын
жұмыс тар жүргізуде. Заңсыз есірткі айналымына қа-
тысы бар деген сайттар, әлеуметтік желілер және де
басқа интернет ресустар қатаң бақыланып отырады.
«Жыл басынан бері 327 сайт анықталды, олардың
248-і соттың шешімімен жабылды», – деді С. Құсетов.
Оның айтуынша, интернет ресурстары арқылы
есірткіні кеңінен саудалау ахуалы байқалып отырған
жоқ. «Интернет арқылы өткізу фактілері бар, алайда
ірі ауқымда тіркелмеді. Есірткіге қатысты жарнама
жүріп жатқан сайттарды жедел анықтап, оларды
жабуға әрекет етеміз. Осы ретте барша сайттарды
қамту бойынша барынша күш-жігер жұмсаудамыз.
Қазіргі кезде кибержасақ құру мәселесін қарастырып
жатырмыз. Менің ойымша, біз осы бағыттағы тиісті
қадамдарды әзірлейміз. Кибержасақтың құрамын-
дағылар құқыққа қайшы әрекеттер жасап отырған
сайттарды анықтауға бізге көмектесетін болады», –
деді департамент басшысы.
ҚазАҚПАРАТ
ЕРРОРИЗМДІ ТОЛЫҚ ЖЕҢУ ҮШІН G20-НЫҢ БАРЛЫҚ МҮШЕЛЕРІ МЕН БАСҚА ДА МҮД-
ДЕЛІ ЕЛДЕРДІҢ БІРЛЕСЕ КҮШ ЖҰМЫЛДЫРУЫ ЖАҚСЫ БАСТАМА БОЛАР ЕДІ. БҮКІЛ ӘЛЕМ
ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ОСЫНЫ КҮТЕДІ». БҰЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 4-5 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚЫТАЙДЫҢ ХАНЧЖОУ ҚАЛАСЫНДА ӨТ-
КЕН «ҮЛКЕН ЖИЫРМАЛЫҚ» САММИТІНДЕ АЙТҚАНЫ.
Заңғар
(Соңы 5-бетте)
Талқы
Әр мемлекет өзінің ойы да,
ақыл-парасаты да кемел, асқан
интеллектуал азаматтарымен
тұғырлы. Әлем алдындағы
мемлекет мәртебесі де осындай
білім-білігі жоғары азаматтардың
қайраткерлігімен асқақ. Басшысы
сауатты, қосшысы озық елдің
еңсесі қашанда биік. Қазақ
тарихына үңілген сайын ел өткеніне
өлшеусіз еңбек сіңірген көптеген
ұлы перзенттеріміздің өткеніне
куә боласыз. Ұлтының азаттығы,
елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай
күресіп, осы жолда опат болған, тіпті
ескерусіз, елеусіз кеткен ұлдары аз
емес, біздің халықтың. Олардың өмір
жолдары мен ерлік дастандарын кей-
інгі ұрпақ біле де бермейді, тіпті. Бұл
өткен тарихқа қатысты әңгіме. Терең-
дей берсең талай асылдың көмескі
сұлбасы шұғылана береді. Ендеше,
ерін жоқтап, ел тарихын түгендеу
– есті тарихтың алдағы күндерге
артқан еншісінде. Біздің бүгінгі мақсат
та – өткені өнеге ел арыстарының
ғұмыр-парақшасына үңілу, олардың
өлшеусіз мұрасын ел санасында қайта
жаңғырту.
ДАЛА ЗАҢЫНАН – ДАРА
ЗАҢҒА ДЕЙІН
ҮГІНДЕ ПАРЛАМЕНТ ҚАБЫРҒАСЫНДА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҮДДЕСІНЕ САЙ КЕЛЕТІН,
ЕЛДІ ҚОРҒАЙТЫН, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН,
ӨМІРДІҢ САН-САЛАСЫНЫҢ ОРНЫҚТЫ ӘРІ
ТИІМДІ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БА-
ҒЫТТАЛҒАН ЗАҢДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚА ЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛЫНДА ОЛ ЗАҢ ДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНЫҢ
МАҢЫЗЫ ЗОР. ТАРИХҚА КӨЗ ЖҮГІРТІП,
БҮ ГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН ЖҮРІП ӨТКЕН
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖОЛЫМЫЗҒА ЗЕР САЛЫП
Қ А РАСА Қ , Ұ ЛТ Ы М Ы ЗД Ы Ң Д Ә СТ Ү РЛ І
ҚҰҚЫҒЫ ӨТЕ ҚҰНДЫ РУХАНИ МҰРА
ЕКЕНІН БАҒАМДАЙМЫЗ. ДАЛА ЗАҢДАРЫ
ЖҮЗДЕГЕН ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАЛЫПТАСЫП,
ЖЕТІЛДІРІЛІП, ДАМЫТЫЛЫП ОТЫРҒАН.
ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА ЖЕТКЕН. СОЛ ДАЛА
ЗА ҢЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНЫП
ЖАТҚАН БҮГІНГІ КҮНГІ ЗАҢДАРЫ МЫЗ ДА
ӨЗ ҚЫЗМЕТІН МҮЛТІКСІЗ АТҚАРУДА.
азаматтарының қауіпсіздігін бірінші орынға қоя
тын мемлекеттердің өзі кейде сол азаматтарын
лаңкестердің лаңынан қорғай алмай, шарасыз
қалып жатады. Алпауыт деген АҚШта да
террористік оқиғалар жиі орын алады.
Баспасөз — 2017
Құрметті оқырман!
«Заң газеті» және
«Юридическая
газета»,
«Заң», «Фемида»
басылым дарына жазылу басталғанын
естеріңізге салғымыз келеді.
Төл басылым да рыңыздан
қол үзіп қалмаңыздар!
жеке тұлғалар үшін – 65921
заңды тұлғалар үшін – 15921
жеке тұлғалар үшін – 65928
заңды тұлғалар үшін – 15928
«Заң газеті»
«Заң» журналы – 75849
«Фемида» – 75858
«Юридическая газета»
Жазылу индекстері:
zanreklama@mail.ru
Біздің басылымдарға
«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері,
«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері
және Алматы қаласын дағы «Дауыс»
жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға
болады.
Расында, терроризм әлем елдерін үрей
құшағында ұстап отырған ХХІ ғасырдың
басты қаупіне айналды. Әлеуметтік жағдайы
әлеуетті, экономикасының тасы өрге домалаған,
(Соңы 11-бетте)
бұрынғы хандардың тұсында
қабылданған «Қасым ханның
Қасқа жолы» мен «Есім ханның
Ескі жолын» негізге алып, жаңа
заң жүйесін жарыққа шығарды.
ҚАЗАҚ ЗАҢ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАРА НАРЫ
Б
«Т
Әдетғұрып құқығы – құ
қық тық жү йенің тарихи тұң ғыш
түрі. Қазақтың дәстүр лік құ
қығы дәстүрлік әдетғұрыпқа
негізделген, соның негізінде
қаланатын мате риалдық әрі сот
ісін жүргізу нормалары бар заң
жиын тығы еді. «Қасым ханның
Қасқа жолы», «Есім ханның Ескі
жолы», «Жеті жарғы» бүгінде
Қазақстан Республикасы ның
Конституциясымен сабақта
сып жатқандай. Біле білсек,
е л і м і з д і ң д а м у ы ж о л ы н д а
бұл дала заңдарының маңызы
зор.
Дала заңдары
қайдан шықты?
ХVІІ ғасырда Қазақ ханды
ғына жанжақтан қауіп төніп,
елдің ауыз бірлігі әлсірей бас
тайды. Осы тұста Тәуке хан
хандықты нығайтуға күш салды.
Бұл үшін мықты билік пен бірлікті
қамтамасыз ете алатын жаңа
заңдар жүйесі қажет болды.
Тәуке хан қазақ халқының
ежелден келе жатқан дәстүрлі
әдетғұрыптары мен өзінен
2
№101/1 (2879)
15 қыркүйек 2016
zangazet@maiI.ru
Пилоттық жоба қолдау тапты
Дөңгелек үстел жұмысына Көкшетау
қаласының мамандандырылған әкім
ш і л і к с о т ы т ө р а ғ а с ы н ы ң м і н д е т і н
атқарушы Серік Түлеев, Көкшетау
қаласы мамандандырылған әкімшілік
соты ның судьясы Әсем Шаукенова,
Ақмола облысының ІІД әкімшілік полиция
бөлімінің басшысы Ержан Қошқарбаев,
«Казахинстрах», «Сәлем», «Номад
Иншуранс», «Нефтя ная страховая ком
пания» сақ тан дыру компанияларының
ЖАҚЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫ
СЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАР ТАМЕНТІНДЕ
САҚШЫЛАР АРАСЫНДА «ПАРАСАТТЫ
ПОЛИ ЦЕЙДІ» АНЫҚТАУҒА АРНАЛ ҒАН
ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ.
Аталмыш сайыстың мақсаты –
мемлекеттік тіл саясатын насихаттап,
мәртебесін арттыру, полиция қызмет
керлерінің қоғамдағы оң имиджін
қалыптастыру, тәртіп сақшыларының
бойында Отанға деген сүйіспеншілікті
дамыту, ішкі істер органдары қыз меткерлерін
мемлекеттік тілді құр меттеуге шақыру және
олардың құқықтық мәдениетін, ізгілік пен
парасаттылық рухын көтеру.
Байқауға аудандық ішкі істер бөлімі
мен қалалық ішкі істер басқармасы
қызметкерлерінен құралған барлы ғы 7
команда қатысты. Сайыс 3 айна лымнан
тұрды. «Сақшыдан сәлем» сайысында
қатысушы командалар өздерін, ұранын,
мақсатміндетін таныстырса, «Сөзмерген»
сайысында қатысушылардың білігі мен
білімі, ұтқыр ойы сыналды. Ал соңғы
«Тәуел сіздік тағылымы» сайысында
Қазақстан Республикасының 25 жылда
тәуелсіз мемлекет ретінде жеткен
жетістіктері сахналық қойы лым дармен
сомдалып, байқау үміткер лерінің актерлік
шеберліктері сынға түсті.
Байқауға облыстық Ішкі істер депар
таменті Штаб басқармасының бастығы,
полиция полковнигі Шам шадин Амитов,
Қызылорда об лыстық филормониясы
дирек торының орынбасары Азиза
Бестөбе кентінде полиция қызмет
керлері күдікті көрінген азаматты ұстап,
тексергенде оның иығына асынған
сөмкесінен цилиндр формалы бұйымдар
мен төрт пакетке салынған құрамында
алтыны бар қиыршық құм табылды.
Кейін белгілі болғандай, әлгі цилиндр
формалы зат жарылғыш аммонит болып
шықты.
Степногорск қаласының маңындағы
алтын өндіретін шахталар 90шы жыл
дары иесіз қалып, сол тұста белең алған
заңсыз алтын өндірушілер қатары әлі
күнге дейін азаймай келеді. Бүгінде
«Қазақалтын» таукен металлургия
комбинаты» АҚ бұл маңдағы алтын
кеніштерін түгел өз басқаруына алып,
алтын өндірісін жолға қойған.
Дегенмен де, үйреніп қалған әдетпен
заңсыз алтын өндіретін жеке азаматтар
да аз емес. Олардың арасында жергілікті
тұрғындармен бірге басқа аймақтардан,
тіпті, іргелес Ресейден келетіндер де
баршылық. Өткен жылы полицейлер
49 жастағы ресейлік азаматтың жеңіл
көлігінен салмағы бір келіден асатын 8
құйма алтын тапқан болатын. Осында
келіп, арзан бағаға алтын сатып
алушылар да, шахталарға түсіп, алтын
іздеушілер де аз емес. Оңай олжа табуға
құныққандар өз өмірін де, өзгелердің
өмірін де үлкен қатерге байлайтындарын
түсінбейді. Мәселен, осыдан бірер жыл
бұрын өз бетімен алтын іздеушілер
алтын жынысты қопарған кезде топырақ
астында қалған бір адам қазаға ұшыраған
еді. Мұндай қайғылы оқиғалар, өкінішке
қарай, аратұра болып тұрады. Бірақ,
ақшаға құныққандар ондай қатерге мән
бере қоймайтын сияқты.
Тек биылғы жылдың бірінші жарты
сында ғана ақмолалық полицейлер
3 мыңнан астам өз бетімен алтын
іздеушілерді ұстаған. Алтын ұсататын 15
шағын цех ашылып, 15 тонна құрамында
алтыны бар кварц кені табылған.
«Қазақалтын» таукен металургия ком
бинаты» АҚ экономикалық қауіп сіздік
департаментінің директоры Дмитрий
Черкасовтың айтуынша, соңғы сегіз
ж ы л д ы ң а у қ ы м ы н д а С т е п н о г о р с к
аумағынан өз бетінше алтын өндірумен
айналысып жүрген 29 мыңнан астам адам
ұсталған. Олардың арасында жергілікті
тұрғындар да, сырттан келушілер де
бар. Бұл аумақтағы алтын кенінің бір
ерекшелігі құрамында алтыны бар
жынысты ұсату арқылы алтын өндіруге
болады. Оңай олжаға құныққандар
сондай кварцты жынысты тазартып,
алтынын айыратын құрылғыларды сатып,
тіпті кей жағдайларда өздері жасап
алып, сонымен алтын өндіреді. Осындай
заңсыз алтын өндірумен айналысатын
цехтардың бірін жауып жатса, екіншілері
басқа жақтан ашылып, жұмыстары
жалғасуда. Заңсыз алтын өндірушілер бір
жылда бір тоннадан астам алтын өндіреді
екен. Ал оның қара базардағы бағасы
40 миллион АҚШ долларын немесе
14 миллиард теңгені құрайтынын атап
өтсек, заңсыз алтын өндірісінің ауқымын
бағамдауға болады. Осылайша қыруар
қаржы бюджетті айналып, әлдекімдердің
қалтасына кетіп жатыр.
Заңсыз алтын өндірісінің тағы бір
залалды жағы, алтын өндірушілер
акционерлік қоғамның шахталарына
желдеткіштер немесе басқа да жол
дармен кіріп, алтын кенді жынысты,
оның құралдарын ұрлап жатады. Олар
алтын жыныстарды жару арқылы өндіріс
жұмыстарына кедергісін келтіріп қана
қоймай, техникалық жағынан да қауіп
төндіреді.
Дмитрий Черкасовтың айтуынша,
қ а з і р г і қ о л д а н ы с т а ғ ы з а ң д а р д ы ң
қауқарсыздығынан заңсыз алтын
өндірумен айналысатындарды жауапқа
тарту қиын болып отыр. Мәселен, 2015
жылы 102 заңсыз алтын өндірушінің
үстінен қылмыстық және әкімшілік іс
қозғалса, тек солардың екеуі ғана сотқа
жіберілген. Оның өзін сот айғақтың
аздығынан ақтап жіберіпті. Яғни, заңсыз
алтын өндірушілерді заң шеңберінде
жауапқа тартуға мүмкіндік беретін
заңдық тетіктер жасалмаған. Алтынды
заңсыз өндіретіндерге қарсы заң
қатайтылса ғана, бүгінде кең тарап
кеткен келеңсіздіктің жолын кесуге
болады деп санайды экономикалық
қауіпсіздік департаментінің директоры.
Күн сайын дерлік заңсыз алтын
өндірумен айналысатындар ұсталып
жатқанымен, әзірге оңай жолмен олжа
тапқысы келетіндерге тыйым салу мүмкін
болмай тұр.
Қалкөз ЖҮСІП,
«Заң газеті»
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Судьяға Германиядан
хат келді
«Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда»
Дөңгелек үстел
өкілдері және Ақмола облысы бойынша
Соттар әкім шісі құрылымдық бөлім
дерінің басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын аша отыра,
Д.Сарымсақов 2016 жылдың шілде айынан
Астана қаласының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотында осы
жоба іске қосылғанын, ал 1 қыркүйектен
бас тап республиканың барлық маман
дандырылған әкімшілік сот тарын да
бастама жалғасын табатынын жеткізді.
– Ақмола облысында пилоттық
жоба ны ойдағыдай іске қосу үшін, оны
тәжірибеде қолдану кезінде туындайтын
сұрақтарды алдын ала талқылау қажет, –
деді Д.Сарымсақов.
Көкшетау қаласы мамандан дырыл
ған әкімшілік соты төрағасының міндетін
атқарушы С.Түлеев сот актісі заңды күшіне
енгеннен кейін құжат электрондық нысанда
сақтандыру компаниясына «заңды күшіне
енді» деген белгімен автоматты түрде жол
данатынын түсіндірді.
Судья Ә.Шаукенова осы жаңа шылдық
азаматтардың әкімшілік құқықбұзушылық
туралы қаулылардың заңды күшіне енуі
туралы белгісін қойдыртып, оны сақтандыру
компа ниясына беру үшін сотқа қайта жүгіну
қажеттілігін жоюға мүмкіндік беретінін,
тиісінше бұл сөзбұйдалықты жоятынын
атап көрсетті.
Жиынға қатысқан әкімшілік полиция
өкілдері әкімшілік құқықбұзушылық
туралы хаттамада сақтандыру полисінің
нөмірі мен сақтандыру компаниясының
атауын көрсетудің қажетілігін ескертті.
Сондайақ, дөңгелек үстел басында
сақтандыру компаниясының өкілдері
пилоттық жобаны қолдану бойынша
сұрақтарына жауап алды.
Қатысушылар шара барысында
пікір алмасып, аймақта жобаны енгізу
бойынша өзара әріптестік жағдайында
жұмыс істеуге уағдаласты..
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТТАР ӘКІМШІСІНІҢ БАСШЫСЫ
Д.САРЫМСАҚОВ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНА ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕ
ҚАУЛЫЛАРДЫ ҰСЫНУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ.
Алғыс
Байқау
Парасатты полицей
Изди кулова, Ақпараттықталда малық
басқармасының бастығы, полиция
полковнигі Расул Берманов, Кадр
жұмыс тары басқармасы бастығының
орынбасары, полиция майоры Бауыржан
Нұрманов төрелік етіп, білікті де білімді,
сегіз қырлы, бір сырлы тәртіп сақшыларын
анықтауға тырысты.
Қызықты әрі тартысты өткен байқау
қорытындысы бойынша Іорынды Арал
аудандық ішкі істер бөлімінің құрама
командасы жеңіп алса, ІІорынға Сыр
дария аудандық ішкі істер бөлімінің
Спартакиада
Заңсыз алтын өндірушілерге
тыйым болмай тұр
командасы тұрақтады. Ал ІІІорын ие
герлері болып Қазалы аудандық ішкі
істер бөлімінің командасы танылды.
Жеңімпаз командалар мен жүл
дегерлер арнайы сыйлықтармен және
дипломмен марапатталды. Үздік деп
танылған команда жақында Ақтөбе
қаласында өтетін республикалық бай
қауға қатысып, облыс намысын қорғай
тын болады.
Қызылорда облыстық ІІДнің
баспасөз қызметі
Кесел
Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі
департаментіне қарасты ОВ156/21 мекемесінде жазғы
спартакиада өткізілді. Ісшараның негізгі мақсаты
мекемедегі моральдықпсихологиялық ахуалды
арттыру, сотталғандар арасында салауатты өмір салтын
насихаттау болып табылады.
Спартакиаданы мекеме бастығы Ж.Алтаев ашып,
шараның маңыздылығын түсіндіріп өтті. Ал, жиынға қонақ
ретінде шақы рылған Ауған соғысының ардагері К.Мапетов
және «Антарес» ҚҚ директоры В.Дак қатысушыларға жылы
лебіздерін білдірді. Спартакиада жасақтардың спорттық
шеруімен және Қазақстан Республикасының Әнұранымен
басталып, «Олимп» жалауының көтерілуі мен жасақтардың
флешмоб биімен ұштаса түсті.
Спартакиадаға мекеменің 5 жасағы қатысты. Олар
командалық құрамда және жеке өнер көрсетті. Жарыстар
волейбол, үстел теннисі, шахмат пен дойбы ойындарынан,
армрестлинг, кеуде көтеру жаттығуы, ұзындыққа секіру мен
уақытқа жүгіру бойынша өткізілген еді.
Барлық жиналған ұпай есебін арнайы қазылар алқасы
санай келе 2016 жылдың «Мекеме Чемпиондары» атағына
3 жасақтың «Динамит» командасы лайық деп танылды.
Жүлделі орынға ие болғандар және қатысушылардың басым
бөлігі грамота мен сыйлықтар иеленді. Мекеме әкімшілігі іс
шараның демеушілері «Антарес» ҚҚ мен Жарма ауданының
спорт және денешынықтыру бөліміне алғысын білдірді.
Мұндай ісшаралар сотталғандар арасында бірбірімен
достық қарымқатынасты қалыптастырып, мекемедегі әйел
дердің психологиялық ахуалын жақсартып, сонымен қатар,
болашаққа деген көзқарасына әсер етері даусыз.
З.ЧУЙНУШЕВА,
Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі
департаментіне қарасты ОВ156/21 мекемесінің
САТЖБ бастығы
Ф р а н к ф у р т қ а л а с ы н д а 2 0 1 0
жылдан бері тұрып жатқан Қазақстан
азаматы Г.Д.Кузнецов Алматы қалалық
сотының төрағасы А.Ештайға жолдаған
х а т ы н д а : « А л м а л ы а у д а н д ы қ № 2
сотының судьясы Қанат Утеубаевқа
менің талап арызым бойынша қаралған
істегі әділ шеші міне шын жүректен
ризашылығымды білдіремін. Іске
қатысты құжаттарды судьяның жан
жақты зерттеп, бұзылған құқығымды
қалпына келтіріп бергені мені аса
қуанышқа бөледі. Қазақстан сот
жүйесінің әділдігі алдында басымды
иемін» деп, өзінің соттар жайлы жылы
пікірін білдіреді. Генадий Дмитриевич
тің бұлайша ағынан жарылып, сонау
Германиядан хат жазуы бекер емес.
Алғашқы еңбек жолы Кеңес үкіметінен басталған
Г.Д.Кузнецов зейнеткерлікке тәуелсіз Қазақстанда шығады.
Осы жерде өсіпөнеді. Алайда, 2010 жылы отбасылық
жағдайына орай, шетелге қоныс аударады. Сөйтіп, ол 2011
жылдан биылға дейін, яғни, 5 жыл бойы зейнетақы алу
құқығынан айырылады. Заң бойынша емес, әрине. Осы
арада мәселеге кеңірек тоқталсақ, 2014 жылы зейнеткер
зейнетақысына сұрау салып, мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығына өтініш жолдайды. Алайда, оған Алматы қалалық
Еңбекті әлеуметтік қорғау және көшіқон департаментінен
тұрғылықты мекенжайын ауыстыруына байланысты зейнетақы
берілмейтіндігі жөнінде жауап келеді.
Жырақта жүрген ол өз құқығын қорғау мақсатында сотқа
талап арыз түсіреді. Ел заңдарына сәйкес, қазақстандықтар
зейнетақысы, тек, көз жұмған немесе азаматтықтан шыққан
жағдайда ғана тоқтатылады. Ал, Г.Д.Кузнецов бұл екі жағдайға
да кірмейді. Елден қоныс аударғанымен Қазақстан азаматы. ҚР
Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің консулдығында қазақстан
азаматы ретінде тіркеуде тұр. Конституцияның 11бабының
2бөлігіне сай, республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген
азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк
бередi. Және 12баптың 2бөлігінде: «Адам құқықтары мен
бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi
деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен
өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен
қолданылуы осыған қарай анықталады» деп анық көрсетілген.
ҚР «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңының 12
бабымен де бұл мәселе нақтыланған. Бұған қоса еліміз
Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіні
1966 жылы ратификациялаған. Ол бойынша әр адам өз елінен
кетуге, яғни, қоныс аударуға құқылы. Пактіге қатысушы
мемлекеттер өз азаматтарының құқығын мойындап, әлеуметтік
тұрғыда қамтамасыз етеді.
Жалпы, адам құқықтары мен бостандықтары кез келген
мәселеде заңмен қандай жағдайда шектелуі мүмкін десек,
оған жауапты Конституцияның 39бабынан таба аламыз.
Аталған бапта: «Адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық
тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың
денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi
шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн» екені
айқындалған. Ел заңдары, сондайақ, құқықтық актілер,
министрлік, т.б. мекемелердің жарлықтары мен бұйрықтары
Конституцияға негізделуі шарт. Судья істі қарауда осы
жайтқа баса назар аударған. Сот процесі барысында іске
қатысты жайттар бүгешігесіне дейін зерттеліп, талап
арыз қанағаттандырылды. Яғни, зейнетақы төлеу туралы
департамент қарсылығы заңсыз деп танылды.
Судьялар жұмысының халық тарапынан бағаланғаны сот
жүйесіне деген сенімді нығайтады. Сондықтан, мақтарлық істі
көре және оны жария ете білу де жақсы.