413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері
...
2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күні немесе одан кейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
|
413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері
...
2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен кейінгі бір күн ішінде немесе күнтізбелік жүз тоқсан бес күн ішінде жүзеге асырылады.
|
Сатып алушылардың шот-фактураларды жазып беру үшін өтініш беру мерзімін регламенттеу жөніндегі ұсынысқа байланысты (412-баптың 14-тармағы) тиісінше сатушының ШФ жазып беру мерзімін көздеу ұсынылады.
|
|
424-бап
|
424-бап. Салық декларациясы
…
4. Осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын осындай есептен шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап осындай есептен шығарылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Жоқ.