Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»


-тарау. БАСҚАРУДЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата13.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4009
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

27-тарау. БАСҚАРУДЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
      457-бап. Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
                мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
                заңнамасын бұзу
      1. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан 
Республикасының 
 белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тiркеуге ұсынбауы 
заңнамасында

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лауазымды адамның белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған, 
белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған, қолданысқа енгізілмеген не қолданысын уәкілетті орган
тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтiк 
құқықтық актiнi қолдануы 

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      458-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,
                Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын
                пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
                Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау
                тәртiбiн бұзу
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және 
орындау 

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. 
 пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды 
Мемлекеттiк рәміздерді
пайдаланбау 

      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан 
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер 

      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      459-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн
                кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу
      Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн 
 тәртiбiн:
кейiннен ресми жариялау
      1) олар жариялайтын мәтіндердің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 
эталондық бақылау банкіне сәйкестігіне сараптамадан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердiң 
мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау;
      2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне 
дәлме-дәл сәйкестікте жарияламау;
      3) қолданысқа енгізу күнін көрсетпеу;
      4) жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспасөз басылымының түсініктемелерімен 
нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау түрінде жасалған бұзушылық 

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
       460-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
                 тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге 
құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан 
Республикасының 
 белгіленген мерзімін бұзуы 
Заңында

      жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.

      461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
      Ішкі істер органы шығарған 
 бұзу -
қорғау нұсқамасын
      ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау
                және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына
                өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына
                кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және
                өзге де талаптарды орындамау
      1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды
адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi 
құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және 
өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстардың есепке алыну 
аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың 
шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын 
пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, 
тексеру, түгендеу, сараптамалар және заңнамада көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге 
жiберуден бас тарту түріндегі кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер 
келтiру не анық емес ақпарат беру 

      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

      жеке тұлғаларға   жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 

коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне 
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
– 
соғады.
      3. Осы Кодекстің 

 көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк 
162
227-баптарында
бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды 
адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, 
қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау 

      белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып не қызметті немесе 
жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, 
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау органдары анықтаған бұзушылықтарды 
жою бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратты бермеуі не уақтылы бермеуі –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы Кодекстiң 
 екiншi бөлiгiнде, 
 бiрiншi бөлiгiнде көзделген 
625-бабының
626-бабының
жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып 
тастау 

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      Ескертпе жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 343-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
 
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
 енгізіледі).

      Ескертпе. 
      1. Жеке тұлға қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық 
деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстардың, судың есепке 
алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін осы баптың 
бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      2. Мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік 
қоғамдарды, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы 
холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және 
олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға, қажеттi 
құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және 
өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен 
жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі 
туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына 
шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан төмен барабар көлемде тұтынатын болса, осы баптың 
бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      463-бап. Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама
                жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен
                айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)
                жүзеге асыру
      1. Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, 
рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, 
сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын 
іс-әрекет белгiлерi болмаса, 

      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не 
онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге
де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірісті (дивидендтердi
), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке 
тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша 
тәркiлеуге әкеп соғады.
      Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 
Қазақстан Республикасының 
 сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға
Заңына
және валюталық операцияларды тіркеуге, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар 
туралы» Қазақстан Республикасының 
 сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.
Заңына
      464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының 
 белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның 
заңнамасында
iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу 

      белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке 
тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік 

субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы 
баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап
жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі 
өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймау

      белгiлi бiр қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 464-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу
      1. Рұқсат беру мерзiмiн бұзу 

      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы 
 белгiленген 
заңнамасында
тәртiптi бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас тарту 

      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан 
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

      лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      466-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды
                мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
                өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын
                бұзу
      1. 
 көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта 
Заңнамада
тiркемей, қызметтi жүзеге асыру 

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламау

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      467-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға
                қосымшаны қайтармау
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап он 
жұмыс күні ішінде лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға 
қайтармауы 

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      468-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру
                нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
                заңнамасын бұзу
      1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған 
мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық 
тiзiлiмдерi туралы 
 белгіленген міндеттерді:
заңнамасында
      уәкілетті орган:
      1) тіркеуші органдар өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру 
нөмірін қалыптастырмау;
      2) тіркеуші мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер өтініш берген кезден 
бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ақпарат бермеу түрінде жасаған;
      тіркеуші орган:
      1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай 
мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынбау;
      2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін 
толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер
келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
      3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау 
немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп 
түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау түрінде жасаған;
      мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:
      1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін 
толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні 
ішінде ұсынбау;
      2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау 
немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп 
түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де 
сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу түрінде жасаған;
      банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
      сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру алгоритміне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақыламау 
түрінде жасаған орындамау не тиісінше орындамау -
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      469-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және
                оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
                қызметке қойылатын талаптарды бұзу
      1. Жеке немесе заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға 
техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 
 қойылатын талаптарды бұзуы –
Заңында
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк 

жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
      қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш 
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      470-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі
                саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы 
:
заңнамасын
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік күзетілуге жататын 
объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау 
және (немесе) тиісінше орындамау;
      2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетел қатысатын заңды тұлғаларға, шетелдіктерге, сондай-ақ 
азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыру; жеке күзет ұйымдарын құру 
немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болу; сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы 
болу құқықтарын беру;
      3) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымына «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы
 Заңының 10-бабы 
 талаптарына сай келмейтін адамдарды қабылдау;
6-тармағының
      4) күзетшіні өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оның жеке басын және жеке күзет
ұйымына тиесілі екенін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен және арнаулы киіммен 
қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау;
      5) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
 көзделген 
 7-1-бабында
шектеулерді сақтамау;
      6) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымын атқаратын жұмыскерлердi даярлау және 
олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының 
 
заңнамасында
белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде 
көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -
      қызметке тыйым сала отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      471-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 
№ 412-V
 Заңымен (01.01.2017
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
      471-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де
                уәкiлеттi мемлекеттік органдардың Қазақстан
                Республикасының салық заңнамасында белгiленген
                мiндеттердi орындамауы
      1. Қазақстан Республикасының салық 
 сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың 
заңнамасына
немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бюджетке аударуына жататын салықтардың және бюджетке 
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің сомаларын осы бөлiкте көрсетiлген органдардың аудармауы
, уақтылы немесе толық аудармауы -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 
№ 412-V
 Заңымен (01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
      2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында 
айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік 
органдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері
бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды 
орындамауы 

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) 

      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      471-бапты ескертумен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 
№ 412-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
      
Ескерту. 471-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      472-бап. Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда
                жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
                келіп түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi
                пайдалану қағидаларын бұзу
      1. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi, атап айтқанда:
      1) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
      2) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді;
      3) тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттар бар көмбелерді;
      4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға немесе оған 
теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы 
мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды;
      5) заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда республикалық меншікке өткен 
мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар 
мен көлік құралдарын;
      6) белгіленген тәртіппен қараусыз қалған деп танылған мүлікті;
      7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, оның ішінде иесіз мұраны;
      8) олжаларды; 
      9) қараусыз қалған жануарларды уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер
бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, 

      жеке тұлғаларға – сегiз, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу, сақтау,
бағалау және өткізу 
:
тәртiбiн
      1) мемлекеттің меншік құқығының туындағанын куәландыратын құжаттардың сақталуын 
қамтамасыз етпеу;
      2) аукционды ұйымдастырушыны аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметтер 
көрсетуді мемлекеттік сатып алу арқылы таңдамау;
      3) ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті жоймау;
      4) осындай мүлікті өткізуден түскен сомаларды мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармау 
түрінде жасалған сақтамау -
      лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
      Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан Республикасының салық 
 
заңнамасында
белгіленген тәртіппен өздеріне мұндай мәліметтер туралы белгілі болған тұлғалардың кәсіптік 
немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі 

      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      474-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың
                (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін
                басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, сол
                сияқты мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай
                тұрып, белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруы
      1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін
басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген 
заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы 

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заңнамалық 
актiлерде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi 
төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында 
көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы 

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан 
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

      лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      475-бап. Салық есебiне қоюдан бас тарту немесе салық
                есебiне қою мерзiмдерiн бұзу
      1. Салық төлеушiнi тiркеу есебiне немесе салық төлеушiнi қосылған құн салығына салық 
төлеушi ретiнде есепке қоюдан бас тарту, сол сияқты мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының
салық 
 белгiленген мұндай тiркеу (есепке алу) мерзiмдерiн бұзуы 
заңнамасында

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      476-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
      Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу 
немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен 
өкімдерін:
      1) келу мен кетудiң ерекше режимi; 
      2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң 
пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;
      3) жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар,  сондай-ақ ойын-сауық, спорттық 
және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;
      4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
      5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік 

iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;
      6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;
      7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және
бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық 
құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды қамтамасыз ету 
жөнiндегi шаралар;
      8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;
      9) көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу;
      10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген 
рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын
куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер 
бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 

      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес 
тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      477-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізу
                аймағында құқықтық режимді бұзу
      Терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген құқықтық режимді бұзу 
немесе талаптарды:
      1) келу мен кетудің ерекше режимі;
      2) жеке тұлғалардың жергілікті жердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жүруіне 
тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі келтіру;
      2-1) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз 
терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және 
бейнетүсіруді жүзеге асыруы;
      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын жете 
тексеруді және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді
жүргізуге кедергі келтіру;
      4) байланысты пайдаланудың ерекше қағидаларын;
      5) егер кешеуілдеу адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін 
болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм 
актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген 
адамдардың ізіне түсу және оларды ұстап алу үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі келтіру;
      6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
      7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке 
тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі келтіру;
      8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және 
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
      9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы 
тұрғын және өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану 
құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі келтіру;
      10) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы 
заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық заттар мен 
прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнім айналымының ерекше режимін орнату бөлігінде 
орындамау -
      қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      
Ескерту. 477-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 
№ 343-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті
                бұзуға итермелейтiн әрекеттер
      Құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн немесе ұлттық және дiни алауыздықты қоздыратын 
әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн
жүзеге асыруына белсендi кедергi келтіру, сол сияқты қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк
мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындайтын iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары 
қызметкерiнiң, әскери қызметшінiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерiне немесе 
талабына қаскөйлікпен бағынбау не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын 
әрекеттер, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған әкiмшiлiк қадағалау туралы 
 бұзу 
заңнаманы

      қырық айлық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі 
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен
                жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар
                туралы хабарламау
      Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және 
басқа да адамдардың қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер 
мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламауы 

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      480-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау
                туралы заңнамасын бұзу
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын
немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы –
      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiккке дейiнгі 
мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
      481-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде,
                арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым
                салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы 
мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және 
есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да 
нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену 

      ескерту жасауға немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып 
табылған зат тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 

iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, 
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгі мерзімге 
әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
     482-бап. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз
               иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып
               жүруi, тасымалдауы
      1. Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, 
сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден 
асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау –
      қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
      қару тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Заңсыз сақталған қаруды өз еркiмен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерiнде 
өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
      483-бап. Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды
                қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу,
                пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау,
                оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
      1. Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы 
саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және 
оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда 
жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы –
      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, 
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он
, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан 
тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi  4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып 
алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу –
      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, 
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 
жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан 
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, 
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      484-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын
                сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау
                қағидаларын бұзу
      1. Қаруды сақтауға, алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың 
, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын 
азаматтық қаруды
бұзуы 

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қызметтiк қарудың, оның патрондарының сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң оларды 
сатып алу, сақтау немесе тасымалдау 
 бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және
қағидаларын
оның патрондарын өз мақсатында пайдаланбауы 

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      485-бап. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану
      1. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану 

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет 

      қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      486-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта
                тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу
      1. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн не оны есепке қою 
:
қағидаларын
      1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып 
жүруге рұқсат алу;
      2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту 
туралы iшкi iстер органына өтiнiш жасау;
      3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер 
органын хабардар ету;
      4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер 
органдарына өтiнiш жасау;
      5) заңды тұлғаның қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi 
iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзудан көрінген бұзу 

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет 

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      487-бап. Азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн
                тапсырудан жалтару

      Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылған 
жеке тұлғалардың оларды өткізу үшiн тапсырудан жалтаруы 

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      488-бап. Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды,
                митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен
                демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу
                тәртiбi туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, 
демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы 
 бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi келтіру, сол сияқты заңсыз 
заңнамасын
жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысу, 
егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, 

      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға, лауазымды адамдарға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он 
тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.
      2. Ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының санкцияланбаған жиналысқа, 
митингіге, пикет қоюға, демонстрацияға немесе өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысушыларға үй-жай 
не өзге де мүлiк (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдық, көлiк) беруi немесе осындай 
iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар жасауы 

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза шаралары 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не жиналысты, митингiнi, шерудi, 
демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған әрекеттер –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге
әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
      488-1-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық
                  мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді
                  ұйымдастыру тәртібін бұзу
      1. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді 
ұйымдастыру тәртібін жергілікті атқарушы органдарға мәдениет туралы және дене шынықтыру және 
спорт туралы заңнамада көзделген ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу түрінде бұзу –
      жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елу айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 27-тарау 488-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.01.2016 
№ 446-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер
                туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан
                Республикасының заңнамасында белгіленген
                тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни
                бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау,
                қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

      1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық 
 жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер 
бiрлестiктердiң
жасауы –
      ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан 
Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы –
      ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге
тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұрып, заңды 
тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген 
бұзушылықтарды жоймау –
      қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды 
тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды 
қаржыландыруы -
      заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – төрт жүз, заңды тұлғаларға 
екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы -
      заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, 
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Саяси партияның қаржылық қызметi туралы жылдық есептіліктi Қазақстан Республикасының 
 белгiленген мерзiмдерде және көлемде жарияламау –
заңнамасында
      саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата тұрып, екі жүз айлық eceптiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Қазақстан Республикасының 
 көзделген жағдайларда, саяси партияның, оның 
заңнамасында
құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге  
асыруы –
      саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты 
қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған 

 қызметіне 
қоғамдық
дiни бiрлестiктердiң
басшылық жасау –
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты 
қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне 
қатысу –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты 
қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн 
қаржыландыру –
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет