Бұл ретте хаттаманың (актінің) жасалған күні салықтық тексеру актісін табыс ету күні болып табылады.
Іс жүзінде салық төлеушінің салықтық тексеру актісін алудан бас тартуына байланысты Мемлекеттік кірістер органында салықтық тексеруді белгіленген мерзімде аяқтау мүмкіндігі болмаған жағдайлар туындайды.
Осыған байланысты, мұндай жағдайларда куәгерлерді тарта отырып хаттама (акт) жасауды заңнамалық бекіту және осындай хаттама (акт) жасалған күн актіні тапсыру күні болып есептелу ұсынылады.
172-бап
172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
…
10. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу арқылы, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:
1) банк кепілдігі;
2) кепілгерлік;
3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.
…
172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
…
10. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу арқылы, сондай-ақ мынадай тәсілдердің кез келгені:
1) банк кепілдігі;
2) кепілгерлік;
3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.
…
Редакциялық түзету.
Сәйкестікке келтіру.
11.03.2021 жылғы редакциясында осы түзету бар.
175-бап
175-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау
1. Салық органдары осы бапта айқындалған тәртіппен уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiн бақылау бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің анық және уақтылы ұсынылуы мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі – шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
…