Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»


жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



бет72/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   136
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Заңнамада қалыптасқан әуежайлардың монополиялық жағдайының алғышарттарын болдырмау, сондай-ақ әуежайларда шетелдік авиатасымалдаушыларға авиаотынды салық салынбайтын өткізуге авиаотынмен қамтамасыз етумен байланысты қызметті жүзеге асыратын басқа қызмет көрсетушілерге жерде қызмет көрсету құқығын беру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" ҚР Заңының 65-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілуіне байланысты әуежай қызметіне тек әуежайлар ғана емес, сондай-ақ әуежай аумағында оларды көрсететін өзге де жерде қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер де жіберіледі.
Осыған сүйене отырып, халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне нөлдік ставка бойынша жанармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын сату бойынша айналымға салынатын салықты жердегі қызмет көрсетудің басқа жеткізушілеріне тарату қажет деп санаймыз.



393-бап

393 бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

3-1. Жоқ.

3-2. Жоқ.

393 бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

3-1. Егер олар "бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне енгізілген заңды тұлғаларға өткізілсе, өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өткізу жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.

3-2. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды тікелей өндіру субъектілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған лимит шегінде бағалы металдарды өндіру субъектілерінің аффинирленген алтынды өткізуі бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.

"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес, мемлекет атынан ҚР Ұлттық Банкі бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға басым құқыққа ие.
Сонымен қатар, ҚР Салық кодексінің 392-бабына сәйкес бағалы металдар өндірісінің субъектілері болып табылатын салық төлеушілердің және оны қайта өңдеу нәтижесінде тазартылған алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өз өндірісінің шикізатынан тазартылған алтынды өткізуі бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.
Осылайша, қазіргі уақытта құрамында алтыны бар шикізатты өндіретін кәсіпорындар осы шикізатты ҚҚС - мен бағалы металдар өндірісінің субъектілеріне – 12% - ды сатады, ал бағалы металдар өндірісінің субъектілері тазартылған алтынды ҚҚС-мен ҚР Ұлттық Банкіне-0% - ды сатады.
Осыған байланысты, бағалы металдардың баға белгілеу ерекшелігін назарға ала отырып, ҚҚС ставкасына баламалы елеулі ақша қаражаты жыл сайын ҚҚС ретінде төленеді және кейіннен бюджеттен қайтарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет