440-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау
…
5. Салық салынатын импорт болып табылмайды:
…
Осы тармақтың ережелері тауарларды уақытша әкелу кезінде қолданылады:
1) жылжымалы мүлікті және көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;
2) көрмелер мен жәрмеңкелерге.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген (әкелінетін) тауарлардың болу мерзімі осындай тауарлар әкелінген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс. Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 387-бабының 2-тармағында көзделген Халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.
Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, мұндай тауарларды әкелу салық салынатын импорт деп танылады және осындай тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде есепке қабылданған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Салық кодексінің 440-бабының 5-тармағына сәйкес қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей кейіннен ҚР аумағынан әкетілетін тауарларды ЕАЭО елдерінен ҚР аумағына уақытша әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.
Бұл ретте, әкетілмеген жағдайда бұл тауар импортқа ҚҚС төлеу қажеттілігімен импортталған ретінде қаралатын болады.
Сонымен қатар, ҚР қолданыстағы заңнамасында мұндай тауарларды әкету мерзімі регламенттелмеген.
"Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы №131 бұйрығына сәйкес тауарларды уақытша әкелу кезінде хабарламада шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды болжамды әкету күні көзделген.
Тауарларды уақытша әкелу (әкету) туралы хабарламаларды талдау қорытындылары бойынша салық төлеушілер салық заңнамасының ережелерін жалдау шарттарын ұзарту жолымен пайдаланатыны, әкелінген тауар/жабдық үшін жанама салықтар төлемейтіні (табыс алу мақсатында) анықталды, бұл импортқа ҚҚС-ның толық түспеуіне әкеп соғады.
Сонымен қатар, талап қою мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеуші тауарды сата алады және импортқа ҚҚС төлемеуі мүмкін.
Осыған байланысты, ҚР аумағында уақытша әкелінген тауарлардың болуын бақылау мақсатында мұндай тауарлардың болу мерзімін 2 жылдан аспайтын мерзімге заңнамалық регламенттеу ұсынылады.
Бұл ескерту есеп комитетінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша жүргізген аудитінің нәтижелері бойынша да атап өтілді.