142-бап. Тақырыптық тексеру
…
1. Салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты мынадай мәселелер бойынша жүргізетін тексеру тақырыптық тексеру болып табылады:
…
15) тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы, тауарлардың атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі тұрғысынан қарайды:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, сақтау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдары жүзеге асырылатын кезде;
2. Тақырыптық тексеру мынадай:
…
5) осы Кодекстің 631-бабының 1-тармағында және 634-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді көрсетудің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
Сәйкестендіру,
Әкімшілік ету мақсатында ТІЖ ауыстыру және одан әрі сақтау кезінде жазып беріледі.
Салық кодексінің 630 және 633-баптарына сәйкес жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруы көзделген.
Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну үшін жоғарыда көрсетілген декларациялар бойынша ұсынылатын мәліметтер тізбесі Салық кодексінің 631-бабының 1-тармағында және 634-бабының 2-тармағында белгіленген.
Сонымен қатар, салық заңнамасында жоғарыда көрсетілген мәліметтерді декларацияларда көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын әкімшілендіру жөніндегі норма жоқ.
Осы түзетумен Салық кодексінің 142-бабының 2-тармағын жалпыға бірдей декларациялау және жеке табыс салығын төлеу шеңберінде жеке тұлғалар ұсынатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдарына әкімшілік ету мақсатында тақырыптық тексерулер жүргізу үшін негізмен толықтыру ұсынылады
143-бап
143-бап. Қарсы тексеру
…
3. Қарсы тексеру деп:
тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салулары бойынша;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы жөніндегі салықтық міндеттеме бойынша және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқ екенін растамайтын түсіндіру ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.