Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет71/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136
Байланысты:
!

388 бап. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу

1. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.

Осы баптың ережелері халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға қатысты қолданылады.

3. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады:


1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асырған кезде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).

2) мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс әуе кемесіне жанар-жағар май құюды растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанармай құюға шығыс ордері немесе талап:


авиакомпанияның атауы;
толтырылған жанар-жағармай материалдарының саны;
әуе кемесіне жанармай құю күні;
әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және жанармай құюды жүзеге асырған тиісті әуежай қызметі қызметкерінің қолдары.

3) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;


388 бап. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу
1. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне отын құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
Осы баптың ережелері халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне отын құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге қатысты қолданылады.

3. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады:
1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде әуежайдың, шетелдік авиакомпаниямен жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асырған кезде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың, шетелдік авиакомпаниямен жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің шарты (келісімі).

2) мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс әуе кемесіне жанар-жағар май құюды растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанармай құюға шығыс ордері немесе талап:
авиакомпанияның атауы;
толтырылған жанар-жағармай материалдарының саны;
әуе кемесіне жанармай құю күні;
әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің, май құюды жүзеге асырған жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің қолдары.

3) әуежай, жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуші өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет