Кодекс орындалуымен қҰнды елбасы қР ҚОРҒаныс министрлігінің басшылық ҚҰрамымен кездесті



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата20.02.2017
өлшемі7,52 Mb.
#4533
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Т.СМАҒҰЛҚЫЗЫ

ҚҰҚЫҚ

№101/1 (2879) 

15 қыркүйек 2016

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

САНАНЫ 


ТАЗАЛАУ 

ҚЫЛМЫСКЕРДІ 

ЖАЗАЛАУДАН ДА 

МАҢЫЗДЫ


Бір  ғана,  2001  жылдың  11  қыр күйегіндегі  терактінің  өзі  сойқан 

салуға таңдалған елдің бет-бе делі кедергі бола алмайтынын көр сетті 

емес пе?!  Террористер Фран ция ның да бірнеше рет берекесін қа-

шырды. Түркияның да тынышын ала бастады. Осы үш мемлекеттің де 

басшысы кешегі G-20 саммитінде болды. Басқалары да. Елбасының 

«ортақ жауға» қарсы бірлесе қимылдауды еске салғаны да сондықтан 

болса керек.

Алайда, бейбіт күнде берекеңді алып, азаматтарыңды қанға бөк-

тіруді, сөйтіп тұрақтылықты шай қалтуды көздейтін экстремизм дейміз 

бе,  терроризм  дейміз  бе,  оған  ең  алдымен  тосқауыл  қоятын  сол 

мемлекеттің  өзі.  Өйткені,  тас  түскен  жеріне ауыр.  Сондықтан,  оны 

бірінші  болып  өзіңнің  көтеруіңе  тура  келеді.  Қандай  да  бір  теракт 

орын алғанда құқық қорғау ор гандары мен арнайы жасақтың, тағы 

басқаның қарумен қарсы тұруы, лаңкестің көзін жоюы – бұл мәселенің 

салдарымен күресу ғана. «Жыланды жеті кессең де, кесірткелік күші 

бар» демекші, одан оның ошақтары түгел жойылып, түп-тамырымен 

құрып кетпейді. Екінші бір жерден бой көтереді. 

Сөзіміздің  дәлелі,  елімізде  осы  жазда  орын  алған  оқиғалар. 

Әуелгісі маусым айының басында Ақтөбеде болғанын ұмыта қойған 

жоқпыз. Бейбіт тұрғын да, әскери қызметші де, полиция да, содыр 

да оққа ұшты. Бәрі де осы мемлекеттің азаматтары. Не үшін болды? 

Ешкім бұған нанымды жауап қата алмайды. Түсініксіз «соғыс». 

Түсінгеніміз, мұның алдын алу, қайда, қашан болатынын болжап 

білу қиын секілді. «Мүмкін емес» десек, тиісті органдардың шамына 

тиіп кетер, бәлкім. Ақтөбедегі терактіден әлі есімізді жиып бола алмай 

жатқанда, Алматыда да оқ атылды. Руслан Күлекбаев есімді жалғыз 

адам жеті бірдей полицияны (ішінде шекара қыз метінің өкілі де бар) 

жайратып салды. Осының бәрін бас-аяғы 24 минуттың ішінде бір адам 

жа саған деген ресми ақпаратқа сен гендерден сенбегендер көп. Қала 

берді, бастапқыда мұны теракт деп бағаласа, соңынан бір кездері істі 

болып қамалғаны үшін өш алмақ болған десті. Мәселе мұнда да емес. 

Әңгіме Ақтөбедегі жағдайдан соң араға бір жарым айға жетер-жетпес 

уақыт салып қайта қайталануында. Қала, қалама, бұдан кейін құзырлы 

һәм құқық қорғау органдарының қырағылығына, қызметіне елде кү-

мән тумай тұрмайды. Ол заңды да. 

Қоғамның  сол  күмән  бұлтын  қоюлатып  алмайын  деді  ме  екен, 

соңғы кезде құзырлы органдар белсенді қимылдай бастаған іспетті. 

