412-бап. Жалпы ережелер
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
…
8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар.
Осы тармақша патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын тұлға сатып алушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері арасында азаматтық-құқықтық мәмілелер жүзеге асырылған кезде қолданылады;
…
10) Жоқ
11) Жоқ
…
7. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Мынадай:
1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі;
…
14. Осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып Бұл ретте осы баптың 13-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны бойынша жүзеге асырылады.
Осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе шот-фактураны осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау жөнінде қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көрсетілген салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осындай талапты орындауға міндетті.
|