Әрине,  бұған  дейін  «жау  кеткесін  қылышын  тасқа  шауып  отырды» 

деуден  аулақпыз.  Дінді  жамылып  бүлік  жасамақ  болғандардың 

жолын  кесті.  Мұның  айғағы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  маусым 

айында Қарағанды облысының Балқаш қаласы мен Гүлшат ауы лында 

террористік актінің алдын алған операциясы. 

Таяуда Ұлттық қауіпсіздік коми теті Алматы облысында да арнайы 

операция  барысында  лаңкестік  әрекет  жасамақ  болғандардың 

ұсталғанын  хабарлады.  Дәлірек  айтқанда,  18  тамызда  бір  Қыр-

ғызстан, екі Қазақстан азаматын құрықтады. Соңғы екеуі бұрын да 

істі болған. Комитет төрағасы олар салафидтік топтың өкілдері екенін 

жеткізді.  Органның  мәліметіне  сенсек,  әлгілердің  жоспары,  тіпті 

жаға  ұстатарлық.  Яғни,  мақала  басында  айтылған  АҚШ-тағы  2001 

жылы  11  қыркүйектегі  террорлық  актіні  қайталауды  жоспарлаған. 

Қалай  дейсіз  ғой?  Ол  үшін  ұшақ  керек.  Ұшаққа  қол  жеткізу  үшін 

әлгі  радикалдар  Талдықорған  әуежа йын  аңдып,  ондағы  азаматтық 

немесе әскери ұшақты басып алуға бекінген. Қорғаныс министрлігінің 

әскери бөліміне қарулы шабуыл жасауды да жоспарларына кір гізген. 

Адамдар көп шоғырланған жерде өз-өздерін жармақшы да болған. 

Жоспарларының ұзын-ырғасы осындай. Қауіпсіздігімізді қамтамасыз 

ететін комитет қыра ғылық танытпағанда, кім біледі? Террорлық акт 

жасайтындар қай жақтан соғары белгісіз жел се кілді болып кетті емес 

пе? Алма ты облысын ойран етпек болған дардан жарылғыш заттар мен 

экстремистік әдебиеттер тәркіленіп, «Терроризмді насихаттау» мен 

«Тер рорлық топты құру, оған атсалысу» баптары бойынша соталды 

тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл арада екі жайт бар. Алғаш қысы, дау жоқ, қылмыс жасағандар 

немесе  жасауға  әрекеттенгендер  заңмен  жазалануы  тиіс.  Өйткені, 

терроризмнің тұрмыстық қылмыс тан тұрпаты, сипаты, зардабы бө лек. 

Жеке басқа емес, жалпы қоғамға, мемлекетке қарсы бағыт талатын 

қастандық. Екінші жайт, оның жазалаумен тыйылуы неғай был екендігі. 

Себебі, теріс насихатпен уланған сананы, жүректі тазаламай, көкірек 

көзін ашпай қауіп бұлты сейілмейді. Бірі сөзге еріп барады, екіншісі 

ақшаға  арбалып  басқаның  айтағында  кетеді.  Қазақ  «бұл  дүниеде 

сөздің  құдіретіндей  құдірет  жоқ»  деу ші  еді.  Осыны  ата-анасының 

ақылына құ лақ аса бермейтін қаншама жас та рымызды алыстан арбап, 

арты на ерте білген дінбұзарлар дәлел деп келеді. Негізгі гәп осын-

да. Сексеуілді сексеуілмен ұрсаң сы натыны секілді, оны тоқ тататын 

жалғыз  күш  –  дәстүрлі  діни,  ұлт тық  құндылықтардың  наси ха тын 

күшейту. Бұл арада заңның көмек-қолдауы да қажет-ақ. 

Соңғы жағдайларға байланысты қоғамда салафизмге заң жүзінде 

тыйым  салу  керектігі  өткір  айты лып  жүр.  Соған  орай  мерзімді  ба-

сылымдардың  біріне  берген  сұхбатында  Бас  мүфти  Ержан  қа жы 

Малғажыұлы:  «Қазақстанда  дәстүрлі  дін  –  Ислам,  Әбу  Ханифа 

мәзһабы,  Матуриди  ақидасы.  Міне,  біз  осыны  ұстануымыз  керек. 

Осыны  ұстанбаса  –  радикалды  немесе  жат  ағым  болып  есептелуі 

тиіс.  Бұл  заң  дінді  тыймайды.  Дінді  құбыжық  етіп  көрсетіп  жатқан 

адамдарды тыяды. Міне, осындай шараларды біртіндеп қолға алсақ, 

ол ағымдар да тоқтар еді. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын «Таб-

лиғи жамағатқа» қарсы заң шықты. Олар бірден тыйылды. Әйтпегенде, 

мешіттерде ертеден кешке дейін дөңгеленіп алып, имамның айт қанын 

тыңдамай, құлақтарына құ лаққаптарын киіп алып, өз ұс таз дарының 

айтқанын  тыңдап  оты ратын.  Мешіттен  шығарып  жі берсең  –  біраз 

уақыттан соң қай та жиналып алады. Солар ту ралы заң қалай шықты, 

өздері жоқ болды. Имамның міндеті – халықпен етене жұмыс істеу. 

Біздің міндетіміз – мешітке келген адамды имандылыққа, сабырға, 

мейірімге, ізгілікке, бауырмалдыққа шақыру. Жастар некесіз қалмауы 

керек, жаназа шығарылмай қалмауы керек», – депті. 

Иә,  жастар  некесіз  қалмауы  үшін  жетесіз  болмауы  қажет.  Қай 

тұрғыдан алғанда да. Тек, «өйту керек, бүйту керек» деп пікір та лас-

тырып жүргенде, жаназа шы ғаруға қарсылардың кесірі нен тағы да 

бейбіт жандардың жан азасын шығаруға тура келіп жүрмегей. 



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»

Шығыс  Қазақстан  облысының 

тұрғыны  Т.Айзаданың  айтуынша,  ол 

өзінің  «Одноклассники»  әлеуметтік 

желісіндегі  парақшасында  Жез-

кент  кентін  абаттандыру  мәселе сін 

бірнеше  рет  қозғаған.  Осы  кез-

де рі  бойжеткен  мен  әлеуметтік 

желі  пайдаланушысы  М.Сергей 

деген  азамат  арасында  дау-да-

май  басталған.  Әуелде  зілсіз  бас-

талған  әңгіменің  соңы  қиян-кескі 

егес ке  ұласып,  Сергей  Айзадаға 

Еліміздегі заңнамалық актілердің 

мақсаты  азаматтардың  құқықтары 

мен  бостандықтарын  қорғауға,  сы-

байлас  жемқорлық  көрiнiстерiнен 

туындайтын  қауiп-қатерден  Қазақ-

стан  Республикасының  ұлттық  қа-

уiпсiздiгiн  қамтамасыз  етуге,  сы-

байлас  жемқорлыққа  байланысты 

құқықбұзушылықтың  алдын  алу, 

анықтау, олардың жолын кесу және 

ашу,  олардың  зардаптарын  жою 

және  кiнәлiлердi  жауапқа  тарту 

арқылы  мемлекеттiк  органдардың, 

мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаратын 

лауазымды  және  басқа  да  адам-

дардың,  сондай-ақ,  оларға  теңес-

тiрiлген  адамдардың  тиiмдi  қызме-

тiн  қамтамасыз  етуге  бағытталған. 

Сондай-ақ,  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн 

айқындап,  кеселге  байланысты  құ-

қық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-

ақ, жауаптылықтың пайда болу жағ-

дайларын  белгiлеу,  мемлекеттiк 

қыз метшiлердiң  моральдық-адам-

гершiлік  бейнесiне  және  iскерлiк 

сапаларына  қойылатын  талаптарды 

арттыруға бағытталған.

Қазіргі  кезеңде  сыбайлас  жем-

қорлыққа қарсы стратегия іске асы-

рылуда. Бұл сыбайлас жем қор лыққа 

қарсы  іс-қимылдың  жаңа  сатысы 

және  мемлекеттің,  қоғам  өмірінің 

түрлі салаларында осы қауіптің пайда 

Бүгінгінің бас тақырыбы

Білген жөн

ЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫНЫҢ  ПРОКУРАТУРАСЫ  «ОДНО­

КЛАССНИКИ»  ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ АЙМАҚ 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ  БІРІНЕ  ҚАЛДЫРҒАН  КОММЕНТАРИЙЛЕРІНДЕ 

ЗАҢ  БҰЗУШЫЛЫҚ  БАРЫН  АНЫҚТАДЫ.  ЕР  АДАМ  БОЙЖЕТКЕН 

ҚЫЗБЕН СӨЗ ТАЛАСТЫРЫП, ШЫНДЫҚҚА САЙ КЕЛМЕЙТІН ЖӘНЕ 

АР­НАМЫСЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРЕТІН МӘЛІМЕТТЕР ТАРАТЫП, ТІЛ 

ТИГІЗГЕН. 

Ш

ЖЕЛІДЕ ЖЕЛІККЕН ЖІГІТ 

ЖАУАПҚА ТАРТЫЛА МА?

Жегіқұрт


ЖАРИЯЛЫЛЫҚ 

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН 

КҮРЕСТЕГІ ТИІМДІ 

ТӘСІЛДІҢ БІРІ



ЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНГІ КҮНГІ 

КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕСІ БОЛЫП ОТЫР. ҮЛКЕН ӘЛЕУ МЕТ ТІК ҚАСІРЕТ 

БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ОЛ САЯСИ ДАМУ ТҰРҒЫСЫНАН БІР­БІРІНЕ 

ҰҚСАМАЙТЫН  ӘЛЕМДЕГІ  БАРЛЫҚ  ЕЛ ДЕР ДІҢ  ҚАЙ­ҚАЙСЫСЫН 

ДА ҚАТТЫ АЛАҢ ДАТАТЫНЫ АНЫҚ. ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚАЗАҚСТАН 

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРІНДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТҰТАСТАЙ АЛҒАНДА ТМД 

БОЙЫНША  ДА  ЖЕМ ҚОР ЛЫҚҚА  ҚАРСЫ  НЕҒҰРЛЫМ  МЫҚТЫ  ДА­

МЫҒАН ЗАҢНАМАСЫ БАР ЕЛ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

С

(Соңы. Басы 1-бетте)

тіл  тигізе  бастайды.  Ер  адам  бой-

жет кеннің  жеке  өмірі  туралы  мәлі-

мет терді,  атап  айтқанда,  оның  жұ-

мысы  мен  жаман  атқа  қалдыратын 

қылықтары  туралы  мәліметтерді 

жазады.  Айзада  бейтаныс  ер  адам-

ның  комментарийлерін  өші ріп  тас-

тауға мәжбүр болады, себебі, оның 

айтуынша,  аталмыш  мәліметтер 

шын дыққа сай келмеген және оның 

ар-намысына нұқсан келтірген. 

Осыдан кейін Айзада облыс про-

куратурасына  жалған  мәлімет  тара-

тушыны сотқа беріп, өзінің мүддесін 

қорғай алатыны-алмайтыны жөнінде 

түсініктеме  беру  туралы  өтінішпен 

шағымданған.  Бойжеткеннің  өтіні-

ші не  Шығыс  Қазақстан  облысының 

прокуроры  Бағбан  Тайымбетов 

дереу  ықпал  етті.  Әлеуметтік  желі 

пайда ланушысы  «Сергей  М-ның» 

бойжет кен нің  ар-намысына  нұқсан 

келті ре тін  ақпаратты  жариялағаны 

анық талды.  Т.Айзадаға  ар-намысқа 

нұқ сан  келті ретін  жала  жабу  факті-

сі  бойын ша  (жала  мәліметтерді 

қасақана  тарату)  ҚР  ҚК-ің  130-ба-

бына  сәй кес  жауапты лыққа  тар ты-

латыны  түсіндірілген.  ҚР  ҚПК-нің 

32,  72,  407-413-баптарының  та ла-

бы  бойынша  қылмыстық  қудалау 

жеке  тәртіпте  жүзеге  асырылады. 

Сондықтан да, Т.Айзадаға М.Сергейді 

қылмыстық  жауаптылыққа  тарту 

туралы  жеке  арызбен  сотқа  жүгіне 

алатыны айтылды. 

Шығыс Қазақстан облысының 

прокуратурасы

болуының  алдын  алуға  негізделген  

бағдарламалық  құжат  болып  табы-

лады.


«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

іс-қимыл туралы» заң 2015 жылдың 

1 8   қ а р а ш а с ы н д а   қ а б ы л д а н ы п , 

2016  жылдың  1  қаңтарынан  бастап 

қолданысқа  енгізілген.  Бұл  заң  сы-

байлас жемқорлыққа қарсы саясатты 

жүзеге асыруды көздейді. Осы заң-

мен мемлекеттің сыбай лас жемқор-

лыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің 

қызметін үйлестіретін тиісті уәкілетті 

орган  анықталды.  Бұл  мемлекеттік 

органдар,  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілері, қоғамдық бірлестіктер 

және  басқа  да  жеке  және  заңды 

тұлғалар болып табылады. Осы лай-

ша  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

мониторинг,  сыбайлас  жем қорлық 

тәуекелдерін талдау және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы мәде ниетті қа-

лып тастыру  сияқты  жегі құртқа  қар-

сы  іс-қимылдың  жаңа  инс ти туттары 

енгізілді.

Таяуда  Мемлекет  басшысының 

Жарлығымен  сыбайлас  жемқорлық 

тәуекелдерін  сыртқы  талдау  қағи-

да лары бекітілді. Және де оған қоса 

Мемлекеттік  қызмет  істері  мини с - 

трінің  бұйрықтарымен  сыбайлас 

жем қорлық  тәуекелдеріне  ішкі  тал-

дау  жүргізудің  үлгілік,  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  мониторинг 

жүргізу  қағидалары  бекітілді.  Осы 

тетіктердің кеселдің алдын алу шара-

ларын тиімді іске асыруға мүмкіндік 

берері сөзсіз.

Аталған заңның талаптарына сәй-

кес,  барлық  мемлекеттік  органдар 

және  жергілікті  басқару  органдары 

өз құзыретінің шеңберінде жемқор-

лық  қылмыс  пен  құқықбұзушылық 

жасаған тұлғаларды жауапкершілік ке 

тарту  мен  жемқорлықпен  күресу-

ге,  яғни,  мемлекеттік  органдар  осы 

бағытта  мақсатты  жұмыс  жасауға 

міндетті. 

Жариялылық  бүгінгі  таңда  жем-

қорлықпен  күрестегі  тиімді  тәсіл дің 

бірі  болып  табылады.  Халық  жем-

қорлықтың  қоғамға  тигізетін  зар-

дабын, жемқорлық құқық бұ зушылық 

жасағаны  үшін  қарас ты рылған  жа-

уапкершілік туралы хабардар болуы 

тиіс. Осылайша әрбір азамат мұндай 

қылмысқа  бармас  бұрын  өзінің  бо-

лашағы, отбасы туралы ойлайды. 

Сонымен  қатар,  осы  заңда  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  мәде-

ниетті  қалыптастыру  деген  ұғым 

көрсетілген.  Ол  –  сыбайлас  жем-

қорлыққа  қарсы  іс-қимыл  субъек-

тілерінің  қоғамда  сыбайлас  жем-

қорлыққа  төзбеушілікті  көрсететін 

құндылықтар  жүйесін  сақтау  және 

нығайту  бойынша  өз  құзыреті  ше-

гінде жүзеге асыратын қызметі. Әрі 

құжатта  ақпараттық  және  ұйым-

дас тырушылық  қызмет  бұқаралық 

ақ парат  құралдарында  түсіндіру 

жұмыстарын  жүргізу  арқылы,  әлеу-

меттік  маңызды  іс-шараларды 

ұйым дастыру  жолымен,  Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәй-

кес  мемлекеттік  әлеуметтік  тап-

сырысты  және  Қазақстан  Рес пуб-

ликасының заңнамасында көздел ген 

өзге де шараларға мұрындық болумен  

іске асырылатыны нақты көрсетілген.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай тү-

йіні,  жемқорлық  –  бұл  мемлекеттің 

және  барлық  қоғамның  мәселесі. 

Мемлекеттік қызметші өз міндеттерін 

адал  орындап,  халық  алдындағы 

жауапкершілігін  түсінгенде  ғана 

жемқорлықты жоюға мүмкіндік туады. 



Е.ОТАРБАЕВ,

Шымкент қаласы Абай 

аудандық сотының судьясы  

4

№101/1 (2879) 

15 қыркүйек 2016

zangazet@maiI.ru

Осы жаңа жоба судьялардың алда­

ғы VII съезінде қабылданады. Жобаға 

келсек,  ондағы  бекітілген  қағидат­

тар  мен  қағидалар  Конституцияға, 

«Қазақстан  Республикасының  сот 

жүйесі  мен  судьяларының  мәрте­

бесі  туралы»  заңға,  сондай­ақ, 

халық аралық  құқық  нормаларына 

негізделген.  Және  судьялар  жауап­

кершілігі  одан  әрі  күшейтіліп,  сот 

төрелігі  мен  халық  алдындағы  мін­

дет тері  жан­жақты  көрсетілген. 

Судья ның  жеке  бас  әдебі  ел  соты­

ның  беделіне  тікелей  әсер  етеді. 

Сондықтан,  біздің  басты  міндетіміз 

әділдікті ту ете отырып, адамгершілік 

норма лары мен мінез­құлықтың әдеп 

қағидаларын  бұлжытпай  сақтау.  Сот 

төрелігін  жүзеге  асыру  бары сында 

нақты  дәлелдемелер  мен  дерек­

терді ғана басшылыққа алу, азамат­

тардың  ұлтына,  діни  сеніміне,  т.б. 

Қазіргі  таңда  аталмыш  акция  еліміздің 

түкпір­түкпірінде  ұйымдастырылуда.  Арыға 

бармай­ақ,  беріден  қозғасақ,  Солтүстік 

Қазақстан  облысының  Әділет  департаменті 

бөлімдерінің  басшылары,  сондай­ақ,  жеке 

сот  орындаушылары,  нотариустар,  аймақтағы 

заңгерлер  мен  адвокаттар,  медиаторлар 

алимент  өндіру,  жылжымайтын  мүлікті  тіркеу,  

АХАТ,  Жеке  сот  орындаушылар  қызметі, 

бизнесті жүргізу, сот актілеріне шағымдану, т.б. 

толып жатқан осы секілді жұрт көкейінде жүрген 

маңызды сұрақтардың түйінін тарқатып, нақты 

кеңестер берсе, бұл игі шараны Батыс Қазақстан 

облысы  мен  Қарағанды,  Атырау,  Алматы, 

Астана  қалалары  да  дәстүрге  айналдырған. 

Жыл  басынан  бері  акция  Алматыда  екі  рет 

ұйымдастырылып үлгерді.

Акцияның  басты  мақсаты  –  халыққа  білікті 

құқықтық көмек көрсету. Ол көмекті азаматтар 

мемлекеттік  қызметшілермен  бірге  жекелеген 

заң  компанияларының  кеңесшілерінен  де  ала 

алады.  Игі  шарадан  еліміздегі  заңгер  біткен 

шет қалмауда. Еліміздің ең ірі мегаполисі, екі 

миллионға жуық тұрғыны бар Алматының танымал 

заңгерлерін, тіпті, көпшілік түннің жарымына дейін 

босатпаған. Бір күнде мамандар кеңесіне жүгінуге 

500­ге тарта тұрғынның келуі, бұл шараның  біздің 

қоғамға аса қажеттігін көрсетеді.

Бүгінде  жұртшылықты  толғантар  мәселе 

көп. Кімнен кеңес аларын білмей жүргендер де 

жетіп артылады. Олар үшін білікті заңгерлердің 

кеңесі, тіпті, қымбат. Мұны осындай акциялар 

барысында  қойылатын  сұрақтардан  байқауға 

болады. Мысалы, отбасы кикілжіңінен бастап, 

жер дауы, пәтер кезегіне тұру, салық, айыппұл 

төлеу,  тіпті,  қылмыстық  істер    бойынша  да 

сұрақтарға мамандар жан­жақты жауап беруде. 

Мамандардың айтуынша, қарапайым халықтың 

құқықтық сауатын жетілдіруде мұндай акциялар 

таптырмас тәсіл. 

Заңгерлер  тұрғындар  мәселесін  түбегейлі 

шешіп  бере  алмаса  да,  бағыт­бағдар  беріп, 

оны  шешудің  тиімді  тетіктері  мен  жолдарын 

көрсетеді.  Мұның өзі олар үшін үлкен көмек. 

«Халық заңгері» әлеуемттік акциясы қыркүйекте 

Астана  мен  Шымкент  қалаларында  тағы  да 

жалғасады. Оларға еліміздің белгілі заңгерлері  

қатысады. Осы уақытқа дейін ұйымдастырылған 

шараларға қатысқан біршама азамат бұқаралық 

ақпарат құралдары арқылы халық заңгерлеріне 

өздерінің алғыстарын да білдіруде.

Құқықтық  сауатты  арттыру  баршаға  ортақ 

іс. Демек, ел заңгерлерінің осы іске белесене 

кірісуі, құқықтық мемлекетке бастар қадамның 

нық, соған сай, болашақта алар белестеріміздің 

биік  боларына  сенімді  ұлғайтады.  «Халық 

заңгері»  акциясы  белгілі  бір  шара  деңгейінде 

қалып  қоймай,  оның  ауқымы  жылдан­жылға 

кеңейіп, халыққа құқықтық көмек берудің түрлі 

жолдарына ұласса, нұр үстіне нұр болар еді.



Т.СМАҒҰЛҚЫЗЫ

Орайы келген әңгіме

жағдайларына  қарамай,  сот  пен  заң 

алдындағы  теңдігін  қамтамасыз  ету 

Әдеп кодексінде нақтыланған. 

Елбасы VI съезде Қазақстан судья­

лар  корпусының  кәсібилігін  арттыру 

маңызды екенін атап өтті. Осы орайда, 

Мемлекет  басшысының  «Ешкімнің 

де  қателік  жібермейтініне  кепілдік 

жоқ  екені  сөзсіз.  Бірақ,  судьялар 

жұмысындағы қателіктер барша қоғам 

үшін  қымбатқа  түседі.  Судьяларға 

Заң  атынан  әділеттілік  үшін  әрекет 

ету  сеніп  тапсырылған,  бұл  оларға 

екі  есе  жауапкершілік  жүктейді» 

деген  сөзі  бар.  Елбасы  айтқандай, 

мойнымыздағы екі есе жауапкершілікті 

сезіне  алсақ,  қоғам  үшін  қымбатқа 

түсер қателікке жол бермесіміз анық. 

Өйткені,  жауап кершілік  бар  жерде 

жөнсіздік пен жүгенсіздік жоқ.  

Жаңа  Кодекс  бойынша  енді  аза­

маттар  сот  қоғамдастығының  тиісті 

органына  тікелей  жүгініп,  судьяның 

этикалық нормаларды бұзу фактілері 

туралы хабарлай алады. Бұл мейілінше 

ашық  сот  жүйесін  құруға  жасалған 

тағы бір қадам екені даусыз. Жобадағы 

6­бапта  судьяның  мінез­құлық  қағи­

даттары мен қағидаларын бұзу фак­

тісі    судьялар  қоғамдастығының 

уәкілетті  органының  азаматтар  мен 

ұйымдардың,  мемлекеттік  орган­

дардың,  сот  төрағаларының  өтініші 

бойынша  қабылданған  шешімі  негі­

зін де  анықталатыны  көрсетілген. 

Бұл  талапқа  сүйенсек,  уәкілетті 

орган  судьяның  әдеп  қағидаларын 

бұзғаны  туралы  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  жарияланған  мате­

риалды өз бастамасымен қарай алады. 

Судья  қоғамның  сот  органдарының 

адалдығы  мен  сатылмайтындығына 

сенімін  қалыптастыратын  бірден­бір 

тұлға.  Ал,  сенімге  селкеу  түсірмеу, 

яғни,  міндетті  мінсіз  атқару  мінез­

құлыққа  тікелей  тәуелді.  Судьяның 

мұндай  сенімді  азаматтардың  ар­

намысы  мен  қадір­қасиетін  құр мет­

теу  арқылы  қалыптастыра  алаты ны 

12­баппен  нақтыланған.  Сот  отыры­

сының  жоғары  мәдениетін  қамта­

масыз ету де судьяның басты парызы. 

Процестерді тек мантия киіп жүргізу 

азаматтардың  сотқа  қадір­құрметін 

арттыратыны  да  дәлелдеуді  қажет 

етпейді. Сот процестерін өткізуде осы 

жағдайлардың қатаң сақталуы жобада 

13­бапта көрсетіл ген. Сот актілерінің 

сауатты және дәлелді жазылуы судьяға 

өлшеусіз  жауапкершілік  жүктейді. 

Себебі,  үкімдер  мен  шешімдер 

Қазақ стан  Республикасының  атынан 

шығарыла ды. Шешім әділ болғанымен 

кейде  дұрыс  ресімделмеген  сот 

актілері, яғни, мәтіндегі қателіктер сот 

туралы кері пікірлер өрбітеді.

Судьяның  партияларға  немесе 

саяси  мақсаттағы  қоғамдық  бірлес­

Съезд қарсаңында

тіктерге  мүше  болуы  немесе  діни 

қызметпен  айналысуы  Әдеп  кодек­

сіне қайшы. Судья мәртебесі арнайы 

заңмен  белгіленгендіктен,  адам­

гершілікке  жат  қылықтар,  спирттік 

ішімдік, құмар ойын, т.б. судья  мәрте­

бесімен  сыйыспайды.  Судья  сот 

билігінің  беделін  түсіретін,  абы рой­

беделіне  нұқсан  келтіретін  және сот 

төре лігін жүзеге асыру кезінде оның 

объективтілігі  мен  бейтараптығына 

күмән  тудыратын  жағ дайлардың 

бәрінен өзін аулақ ұстауға тиіс. Жаңа 

кодекс  қолданыстағы  нұсқаға  қара­

ғанда  анағұрлым  ауқымды.  Нақты 

айтқанда, судьяның жалпы этикалық 

ұстанымдары  мен  кәсіби  қыз метін 

атқару кезіндегі, отбасы мен тұрмыс­

тағы әдеп ұстанымдары жеке­жеке үш 

тарауда берілген. Судьялардың жаңа 

Әдеп кодексінің еліміздің алдағы даму 

кезеңдерінің  міндеттерін  орындауға 

лайықты  қызмет  етіп,  соттардың 

беделі  мен  судьялардың  мәртебесін 

одан әрі көтереріне сенім зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет